🌐 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! 🌐
✅2025 жылдың алғашқы сауда-экономикалық миссиясын жариялаймыз!
📈 2025 жылдың 15-16 ақпан аралығында Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) сауда-экономикалық миссиясын өткізу жоспарлануда!
🚀 Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ
🌐 Өтетін орны: Тегеран қ., Иран
🎯 Іс-шараның мақсаты: Қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнату және сауда қатынастарын жандандыру, екіжақты кездесулер өткізу.
💼 «QazTrade» АҚ өңделген дайын өнімді өндіруші-қатысушылардың келесі шығындарын өтейді:
* Қатысушылар үшін тұру (бір компаниядан бір адамнан артық емес);
* Қабылдаушы елде ішкі трансфер;
* B2B келіссөздер кезінде аудармашылар.
🌐 Басқа шығындарды (ұшу, күнделікті жәрдемақы және т.б.) қатысушылар өздері өтейді.
🌍 Бұл неліктен маңызды? Шара Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, тәжірибе алмасу және екі елдің кәсіпкерлері арасындағы байланыс алаңы болмақ.
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: Егер Сіз халықаралық ауқымда бизнесті дамытқысы келетін кәсіпкер болсаңыз, өтінімдеріңізді 2025 жылдың 27 қаңтар сағат 18:00-ге дейінгі мерзімде жіберіңіз.
📝 СЭM-ге тіркелу келесі сілтеме арқылы: https://forms.gle/1g9iszH4DpUouXWM8
📞 Толық ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
* 📧 Асель Байболова: +7 775 230 0982;
* 📧 Жанара Акбердиева: +7 702 435 7799;
* 📧 Айсауле Жалмұхамбетова: +7 702 702 9797.
🚀 Сіздің кәсібіңіз үшін жаңа мүмкіндіктерді бірге ашайық! 🌍 #QazTrade #ExportKazakhstan #TEMTegeran2025#БизнесМүмкіндіктері