QazTrade ғаламдық электронды сауданың дамуын талқылады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade ғаламдық электронды сауданың дамуын талқылады

2021 жылдың 28 сәуірі мен 11 мамыры аралығында QazTrade АҚ қызметкерлері Қытай тарапының шақыруымен ШЫҰ елдерінің электрондық сауда саласындағы ынтымақтастығы бойынша бірқатар семинарларға қатысты.

Семинардың мақсаты қазіргі заманғы тенденциялар мен электрондық сауданың даму әлеуетін талқылау, сондай-ақ Қытайдың электронды сауда саласындағы мемлекеттік саясатын практикалық кейстер арқылы қарастырылды.

Семинарлар барысында Қытайдағы электронды сауда саласын дамыту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, электронды сауданы дамыту бойынша кешенді мемлекеттік шараларды іске асыру мақсатында құрылған «Янлинг» қытайлық электронды сауданың мемлекеттік қызмет көрсету орталығы туралы кейс қаралды: Қытайда қолданылатын негізгі модельдер, инвестициялық преференциялар электронды сауданың қатысушылары үшін Қытайдың трансшекаралық сауданы дамытудағы жобалары.

Сонымен қатар, ШЫҰ басқа мүше-мемлекеттердің өкілдерімен талқылау барысында «Пинхаого» (Pinhaoguo), «Шаньго» (Shaanguo), «Алибаба» (Alibaba), «Цзиндун» (JD.com), «Сунин» (Suning), «Цзытэ Тяодун» (ByteDance) және «Тэнсюн» (Tencent) сияқты қытайлық электронды коммерциялық компаниялардың 30-ға жуық практикалық жағдайлары қаралды.

ЮНКТАД бағалауы бойынша ғаламдық электронды сауданың (B2B және B2C) сатылымы 2019 жылы шамамен 26,7 трлн. АҚШ долларға жетті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда шамамен 4% артық (25,6 трлн. АҚШ доллар). Әлемдік B2B электрондық коммерциясының болжамды құны 21,8 трлн. АҚШ долларды құрады, бұл барлық электрондық сауданың 82%-ын құрайды, оның ішінде онлайн-нарық платформалары арқылы сату да, электронды деректер алмасу операциялары да бар. B2C электрондық коммерциясының сатылымы бойынша алғашқы үштікке Қытай, АҚШ және Ұлыбритания кіреді. Сондай-ақ, ЮНКТАД-2020 индустриясының нәтижелері туралы есепке сәйкес, осы саладағы 11 ірі әлемдік компаниялардың 4-і қытайлық компаниялар, олардың жалпы сатылымы 1,8 млрд. доллар қурайды.

Бұл семинарға Ауғанстан, Беларуссия, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен даму институттарының өкілдері қатысты. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар электронды сауда саласындағы біліктіліктерін растайтын сертификаттар алды.

Пікір қалдыру