Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үрдістері - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үрдістері

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ

Жеңіл өнеркәсіп саласы ерекше әлеуметтік-экономикалық маңыздылық болып саналады, себебі халық арасында, әсіресе нәзік жандылар арасында жұмыспен жоғары  қамтуды қамтамасыз етеді. Саланың маңыздылығы  – тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіптің азық-түлік өнеркәсібінен кейін екінші орында тұруы.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің негізгі әлемдік өндірушілері Қытай және Үндістан сияқты елдер болып табылады. Қытайдың үлесіне матаның әлемдік өндірісінің 40%, жіптердің әлемдік өндірісінің 64%, маталардың әлемдік өндірісінің 41%, киім-кешектің әлемдік өндірісінің 50% келеді. Үндістандағы жеңіл өнеркәсіп 45 миллион адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, елде көлемі бойынша екінші жұмыс беруші болып табылады.

Әлемдің ЖІӨ-да жеңіл өнеркәсіптің үлесі шамамен 3% құрайды, бұл ретте ірі өндіруші елдерде көрсеткіш 10% көрсетті.

Қазақстанда саланың экономикаға әсер етуі шамалы дерлік  – Экономиканың басқа салаларына қатысты ЖІӨ құрылымында 0,2% және жалпы жұмыспен қамтудан  0,3%, сонымен қатар оның өңдеу өнеркәсібіндегі меншікті үлесі – 1,2%-тен көп емес.

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп шынайы өрнекте 1,5 есе өсті.

2019 жылы отандық жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 13,5%-ке  өсті және 112,7 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіпте саланың үлесі 0,4% құрайды. Жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндірісінде негізгі үлесі текстильді бұйымдарды (36,6%) және киім-кешекті (35,2%), былғары өнімдерді (16,2%) және аяқ киімді (8,2%) қамтиды.

Қазіргі таңда Қазақстан шикізаттың бастапқы өңдеуін, сонымен қатар дайын өнімнің шығаруын жүзеге асырады. Бұл үш негізгі топ біріктірілуі мүмкін кешенді сала:текстильді, тігін, соныменқатарбылғары, теріжәнеаяқкиім. Жеңіл өнеркәсіп құрылымында ең көп меншікті салмақ текстильді өнім (36,6%) жәнетігін бұйымдары (35,2%) құрайды.

2009 жылдан бастап  жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісінің өсу жағына тұрақты арту тренді байқалады. Сөйтіп, мысалы, текстильді бұйымдар өндірісі 2011 жылданбастап 18,1 млрд. теңгеден 60,2 млрд. теңгегедейінөсті, ал бұл өсімнен 3,3 есе артады.

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ

Жеңіл өнеркәсіп өнімнің физикалық көлемінің индексі 2020 жылғы қаңтар-маусымда 2019 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 108% құрады. Салада өсім текстильді өнеркәсіп (8,4%), киім-кешек және былғарыдан жасалған бұйымдар (2,1%) және аяқ киім(6,6%) өндірісінің артуы есебінен байқалады.

2019 жылішінде ҚР өңірлерібойыншажеңілөнеркәсіпөнімініңөндірісі

Негізінде жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндірісі Алматы, Түркістан облыстарын да және Шымкент пен Алматы қалаларында шоғырландырылған. Өндірістің ең төменгі көрсеткіші – Батыс-Қазақстан облысында 886,9 млн. теңге.

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САУДАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2020 жылғы бірінші жарты жылдық ішінде COVID-19таралуының себебімен карантинді шаралардың енгізілуіне байланысты әлемде қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің экспорты 2019 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 50% аса төмендеді. Алайда, өнім экспортын қысқартуға тренд салада жүйелік проблемаларға байланысты 2018 жылдан бастап байқалады. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімінің шамамен 10% экспортқа кетеді. Шамамен жеңіл өнеркәсіптің 30 қазақстандықкәсіпорныбелсенді экспортшылар болып табылады.

Сонымен 2020 жылғы бірінші жарты жылдық ішінде COVID-19пандемиясы себебімен Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің импорты біршама қысқарды (-13,2%). Алайда 2017 жылдан бастап, импорт 2019 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда әжептәуір өсім көрсетті  (43%). Тұтынушылық нарықта жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 93% – бұл импорттық тауарлар.

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САУДАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Жеңіл өнеркәсіп экспортының құрылымында негізгі үлесті текстиль – 70% астам, сонан соң тері мен оданжасалғанбұйымдар – 12% жәнекиім-кешекзаттары – 11% астам алады. Қазақстан өнімін өткізудің негізгі нарықтары Қытай(39,4%), Ресей(37,4%), Қырғызстан(5,2%), Италия (4,8%), Литва (4,4%), Өзбекстан(1,5%)болып табылады.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі өнімінің негізгі экспортқа бағдарланған өңірлері  – бұл  Шымкент және Алматы қалалары. 2019 жылы осы екі қаладан жиынтықта 73,7 $ млн. сомасына өнім экспортталды. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 22,6 $мың.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕЖЕУШІ ФАКТОРЛАРЫ

#CASE:ТЫЙЫМ САЛУЛАРДЫҢ ІҚМ ТЕРІЛЕРІН ШЫҒАРУҒА ӘСЕР ЕТУІН ШОЛУ

Қазақстанның былғары кәсіпорындарын қолдау мақсатында 2016 жылғы қазаннан бастап по 2017 жылғы сәуір айына дейін (6 ай) ІҚМ-ның өңделмеген терілерін әкетуге тыйым салу әрекет етті (ҚР ИДМ-ның 2016 ж. 15 тамыздағы № 607).

Осыған байланысты, статистикалық деректерге сәйкес 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы экспорттың 10,8%-ке төмендеуі, сондай-ақ импорттың 43,9%-ке көбеюі байқалады.

Алайда, тыйым салу алынған соң 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстаннан ІҚМ экспорты 44,1%-ке күрт өсті. Бұдан басқа, 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін терілердің импорты күрт төмендеді (-82,2%).  Десе де, 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін экспорттың 16,3%-ке төмендеуі орын алады.  

Қазақстанның былғары зауыттарының мәлімдеуі бойынша, олар шикізаттың тапшылығы салдарынан жабылу үстінде. Осыған орай, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету және тұрып қалға өндірістік қуаттылықтардың жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында, 2019 жылғы 19 ақпанда 6 ай мерзіміне (2019 жылғы 10 қыркүйекке дейін) Қазақстанда ІҚМ-ның өңделмеген терілерін әкетуге кезекті тыйым салу енгізілді (ҚР ИИДМ 2019 ж. 19 ақпандағы  №89).

Бұдан басқа, 2019 жылы Қазақстан 5 жыл мерзімге дейін ҚР аумағында автомобиль көлігімен ІҚМ терілерін  әкетуге жаңа тыйым салу енгізді.

Терілерді әкетуге тыйым салуға, сонымен қатар COVID-19 таратылу себебімен карантинді шараларды енгізумен байланысты, терілердің экспорты 61,4%-ға төмендеді, ал импорт 74,4 мың АҚШ долларынан бастап 2,2 мың АҚШ долларына дейін азайды.

Алайда, 2020 жылғы 7 шілдеде Қазақстаннан 3 ай мерзімге ІҚМ терілерін шығаруға тыйым салу тоқтатылды. Қазіргі таңда Қазақстаннан ІҚМ терілерін әкетуге тыйым салудың тиісті әсер етпегенін атап өту қажет. Отандық былғары кәсіпорындарының жүктемесі бұрынғы деңгейде қалды.

ҚР МКК деректеріне сәйкес аталған сәтте ЕСА елдері үшін әкетілетін өңделмеген ІҚМ терісіне экспорттық баж 20%, бірақ біртоннаданкемінде 200 Еурожәнебасқа елдерге бір тонна үшін 300 Еуроқұрайды (30.11.2019 ж. бастап 29.11.2020 ж. дейін). ЕАЭО елдеріне әкету еркін жүзеге асырылады.

Пікір қалдыру