ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау алгоритмі - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау алгоритмі

ҚХР-ға өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттау алгоритмі

1. Кәсіпкер мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (АӨК-дегі МИК АИБ) кәсіпорынды шетелдік тізілімге енгізуге сұраныс жібереді.

2. АӨК-дегі МИК АИБ кәсіпкерге өтінімді толтыру үшін сауалнама мен кестені жібереді, содан кейін кәсіпкер толтырған материалдарды тексереді және толықтырады. (Өтінім еркін нысанда толтырылады)

3. АӨК-дегі МИК АИБ кәсіпкер мәлімдеген ақпараттың сәйкестігіне кәсіпорынның алдын ала инспекциясын жүргізеді.

4. АӨК-дегі МИК АИБ АШМ АӨК МИК-ке алдын ала инспекцияның қорытындысы бойынша оң қорытынды және толтырылған сауалнамалар жібереді.

5. АШМ АӨК МИК ҚХР-лің БКБ-ға өнімнің осы түрі бойынша бірнеше кәсіпорынның сұранымын, материалдарды, алдын ала инспекцияның оң қорытындысын және сауалнамаларды жібереді.

6. ҚХР БКБ ұсынылған материалдар бойынша тәуекелді бағалауды жүргізеді, оның қорытындысы бойынша кепілдік немесе БКБ инспекциясы бойынша тізілімге енгізу туралы шешім қабылданады.

7. ҚХР БКБ ҚР-дің карантиндік қызметінің (кебек, соя, жүгері, арпа, жоңышқа, рапс шроты, ұн, зығыр, бидай азықтық ұны) немесе БКӘ кепілдігімен тізілімге енгізеді, инспекцияның оң қорытындысы болған жағдайда тізілімге енгізеді.

8. ҚХР БКБ тізілім жариялайды – ҚХР-ға өнім жеткізуге құқығы бар кәсіпорындар тізімін. Кәсіпорын тізілімге енгізілген кәсіпкер өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін фитосанитариялық сертификат алады.

9. Кәсіпорын тізілімге енгізілген кәсіпкер өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін фитосанитариялық сертификат алады.

ҚХР-ға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау алгоритмі

1. Экспорттаушылар тізіліміне қалай кіруге болады?

Қазақстандық кәсіпорындарды ҚХР-ға Мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге құқығы бар ҚХР Бас кеден басқармасының (ҚХР БКБ) тізіліміне енгізу үшін кәсіпкерлердің іс-қимыл алгоритмі:

1. Кәсіпкер АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (ВБҚК) немесе ВБҚК аумақтық бөлімшесіне кәсіпорынды ҚХР БКБ тізіліміне – ҚХР-ға өнімді жеткізуге құқығы бар тіркелген шетелдік кәсіпорындардың тізіміне енгізуге сұрау жібереді.

2. ВБҚК кәсіпкерге өтінімді толтыру үшін сауалнама жібереді, содан кейін кәсіпкер толтырған сауалнаманы тексереді және толықтырады.

3. ВБҚКБ облыстық аумақтық инспекциясы (ВБҚКБ АИБ) кәсіпкер мәлімдеген ақпараттың сәйкестігіне кәсіпорынның алдын ала инспекциясын жүргізеді.

4. ВБҚК-нің АИБ АШМ ВБҚК-ге алдын ала инспекцияның қорытындысы бойынша оң қорытынды жібереді.

5. АШМ-нің ВТКН ҚХР БКБ-ға өнімнің осы түрі бойынша бірнеше кәсіпорынның сұрау салуын, сауалнаманы, ҚР Ветеринариялық қызметінің кепілдігімен тізілімге енгізу үшін немесе ҚХР БКБ көшпелі инспекциясының қорытындысы бойынша алдын ала инспекцияның оң қорытындысын жібереді

6. ҚХР БКБ ұсынылған материалдарға құжаттамалық талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша ҚР Ветеринарияық қызметінің кепілдігімен тізілімге енгізу немесе ГТУ көшпелі инспекциясын жүргізу туралы шешім қабылданады.

7. ҚХР БКБ тізілімге ҚР ветқызметінің (мысалы, балық) немесе БКБ кепілдігімен кіреді, инспекцияның қорытындысы бойынша инспекцияның оң қорытындысы болған жағдайда реестрге енгізіледі.

8. ҚХР БКБ тізілім жариялайды  – ҚХР-ға өнім жеткізуге құқығы бар кәсіпорындар тізімін.

9. Кәсіпорын тізілімге енгізілген кәсіпкер тауар партиясын экспорттауға рұқсат, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға арналған ветеринарлық сертификат алады.

Анықтама:

Бүгінгі таңда Қытаймен өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің 19 түрін, оның ішінде бидай, зығыр тұқымы, арпа, жоңышқа, жүгері, бидай кебегі мен жемді, рапс күнжарасын, бидай ұнын, соя бұршағын, балық өнімдерін, бал, жүн, сүт өнімдерін, жылқы тұқымдас жануарларды, союға арналған жылқы тұқымдас жануарларды, сиыр етін, қой етін және шошқа етін экспорттау бойынша қол қойылған хаттамалар бар. Қытайға экспорттау құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне барлығы 566 кәсіпорын, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша 486 кәсіпорын, мал шаруашылығы бойынша 80 кәсіпорын енгізілді.

КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

Қазақстаннан әкету үшін кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар:

– құрылтай құжаттарының көшірмелері;

– экспорттық келісімшарт (сатып алу-сату туралы келісімшарт);

– мәміле паспорты – келісімшарттың есептік нөмірін алу (банкте ресімделеді);

– шот-фактура / инвойс;

– көлік жүкқұжаты – CMR, RWB немесе AWB (логистикалық компания шығарған);

– орау парағы (өнім өндірушісі ұсынған);

– тауардың СЭҚ ТН кодын растайтын құжат (өнімді өндіруші немесе сараптама ұйымы ұсынады);

экспортного экспорттық бақылаудан өткенін растайтын құжаттар (мысалы, фитосанитарлық немесе ветеринарлық сертификат);

тауардың шығу тегі туралы сертификат.

ҚХР-ға әкелу кезінде кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар:

– экспорттық келісімшарт (сатып алу-сату туралы келісімшарт);

– шот-фактура / инвойс;

– көлік жүкқұжаты-CMR, RWB немесе AWB;

– орау парағы;

– тауардың СЭҚ ТН кодын растайтын құжат;

– тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттар (Ветеринарлық сертификат);

– тауардың шығу тегі сертификаты;

– жапсырманың түпнұсқасы және оның қытай тіліне аудармасы;

құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы (COA)  – қытай тіліне аударылған;

– сынақ хаттамасы және оның қытай тіліне аудармасы (Analysis report);– шығарылған күні туралы сертификат (bottling date Certificate).

Пікір қалдыру