Ұн және макарон өнімдерінің экспорты бойынша ағымдағы жағдайды талдау - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Ұн және макарон өнімдерінің экспорты бойынша ағымдағы жағдайды талдау

Ұн өндірісі: экспортты арттыру әлеуеті

2020 жылғы қаңтар-шілде ішінде өндіріс көлемі 1,89 млн. тонна  ұн құрады, ал бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңінен 6,4%-ға (2,019 млн. тонна) төмен. 2019 жылы өндірістік қуаттылықтар 10,2 млн. тоннаны құрады, алайда олар 29%-ға жүктеліп, 2,9 млн. тонна ұн өндірілді. Ұн өндірісінің әлеуеті барлық қуаттылықтарды жүктеу кезінде 7 млн. тоннаны құрайды, ал бұл экспортқа өткізу нарықтарын кеңейту үшін мүмкіндіктер береді.

Ұн тарту саласының өндірістік күштерін орналастыру біркелкі бөлінбеген. Сөйтіп, 5 облысқа 70% аса бүкіл өндірістік өнім келеді – Ақмола облысы – 10,4%, Қарағанды облысы- 9,7%, Қостанай облысы – 28,8%, Солтүстік-Қазақстан облысы – 9,0% және Шымкент қ. – 12,1%, алайда, аталған астық егетін өңірлерде өндірістің құлдырауы байқалады.

Маңғыстау және Атырау облыстарында 2019 жылғы ұқсас қаңтар-шілде айлары кезеңімен салыстырғанда өндірістің 14 есе өсуі байқалады. Қызылорда облысында 2019 жылғы қаңтар-шілде айларында өндіріс тіркелмеген.

Сыртқы сауда айналымының теңгерімділігі және инвестициялардың бір теңгесінен қайтарым

«Ұн» өнімі бойынша сыртқы сауда айналымы теңгерімділігінің коэффициенті 0,98 немесе 1-ге тең, ал бұл экспорттың импорттан асып түсуін немесе импорттың көлемінің экспортпен салыстырғанда елеулі емес екенін білдіреді. Аталған коэффициент біріктірудің зор әлеуетін және аталған өнім бойынша экспорттың артуын және өнімнің жоғары сапасын білдіреді.

Макарондар өнімі бойынша бәсекеге қабілеттік индексі 0,09-ға тең, ал бұл сыртқы сауда айналымының толық теңгерімділігін білдіреді (нөлге тең коэффициент), экспорттың импортқа теңдігі кезінде орын алады, бұл аталған тауар бойынша сыртқы сауда айырбастауы сауда жағдайлары мен мүмкіндіктерінің теңдігі кезінде орын алатынын білдіреді. Макарон өнімдерінің экспорты үшін сапаны арттыру және экспортты көбейту үшін инвестицияларды көбейту және өндірістік қуаттылықтарды жаңарту қажет.

Осыған сүйене отырып, аталған көрсеткіш инвестициялар өсімінің бірлігіне шаққанда экспорттың өсімін көрсетеді және ұн экспортының икемділік критерийі болып табылады және ұн өндірісінің экономикалық өсімінен және инвестициялық салымдардан тәуелділікті көрсетеді. Макарондар экспортының инвестициялық тартымдылығы кем болатын сала  болып саналады және қаржылық қолдаудың ұзақ мерзіммді шараларын қажет етеді. Аталған көрсеткішті есепке алып, ұн өндірісі, макарондар өндірісімен салыстырғанда, өндірушілер, сондай-ақ инвесторлар үшін тартымдылығы көбірек болып қалады, алайда қолдау шараларын және инвестицияларды тартуды көбейту кезінде, макарон өнімдерінің өндірісі қосылған құнның жоғары тізбегіне ие.

Дереккөз: «QazTrade» ССДО АҚ есептері

Ұн өндірісі: экспортты арттыру әлеуеті

Ағымдағы жылғы 22 наурыздан 1 маусымға дейін ҚР-да халықтың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импорттаушы елдерде қазақстандық өнімге деген жоғары сұраныс қажеттілігімен ұн экспортына тыйым салулар мен шектеулер (квоталар) әрекет етті. (ҚР АШМ 2020 жылғы 22 наурыздағы № 103, 2020 жылғы 02 сәуірдегі № 111 бұйрықтары).

ҚР-да ұн өндірісімен тұтыну құрылымы, мың тонна

Элеваторлардың орташа жүктелуі 35-40% құрайды. Бұл ұн тарту өнеркәсібінің ЖТП жоғары өндірістік мүмкіндіктері және одан арғы өндірістің жоғары әлеуеті жайлы білдіреді.

Макарон өнімдері экспортының сын-тегеуріндері мен тосқауылдары

2015 жылдан бастап Қазақстаннан ұн экспортының 494 $млн. бастап 363 $млн. дейін немесе 26,5%-ға төмендеуге тренд байқалады.

Бұл ретте, ТЖ режимі кезінде азық-түліктік қауіпсіздікпен байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, бидай ұнының экспорты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылғы 6 айы ішінде жиынтықта өсім көрсетті. 2020 жылғы қаңтар-маусым ішінде Қазақстаннан ұнның экспорты 23,75%-ға  өсті және 198 $млн. құрады. Ұн бойынша экспорттық түсімнің физикалық көлемдердің азаю аясында өскенін атап өту қажет, ал бұл аталған өнімге бағалардың секірмелі өсімін дәлелдейді.

Қазақстанда бидай ұнының экспорты бойынша Қостанай облысы (37,4%) жәнеШымкент қ. (18%) болып табылады. 2019 жылы осы екі өңірден жиынтықта 201,1 $млн-ғаөнім экспортталды. Сондай-ақ Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бидай ұнының ірі жеткізушілері болып табылады. Олардың үлесіне бүкіл экспорттан 35% немесе 127,4$млн. келеді. Үш өңірде экспорт байқалмайды.

2019 жыл ішінде ҚР өңірлері бойынша ұн экспорты

2020 жылғы бірінші жарты жылдық ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бидай ұнының импорты елеулі өсім көрсетті (276,8%) және 1,6 $млн. құрады. Ішкі нарықтың ұнмен қамтамасыз етілуі өзге тауарлық топтар арасында жоғары деңгейде тұрғанын атап өту қажет. Өткен жыл ішінде ұнның импорты елдегі өндірістен 0,12%-дан аспады.

UN Comtrade деректеріне сәйкес негізгі импорттаушы елдерге қазақстандық ұнның жеткізулері орта есеппен аталған елдердің жалпыимпортынан 90% құрайды.

Макарон өнімдерінің жеткізулерін дамыту

Макарон өнімдерінің өндірісі кезінде қосылған құн орташа қайта өңдеу өнімдерін өндіру (бидай ұны) немесе шикізатты экспорттау кезінде қосылған құннан бірнеше рет асып түседі.

Қазақстанда макарон өнімдерінің салыстырмалы түрде үлкен көлемі өндіріледі. Экспорт 2019 жылы 29 млн. АҚШ долл. астам құрады. Бұл ретте, тауарлық позицияның экспорты өндірістен 20% құрайды, ал бұл макарон өнімдері өндірісінің және экспортын көбейтудің үлкен әлеуетін көрсетеді.

  • Макарон өнімдері экспортының көлемдері соңғы екі жыл ішінде 2 есеге жуық артты.
  • Макарон өнімдерін өндірудің негізгі компоненттері ішкі нарықта кең қолжетімділікте бар (ұн, су, өзге қоспалар)

Макарон өнімдері саудасының көрсеткіштері

Макарон өнімдерінің экспорттық жеткізулері 2020 жылғы маусым ішінде 21,2 $млн. құрады, ал бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңінен гөрі 58,2%-ке көп. Сонымен бірге, соңғы бес жыл ішінде макарон өнімдері экспортының 10,6 $млн. бастап 29,1 $млн. дейінгі оң динамикасы байқалады (өсім 174,5%), ал бұл шетел нарықтарында отандық өнімінің бәсекеге қабілеттігінің өсуін дәлелдейді.

2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде макарон өнімдерінің импорты 6,3%-ға 41,5 $млн. бастап 28,9 $млн. дейін біршама төмендеуді көрсетті. Алайда, COVID-19 пандемиясымен тудырылған шектеу шараларына қарамастан, макарон өнімдерінің 2020 жылғы бірінші жарты жылдық ішіндегі импорты 17,9 $млн. құрады, ал бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңінен гөрі 15,5%-ға көп (15,5 $млн.).

ҚХР-да макарон экспортын арттыру әлеуеті

Соңғы үш жылда Қытайда макарон өнімдерін тұтыну көлемі орта есеппен 6%-ға өсім көрсетті, бұл ретте 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін импорттың өсу ырғақтары – 9% құрады. Алайда, Қытайда ҚР экспортының жалпы көлемнен 1%-дан көп құрамайтынын есепке алып, Қытайда экспорттау үшін өндірісті арттыу қажет. Осылайша, 2019 жылы 370 тонна өнім экспортталды. Қытай нарығының сыйымдылығын және ҚР-да өндіріс мүмкіндіктерін есепке отырып, аталған нарықты отандық компаниялар үшін қарау қажет.

Макарон саласына инвестицияларды тиімді салған кезде қуаттылықтарды толықтай жүктеу әлеуеті болады, бұл ретте ішкі тұтыну есепке алынады (2019 жылы ішкі нарықта 153 мың тоннаға өткізу). Сараптамалық қоғамдастықтың бағалау өсімін есепке алып, ҚР-да макарондарды тұтынудың орташа өсімі соңғы жылдары 13% құрады. Аталған факторларды есепке алып, 47% немесе 166 мың тонна өнім жүктелу кезінде макарон өндірісінің әлеуетінде қуаттылықтарды толықтай жүктеудің үш сценарийі бар (орташа экспорттық құны бір тонна үшін 665 доллар). Сонымен қатар Қытайдың нарығына шығу үшін өндірістік қуаттылықтарды жаңарту, макарон өнімдерінің желісін кеңейту, Қытайдың қажеттіліктері үшін технологиялық процесті реттеу және қолдау шараларын күшейту.

1-ші сценарий –10%-ға қуаттылықтарды толықтай жүктеу кезінде экспорттың өсімі 16,5 млн. долларды құрайды немесе экспорттың 56 процентке өсуі.

2-ші сценарий –20%-ға қуаттылықтарды толықтай жүктеу кезінде экспорттың өсімі 39,7 млн. долларды құрайды немесе экспорттың 1,37 есе өсуі.

2-ші сценарий – 30%-ға қуаттылықтарды толықтай жүктеу кезінде экспорттың өсімі 62,8 млн. долларды құрайды немесе экспорттың 2,1 есе өсуі.

Дереккөз: «QazTrade» ССДО АҚ есептері

Макарон өнімдері саудасының көрсеткіштері

2019 жыл ішнде ҚР өңірлері бойынша макарон өнімдерінің экспорты

Макарон өнімдерінің экспорты бойынша Алматы (33,7%), Қостанай (13,4%) және Павлодар (12,2%) облыстары болып табылады. 2019 жылы  осы үш өңірде жиынтықта 17,2 $млн. өнімі экспортталған. Сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Қарағанды облыстары макарон өнімдерінің ірі жеткізушілері болып табылады. Олардың үлесіне бүкіл экспорттан 36,8% немесе 10,7 $млн. келеді. Қызылорда облысында экспорт байқалмады.

2020 жылға арналған (қаңтар-маусым) бірыңғай экспорттық себет. Макарон өнімдері

Макарон өнімдерінің тұтынушылары  ҚР және РФҚР көлемі 2020 ж.қаңтар-маусым мың$РФ көлемі  2020  ж. қаңтар-маусым мың$Жалпы өсім/ысырап   мың$Жалпы экспорт 2020 ж. мың$Жылдық сұраныс, млн.$ өсім үшін әлеует
 ӘЗЕРБАЙДЖАН1 917,3583,91 91711,1  
 АУҒАНСТАН300,6-342,23001,1  
 БАНГЛАДЕШ0,9  0,9  10,1  
 БОЛГАРИЯ98,4-23,49814,0  
 ГЕРМАНИЯ205,783,9206791,3  
 ГРУЗИЯ473,54 132,3926,54 60612,3  
 ИЗРАИЛЬ225,433,722556,1  
 ҚЫТАЙ155,3370,1182,6525282,5  
 ЛАТВИЯ344,433,734414,5  
 ЛИТВА261,637,226219,5  
 МОЛДОВА14,41 087,8257,11 1024,6  
 МОНГОЛИЯ94,81 387,2-556,71 48224,4  
АҚШ239,41512391 017,1  
 ТӘЖІКСТАН4 422,51 452,51 059,55 87513,3  
 ТҮРІКМЕНИЯ1 904,7946,6815,12 8514,4  
 ӨЗБЕКСТАН5 076,62 933,53 1558 01012,1  
 УКРАИНА3 174,3404,43 17441,1  
  • Өнімнің тағы 1 деңгейге жоғары қайта өңдеуін арттыру үшін бірлескен кәсіпорындарды құру
  • Логистиканың оңтайлы есептеулермен ауғандық нарықты жабдықтау
  • Инвестицияларды тарту
  • Бірлескен кәсіпорындар шеңберінде өңірлік брендті жасау
  • Сыртқы нарықтарды бірлескен лоббирлендіру

Ауылшаруашылық өнімін экспорттауға арналған контейнерлік тасымалдар

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, Қазақстанда 2020 жылы Актау, Құрық, Алтынкөл, Достық, Сарыағаш, Болашақ, Оазис және Луговая станциялары арқылы контейнерлерде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды, ұн тарту-жарма өнеркәсібінің өнімдерін тасымалдау кезінде магистралдық теміржол желісі және локомотивтік тарту күші қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейіне төмендетуші коэффициенттер белгіленген, сондай-ақ пандемия кезінде қазақстандық өндірушілерді қолдау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылдың соңына дейін 48 сағаттан астам тұрып қалған жүктерді сақтау үшін 10 есе мөлшердегі алымның күшін жойды. Ыстамбұл конвенциясы шеңберінде контейнерлерді уақытша әкелу мерзімі 180 күнге дейін ұлғайды.

Контейнерлерде тасымалдаудың артықшылықтары

  • Элеваторда және астық сақтау орындарында (амбарларда) жүктеу нүсқалары;
  • Бұдан да үлкен арақашықтарға тасымалдау мүмкіндігі;
  • Бұдан да жоғары жылдамдықпен, «есіктер есікке дейін» және жөнелту жолында қайта жүктеу қажеттілігінсіз тасымалдарды жүзеге асыру мүмкіндігі;
  • Жүктің сақталуын қамтамасыз ету

Ауылшаруашылық өнімін экспорттауға арналған контейнерлік тасымалдар

Жылдам дайындалатын кеспенің нарығын талдау

Жылдам дайындалатын кеспенің импорты 2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңі үшін 4 592 $мың құрады, ал бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңінен гөрі 18%-ке көп. Егер 2019 жылғы қаңтар-маусымда сальдо – 497 $мың құраса, 2020 жылғы маусымда  сальдо – 1 592 $мың құрады. 2020 жылғы қаңтар-маусымда 3 000 $мың экспортталды, 2019 жылғы ұқсас кезеңінен гөрі 11,3%-ға кем.

Дүниежүзілік кеспе ассоциациясының деректері бойынша (WINA), Қазақстанда 2019 жылы тұтыну көлемі 250 млн. порцияны құрады. Кеспенің негізгі тұтынушылары Қытай, Индонезия, Үндістан, Жапония және Вьетнам болып табылады, олардың үлесіне әлемдік тұтынудың 67% келеді. Қазақстан әлемдегі жалпы тұтынудан 0,2% үлесімен 28-ші орны алады.

Отандық өнімнің маңызды бәсекелестік артықшылығы – жылдам кеспенің өзіндік құны Қытайдан гөрі Қазақстанда 60%-ға төмен болып табылады. Бұл ретте, жылдам кеспе өндірісі өндірістік желіге ірі жұмсалымдар, жабдық және жоғары білікті қызметкерлерді іріктеу қажеттілігі салдарынан макарон өндірісінен күрделірек және қымбатырақ болып саналады.

Пікір қалдыру