Тегеранда Қазақстанның Ирандағы сауда-экономикалық миссиясы аяқталды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Тегеранда Қазақстанның Ирандағы сауда-экономикалық миссиясы аяқталды

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде «QazTrade» АҚ ұйымдастырған миссияға машина жасау, тамақ, фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерін, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіретін 20-ға жуық қазақстандық компания қатысты.

СЭМ аясында QazTrade ұйымдастырған Бизнес-форум өтті . Форумға 150-ге жуық ирандық өндіруші компания, трейдерлер, сауда желілері, логистикалық компаниялар қатысты.

Форумда Иран тарапының ресми делегациясын: Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары және Иран Темір жолының Бас директоры, Иранның Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауылшаруашылық палатасының президенті, Иранның Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары және Иран Темір жолының Бас директоры бастады.

Екі күн ішінде қазақстандық бизнес 200 астам B2B кездесулер өткізді. Мәселен, Иран Chamber of Cooperation-да келіссөздер өтті. ҚР компаниялары ірі Shahrvand, MAF Pars (Hyperstar), Refah, ритейл-орталықтарында болды, ирандық азық-түлік сатып алушылармен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, машина жасау саласында жұмыс істейтін қазақстандық бизнес өкілдерінің EPC қауымдастығының мүшелерімен (14 ірі мұнай компаниясы), сондай-ақ теміржол компанияларымен кездесуі өтті.

Өнеркәсіп және сауда вице-министрі – Иран саудасына жәрдемдесу ұйымының басшысы Алиреза Пейман Пак хабарлағандай, Еуразия өңірінің елдері Иранның сыртқы саудасының басымдығы болып табылады, ал Еуразия елдерінің арасында Ресей мен Қазақстан ерекше позицияға ие болған.

Ирандық бизнес агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты. Бұл елдің сауда желілеріне қазақстандық тауарларды жеткізу туралы ғана емес, сонымен қатар ҚР аумағында экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды құру мүмкіндігі туралы болып отыр. Сонымен қатар, ирандық кәсіпкерлер қазақстандық кәсіпорын өндіретін жануарларға арналған азық қоспаларына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, В2В ынтымақтастығын жолға қоюды белсенді талқылау бағыттары машина жасау және фармацевтика болып табылады.

«QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұралы Бөкейхановтың айтуынша, Иран бизнесі қазақстандық тауарларға үлкен қызығушылық танытты.

– Ковидтік тыйым салулар мен Иранға қарсы тыйым салу шаралары Қазақстанның Иранға экспортын едәуір қысқартты. Алайда, осы жылдың басынан бастап экспорттық көлемдер біртіндеп қалпына келе бастады және оларды ұлғайту үшін үлкен әлеует бар. Бұл саудадағы қиындықтар тежеуші фактор болғанымен, процестерді тоқтатпайтындығының көрсеткіші болып табылады. Біз қазақстандық бизнес тарапынан Иран нарығына үлкен қызығушылық бар екенін және Иран тарапынан қазақстандық өнімге қызығушылық бар екенін көріп отырмыз. QazTrade компаниясы біздің экспортты осы бағытта ілгерілетуге барынша жәрдем көрсетеді, – деп хабарлады Бөкейханов.

СЭМ жұмысының екі күнінде Иранда 6 миллион долларға келісімшарттар жасалды.

Екі елдің бизнесі келіссөздерді онлайн форматта жалғастыруға келісті.

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкерлерді Тегерандағы технологиялық көрмеге өз өнімдерін ұсынуға шақырды.

Пікір қалдыру