Шанхайдағы халықаралық сауда көрмесінде Қазақстанның атынан 35 компания қатысады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Шанхайдағы халықаралық сауда көрмесінде Қазақстанның атынан 35 компания қатысады

Бүгін Шанхайда импорттық тауарлардың халықаралық көрмесінде (CIIE 2020) қазақстандық павильонның салтанатты ашылуы болып өтті. Рәсімге Қазақстанның Қытайдағы Төтенше Өкілетті Елшісі Ғабит Қойшыбаев, сыртқы сауда ұйымдарының, PricewaterhouseCoopers (PwC) компаниясының өкілдері, 30-дан астам ресми шетелдік делегация қатысты. ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов көрме қатысушыларына құттықтау сөзін жолдады.

Көрме 2020 жылғы 5-10 қараша аралығында өтеді және қазақстандық тамақ өнімдерінің Қытай нарығына тікелей шығуы үшін тиімді алаң болып табылады.

«Шанхай көрмесі В2В форматындағы сұранысқа ие сауда алаңдарының бірі болып табылады. Бұл әсіресе биылғы жылы, пандемияға байланысты жаһандық шектеулерге қатысты. Көрме алаңында Қазақстандық компаниялар Қытайда бизнес-серіктестер табуға мүмкіндік алды. Биылғы көрме қазақстандық тауарларды сатып алуға мүдделі көптеген қонақтарды тартады деп үміттенеміз», – деп түсіндірді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Біздің еліміздің өнімдерін тамақ секторының 35 компаниясы ұсынады. Оның 27-сі Сауда және интеграция министрлігі іске қосқан экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушылар. Бағдарлама желісі бойынша қазақстандық экспортты ілгерілету жөніндегі агент ҚР СИМ «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» болып табылады. Сараптамалық көмекті және қолдауды осындай бағдарламаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар PwC халықаралық компаниясы жүзеге асырады.

Экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу қазақстандық тамақ өнімдерін өндіруші компанияларға өнімдерді қытай нарығында жылжыту үшін мүмкіндіктердің кең спектрін ұсынды: Қытай нарығына шығуға дайындық бойынша оқыту вебинарларына қатысу, бағдарламаның барлық кезеңдерінде сүйемелдеу (маркетингтік материалдарды, өнім каталогын, жарнамалық роликті дайындау), нарыққа шығу бойынша жеке карта жасау, компанияларды мақсатты нарықта жылжыту. Осы компаниялардың көрмеге қатысуының қисынды жалғасы қазіргі уақытта біздер халықаралық әріптестермен бірлесіп пысықтап жатқан әлеуетті қытайлық сатып алушылармен бизнес кездесулер циклі болып табылады. Қытайдағы халықаралық көрмеге қатысу – бұл жеделдету бағдарламасының соңғы және негізгі кезеңі.

Экспорттық акселерация бағдарламасы 2020-2025 жылдар кезеңіне есептелген. Шамамен 300 қазақстандық компания алғаш рет халықаралық нарықтарға шығу тәжірибесіне ие болады және алғашқы экспорттық келісімшарттарды жасасады.

Соңғы 4 жылда Қазақстаннан Қытайға тамақ өнімдерін жеткізу көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны 2015 жылғы 31 млн. АҚШ долларынан 2019 жылы 146 млн. АҚШ долларына ұлғая отырып 47% құрады, Қытайды нысаналы нарық ретінде таңдау оның сыйымдылығымен де байланысты болуда – 2019 жылғы жағдай бойынша тамақ өнімдері импортының көлемі 54 млрд. АҚШ долларын құрады (соңғы 4 жыл ішінде орташа жылдық өсу қарқыны 11%  болды).

Халықаралық көрмені өткізуді Қытай үкіметі сауданы ырықтандыру мен экономикалық жаһандануға тұрақты қолдау көрсету және бүкіл әлем үшін Қытай нарығын белсенді түрде ашу үшін маңызды қадам деп бағалайды. Көрме өңірлер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді, халықаралық сауда деңгейін арттырады және әлемдік экономиканы ашады.

CIIE 2020 қатысушы қазақстандық компаниялар көрмеде 8 санатта өнімдерді ұсынады: 1) ұн тарту өнеркәсібі, крахмалдар және крахмал өнімдері, 2) тұз, 3) сусындар, 4) балық, ет және ет консервілері, 5) сүт өнімдері, 6) кондитерлік өнімдер және бал, 7) өсімдік майлары 8) тұздықтар. Пандемияға байланысты көрмеде тек өнім үлгілері ұсынылады. Жоспарланған іскерлік кездесулер онлайн форматта өтеді.

ӨндірушіӨндірілетін өнім
1 «Баян Сулу» АҚВафли, шоколад
2«Kondiz Distribution» ЖШСКремді печенье, қытырлақ печенье, ұсақталған печенье
3 «Кондитерская фабрика Сауле» ЖШСВафли, печенье, пряниктер, мұздатылған қабатты қамыр
4«Кублей» ЖШСМұздатылған сиыр еті және балық  консервісі
5«Meat Processing and Service» ЖШСМұздатылған сүйекті және сүйексіз сиыр еті
6«KAZBEEF GROUP» ЖШСМұздатылған сиыр еті
7«ПЕРВОМАЙСКИЕ ДЕЛИКАТЕСЫ» ЖШСМұздатылған сиыр еті
8 «Аралтуз» АҚАс тұзы
9«Дани-Нан» ЖШСБидай ұны
10«БЕСТ-КОСТАНАЙ» ЖШСБидай ұны
11 «Кустанайская Мукомольная Компания» ЖШС (немесе»Хлебный Дом LTD» ЖШСТазартылған және тазартылмаған бидай ұны, күнбағыс майы
12«Компания «САЛАМАТ» ЖШСБидай ұны
13«BIO Operations» ЖШСБидай крахмалы, бидай дәнінің маңызы (глютен)
14«Аруана-2010» ЖШСБидай ұны
15«Султан-Маркетинг» ЖШСМакарон , ұн
16«ТОРГОВЫЙ ДОМ «АМАНАТ» ЖШСЖедел кеспе, макарон
FMCG санатындағы тамақ өнімдері: сары май, күнбағыс майы, маргариндер, спредтер, дәмдеуіштер, тұздықтар, майонездер, кетчуптар, дәмдеуіштер, сүт шикізатынан жасалған өнімдер
18«Kaz-Ir Agro» ЖШССафлоровое масло холодного отжима
19 «ДЕП» ЖШСҚоюландырылған сүт
20«ЕвразияИнвест Ltd.» ЖШСҰнтақталған бие сүті, ұнтақталған түйе сүті
21 «Лидер 2010» ЖШСҚышқыл сүтті газдалған сусын (Тан)
22«Global Beverages» ЖШСАуыз су, арақ
23«Нуржанар» АҚКвас
24 «ARBA WINE» ЖШСШарап
25«Компания ОБИС» ЖШСҚұрамында шырыны бар сусындар, шырындар мен балшырындар, артезиан ауыз суы
26«Рыбпром» ЖШСТұщы су балық түрлерінен мұздатылған балық өнімдері: тұқы еті, жылан бас балық. Балық жартылай фабрикаттары (балық шарлары, наггетстер)
27 «RG Brands Kazakhstan» ЖШСШырындар, нектраттар, ауыз су
28«Пчела» ЖШСТабиғи бал
29«Миллер и К» ЖШСҰн өнімдері
30«ЭФКО Алматы» ЖШСМай өнімдері, рапс майы, соя майы
31«Сердичи» ЖКНан, крекер, кептірілген тоқаш
32«Жайма ЛТД» МТСЕт өнімі
33«Абая» ЖШСЕт өнімі
34«Каып-ата» ЖШСЕт өнімі
35«Ново-альджанский мелкомбинат» ЖШСҰн өнімдері

Пікір қалдыру