ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ АПТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ АПТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дайджест мазмұны

  • ДСҰ мүшелері келесі Бас директор лауазымына Нгози Оконджо-Ивеалдың кандидатурасын қалайды, бірақ АҚШ қарсы
  • ДСҰ Бас директорының орынбасары И Сяочжун министрлерді экономиканы қалпына келтіруді жеделдету үшін сауда ынтымақтастығын жандандыруға шақырады
  • АҚШ Аралық топтың АҚШ-тың Қытай тауарларына арналған тарифтеріне қатысты есебіне шағымдануда
  • Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) жаһандық ағындары 49%-ға қысқарды, жылдық болжам теріс болып қала береді
  • Индонезия темекі және орауыш қағазының импортына қатысты арнайы қорғаныс тергеуін бастады
  • Төраға субсидиялар туралы нотификацияларға қойылатын талаптардың орындалуының созылмалы төмен деңгейін атап өтті
  • ЕО-қа Boeing-пен дауда АҚШ-қа қарсы бақылау шараларын қабылдауға рұқсат етілген
  • ДСҰ комитеті 60-тан астам қорғау шараларын қарады
  • Таиланд- Филиппиндерден әкелінетін темекілерге қолданылатын кедендік және фискалды шаралар (DS371)

            ДСҰ мүшелері келесі Бас директор лауазымына Нгози Оконджо-Ивеалдың кандидатурасын қалайды, бірақ АҚШ қарсы

                 28 қазанда Жаңа Зеландиядан келген Бас кеңестің төрағасы Дэвид Уокер және оның екі үйлестірушісі ДСҰ-ның келесі Бас директорын таңдау процесінде ұйым мүшелеріне барлық делегациялармен консультациялардың  нәтижесінде Нигериядан келген Нгози Оконджо-Ивеала жетінші Бас директор сайлауында консенсусқа қол жеткізу үшін ең жақсы кандидат екенін хабарлады.

«Ол соңғы раундта ДСҰ мүшелері тарапынан барынша қолдау тапқаны анық, сондай-ақ бүкіл процесс бойы дамудың барлық деңгейлері мен географиялық өңірлер ДСҰ мүшелері тарапынан оны пайдаланды. Сондықтан мен Нгози Оконджо-Ивеалдың есімін консенсусқа әкелуі мүмкін кандидат ретінде ұсынамын және оны 2024 жылғы 31 тамызға дейін ДСҰ-ның келесі Бас директоры етіп тағайындауды ұсынамын», – деді Елші Уокер.

28 қазанда делегация басшыларының кездесуінде Елші Уокер бұл үйлестірушілердің «үштігіне» баға бергенін және ресми шешімді ол 9 қарашаға тағайындаған Бас кеңестің отырысында мүшелер қабылдауы керек екенін атап өтті. Бас кеңес – әдетте екі жылда бір рет жиналатын Министрлік конференциясын есептемегенде, шешім қабылдайтын ДСҰ-ның бас органы.

Алайда, ұсынылған бағалауды АҚШ даулады, олар Корея Республикасының министрі Ю Мён Хиге қолдау көрсетуді жалғастыратынын және доктор Нгози Оконджо-Ивеалдың кандидатурасын қолдай алмайтынын мәлімдеді.

Елші Уокер мүшелер 19-27 қазан аралығында консультациялардың үшінші және соңғы кезеңінің уақытында оған, Елші Дасио Кастильоға (Гондурас) және Елші Харальд Аспелундқа (Исландия) өз пікірлерін білдірді деп атап өтті.

Бас Кеңестің төрағасы бұрынғы Бас директор Роберто Азеведоны ауыстыру процесі басталғаннан бері бұл салмақты және нақты анықталған сайлау процесінің түпкі мақсаты ДСҰ мүшелерінің бірауыздан шешімін қамтамасыз ету екенін түсіндірді. Ол мүшелерге ұйымның басшылық қағидаттарын ұстанғанына және осы шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

            ДСҰ Бас директорының орынбасары И Сяочжун министрлерді экономиканы қалпына келтіруді жеделдету үшін сауда ынтымақтастығын жандандыруға шақырады

Австралия үкіметі 27 қазанда ЭЫДҰ-ның жыл сайынғы кездесуі қарсаңында ұйымдастырған виртуалды Министрлер жиналысында сөз сөйлеген Бас директордың орынбасары И Сяочжун COVID-19-дан кейін тұрақты экономикалық қалпына келтірудің негізін қалау үшін ДСҰ-мен ынтымақтастықты жандандыруға шақырды. «Тұрақты және жан-жақты экономикалық қалпына келтіру ашық және болжамды халықаралық сауданы қажет етеді, оны жақсы жұмыс істейтін сауда жүйесі қолдайды», – деді ол.

Австралия шақырған бейресми сессияда екі мәселе қаралды: қайшылықты қалай қысқартуға болады және ДСҰ-ның балық аулауға субсидия беру туралы келіссөздерінде келісімге қалай келуге боладыжәне ДСҰ пандемиядан келтірілген зардаптан кейін әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қалайша жақсы ықпал ете алады.

ДСҰ Бас директорының орынбасары И Сяочжунның түсініктемелері:

Жалпы экономикада сауда өсу мен өнімділіктің катализаторы болып қала береді. Саудаға арналған нарықтарының жабылуы жеткізілім үшін қосымша сілкіністі білдіреді.

ДСҰ-дағы ынтымақтастықты кеңейту шиеленісті жеңілдетіп, халықаралық саудаға үлкен сенімділікті қамтамасыз етуі мүмкін. Одан да көп мүмкіндіктер бар. ДСҰ мүшелерінің топтары цифрлық сауда, инвестицияларға жәрдемдесу және қызметтерді ішкі реттеу ережелерін талқылайды. Олардың әрқайсысы жаһандық сауда сәулетіндегі олқылықтарды толтыруға көмектеседі.

Сессияда бірнеше мүшелер жеткізілім тізбегінің тұрақтылығын арттыру идеясын ұсынды, бұл болашақ дағдарыстарда сауданы шектеуге ынталандыруды азайтады.

АҚШ Аралық топтың АҚШ-тың Қытай тауарларына арналған тарифтеріне қатысты есебіне шағымдануда

26 қазанда АҚШ Дауларды шешу жөніндегі органға Қытай қозғаған іс бойынша Аралық топтың есебіне шағымдану туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады: «АҚШ – Қытайдан келген белгілі бір тауарларға тарифтік шаралар» (DS543). Аралық топтың есебі 15 қыркүйекте ДСҰ мүшелеріне жіберілді.

Есепте Аралық топ мынадай тұжырымға келді:

а) тараптар Дауларды шешу қағидалары мен рәсімдеру туралы уәғдаластықтың (бұдан әрі – ДШУ) 12.7-бабы бойынша өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеді немесе осы дауда қаралып отырған шаралар бойынша дауларды реттеу бойынша ДСҰ-ның әрекеттерін жүзеге асыруға өз құқықтарынан өзгеше түрде бас тартты;

б) Қытай даулап отырған барлық шаралар Аралық топтың құзыретіне жатады, осыған байланысты егер Аралық топ Қытайдың сұрау салуында көрсетілген бірінші шараға (№1 тізбедегі тауарларға 25% мөлшерінде қосымша баждар) және 2019 жылғы 9 мамырдағы өзгерістерімен екінші шараға (№2 тізбедегі тауарларға 25% мөлшерінде қосымша баждар) қатысты тұжырымдар мен ұсынымдар жасаса, қолайлы болады;

с) дауланып отырған шаралар, ең алдымен, 1994 жылғы ГАТТ I:1, II:1(a) және II:1(b) баптарымен үйлеспейді;

д) АҚШ 1994 жылғы ГАТТ-тың XX(а) бабы бойынша өз міндеттемесін орындаған жоқ.

Нәтижесінде Аралық топ қаралып отырған шаралар 1994 жылғы ГАТТ I:1, II:1(a) және II:1(b) баптарымен үйлеспейді деген қорытынды жасады.

ДШУ-дың 3.8-бабына сәйкес, қамтылған келісім негізінде қабылданған міндеттемелер бұзылған жағдайда, қозғалған іс, ең алдымен, пайданы жою немесе қысқарту туралы іс болып саналады. Аралық топ қаралып отырған шаралар 1994 жылғы ГАТТ-тың белгілі бір ережелерімен үйлеспейтін шамада олар 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIII:1(а) бабының мәні бойынша осы Келісім бойынша Қытай алған пайданы жойды немесе қысқартты деген қорытынды жасады.

ДШУ-дың 19.1-бабына сәйкес Аралық топ АҚШ-қа өз шараларын 1994 жылғы ГАТТ бойынша өз міндеттемелерімен сәйкес келтіруді ұсынды.

Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) жаһандық ағындары 49%-ға қысқарды, жылдық болжам теріс болып қала береді

2020 жылғы 27 қазанда жарияланған ЮНКТАД-тың жаһандық инвестициялық қарқындарының соңғы мониторингі COVID-49 экономикалық әсеріне байланысты 2019 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда  2020 жылдың бірінші жартысында 19%-ға төмендегенін көрсетеді.

Пандемиядан кейін бүкіл әлемде локдаундар қолданыстағы инвестициялық жобаларды іске асыруды баяулатып, бизнесті жаңа жобаларды қайта қарауға мәжбүр етті.

«ТШИ-дің қысқаруы, әсіресе дамыған елдерде, біз күткеннен де күрт болды. Дамушы елдер жылдың бірінші жартысында аз зардап шекті», – деді ЮНКТАД-тың Инвестициялар және кәсіпкерлік жөніндегі директоры Джеймс Чжан. «Перспективалар өте белгісіз болып қалуда».

Ең үлкен құлдырау дамыған елдерде байқалады, онда бірінші жартыжылдықта шетелдік инвестициялар ағыны 75%-ға төмендеп, жалпы көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 98 млрд. АҚШ долларын құрады.

Солтүстік Америкада құлдырау 56% (68 млрд.) құрады.

Дамушы елдерде ТШИ көлемі негізінен Қытайдағы инвестициялардың тұрақты динамикасының арқасында 16%-ға ғана қысқарды.

Азияда инвестициялар ағыны 12%-ға, Африкада – 28%-ға, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде – 25%-ға азайды.

Бірінші жартыжылдықта дамушы Азия елдеріне барлық әлемдік инвестициялардың жартысынан астамы тиесілі болды. Өтпелі экономикасы бар елдерге инвестициялардың ағыны  негізінен Ресей Федерациясындағы күшті құлдырауға байланысты 81%-ға төмендеді.

Баяндамаға сәйкес 2020 жылдың үш тоқсанында жаңа жобаларға жарияланған ТШИ саны 37%-ға, трансшекаралық жобалар – 15%-ға, халықаралық жобалық қаржыландыру – 25%-ға төмендеді.

ТШИ ағынының жылдық болжамына сәйкес құлдырау 30-40% құрайтын болады.

Индонезия темекі және орауыш қағазының импортына қатысты арнайы қорғаныс тергеуін бастады

2020 жылғы 27 қазанда Индонезия ДСҰ-ның Арнайы қорғаныс шаралары жөніндегі комитетіне 2020 жылғы 26 қазанда кодтармен жіктелген (HS: 4813.20.00, 4813.90.10 және 4813.90.90), жабылған немесе жабылмаған, орама түрінде, кеуекті емес, ашаларға арналған темекі және орауыш қағазының импортына қатысты арнайы қорғаныс тергеуін бастағаны туралы хабарлады. Өтініш Индонезиялық целлюлоза-қағаз қауымдастығынан (Asosiasi Pulp dan Kertas Indonesia/APKI) келіп түсті. Жеткілікті дәлелдемелердің болуы туралы өтінішті зерделеу нәтижелері бойынша тергеу органы арнайы қорғаныс тергеуін бастау туралы шешім қабылдады.

Арнайы қорғаныс тергеуімен айналысатын тергеу органы елеулі қызығушылығы бар және осы тергеуде мүдделі тараптар ретінде әрекет етуге ниет білдірген тұлғалардан өтініштер қабылдайды, олар іс қозғалған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тергеу органына жазбаша және электрондық түрде өтініш беруге тиіс.

ДСҰ-ның Қорғау шаралары туралы келісімінің 3.1-бабына сәйкес Индонезия Республикасының Үкіметі Елеулі қызығушылығы бар ДСҰ мүшелеріне өздерінің дәлелдері мен пікірлерін ұсынуға мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізеді. Тыңдау 2020 жылдың 19 қарашасында (Индонезия уақыты бойынша таңғы сағат 10.00-11.30-да) өтеді. Сот отырысына қатысуға ниет білдірген барлық мүдделі тұлғалар, сондай-ақ барлық жазбаша дәлелдемелер тергеу органына 2020 жылғы 16 қарашадан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс (G/SG/N/6/IDN/37).

Төраға субсидиялар туралы нотификацияларға қойылатын талаптардың орындалуының созылмалы төмен деңгейін атап өтті

ДСҰ мүшелері өздерінің субсидиялау бағдарламалары туралы нотификациялар беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындауда бұрынғысынша қалып отыр. ДСҰ-ның Субсидиялар және өтемақы шаралары жөніндегі комитетінің төрағасы 27 қазандағы кеңесте берген баға осындай болды.

ДСҰ-ның 83 мүшесі тапсыру мерзімі бір жылдан астам уақыт өткенге қарамастан, 2019 жылға арналған субсидиялар туралы толық ресімделген нотификацияларды әлі жіберген жоқ. Бұл ретте ДСҰ-ның 68 мүшесі тапсыру мерзімі үш жылдан астам уақыт бұрын аяқталғанына қарамастан, 2017 жылғы субсидиялар туралы нотификацияларды осы уақытқа дейін жіберген жоқ, ДСҰ-ның 58 мүшесі 2015 жылғы нотификацияны әлі жіберген жоқ, олар бес жылдан астам уақыт бұрын түсуге тиіс еді.

АҚШ ДСҰ-ның басқа мүшелерінің субсидиялау бағдарламаларына қатысты ДСҰ мүшелерінің сұрақтарына уақтылы жауаптар беруді қамтамасыз ету бойынша ұсыныс жасады (G/SCM/W/557/Rev.4). Канада, ЕО, Норвегия, АҚШ және Жапония сияқты елдер кейбір салаларда артық өндірістік орындарын құратын, берілген субсидияларға өз алаңдаушылықтарын білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша Субсидиялар және өтемақы шаралары жөніндегі комитеттің Жаңа төрағасы болып Сунгё Чой ханым (Корея Республикасы) сайланды. Субсидиялар және өтемақы шаралары жөніндегі комитеттің келесі отырысы 2021 жылғы 26 сәуірге жоспарланған.

ЕО-қа Boeing-пен дауда АҚШ-қа қарсы бақылау шараларын қабылдауға рұқсат етілген

26 қазанда ДШО отырысында ДСҰ мүшелері жылына 4 млрд. АҚШ долл. дейінгі сомаға ЕО-пен АҚШ-тың тауарлар мен қызметтер саудасында бақылау шараларын қолдану рұқсаты туралы ЕО-тың сұрауын қанағаттандырылды. Рұқсат ДСҰ төрешісінің ЕО пен АҚШ арасындағы Boeing DS353[8] мемлекеттік субсидиялары туралы дауына негізделген шешіміне сәйкес берілді: АҚШ – Ірі азаматтық ұшақтардың саудасына әсер ететін шаралар – Екінші шағым.

ЕО-тың пікірінше, бұл шамамен 16 жылдық сот талқылауының аяқталуы, онда АҚШ Airbus үшін ЕО субсидияларына шағымданды, ал ЕО Boeing үшін АҚШ субсидияларына шағымданды.

АҚШ жақында АҚШ, ЕО және Біріккен Корольдік үшін тең жағдайларды қамтамасыз ететін ақылға қонымды шешім бойынша ұсыныстар бергенін және тиісті өзара іс-қимыл кезінде тараптар қысқа мерзімде шешім таба алатындығын мәлімдеді.

Біріккен Корольдік төрешінің 4 миллиард АҚШ долларға жуық сомаға бақылау шараларын санкциялағанына қанағаттанушылық білдірді және шешім осы дауларды түпкілікті шешу үшін әділ және теңгерімді шешу туралы келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеуге әкеледі деп үміттенетінін білдірді.

Бұл дауда Қазақстан үшінші тарап ретінде қатыспайды.

ДСҰ комитеті 60-тан астам қорғау шараларын қарады

26 қазанда Арнайы қорғаныс шаралары жөніндегі комитеттің отырысында ДСҰ мүшелері 60-тан астам тергеуді қарады. Қарастырылған іс-шаралардың көп болуы бір жағынан COVID-19 пандемиясына байланысты көктемгі жиналыс өткізілмегендігімен байланысты. ЕО-тың болат өнімдерін импорттауға қатысты арнайы қорғаныс шаралары мүшелер тарапынан да көптеген пікірлер тудырады. Мүшелер, сондай-ақ, Біріккен Корольдікпен жүргізген қазіргі уақытта ЕО енгізген арнайы қорғаныс шараларының «өтпелі шолуды» талқылады.

Таиланд- Филиппиндерден әкелінетін темекілерге қолданылатын кедендік және фискалды шаралар (DS371)

ДШО төрағасы, елші Дасио Кастильо (Гондурас), мүшелерге DS371 сауда дауы бойынша келесі қадамдарға қатысты даудағы келіспеушіліктерді шешу үшін Филиппиндер және Таиландпен консультациялардың әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Анықтамалық: бұл сауда дауы Филиппиндердің Таиландқа жыл сайын 594 миллион АҚШ доллары мөлшерінде шегінімдер мен міндеттемелерін ұсынуды уақытша тоқтату туралы сұрауына қатысты. Филиппиндердің  ойынша Таиландтың ДСҰ ережелеріне қайшы келетін Филиппиндерден шыққан темекіге қарсы кедендік және фискалдық шараларды қолдануы бойынша (кедендік бағалау практикасы, акциздік салықтар, денсаулық салығы, ҚҚС, бөлшек сауда бойынша лицензиялау талаптары және темекі импорттаушыларына салынатын импорттық кепілдіктер) сауда дауы шеңберінде ДШО-ның ұсынымдары мен шешімдерін толық орындамаған.

Филиппиндер мен Таиланд ДШО-ның бұрынғы отырыстарында көрсетілгендей өз ұстанымдарына берік екендіктерін мәлімдеді. Алайда, екі тарап та осы даудың өзара қолайлы шешімін табуға ұмтылуда. Сонымен қатар, Филиппиндер ДШО төрағасы мен басқа мүшелері үшін Таиландтың даудағы ұтылып жатқан жағы ретінде аталған мәселеге сындарлы түрде келе алмайтындығы айқын болуы керек деп мәлімдеді. Филиппиндер ДСҰ-ның қолданыстағы ережелеріне сәйкес бұл дауды шешудің екі әдісі бар екенін мәлімдеді: ДШО Филиппиндердің Таиландтың ДШО шешімі және ұсынымдарын орындамағаны үшін жауапты шараларды қолдану туралы өтінішін қанағаттандырады немесе  Таиланд Филиппиндердің өтінішін даулайды және мәселе арбитражға қарауға жіберіледі.

Таиланд, өз кезегінде, осы даудың аясында ДСҰ-ның дауларды шешу ережелеріне немесе Таиландтың Филиппинмен бұрын-соңды жасалған Филиппиндерге одан әрі сұрау салуға мүмкіндік беретін келісімге дұрыс түсіндірменің жоқ екенін мәлімдеді. Филиппиндердің жауапты шаралары жайлы сұрауы заңды түрде негізсіз болып табылады, өйткені ол сұраулардың жолдануы бойынша 30 күндік мерзімінен кейін жасалған. Таиландтың айтуынша, нақты мәселе, ДСҰ-дағы Апелляциялық органның жоқтығы болып табылады.

ЕО Филиппиндер мен Таиланд мұнымен қатар Көпжақты уақытша төрелік апелляциялық келісім (MPIA) сияқты дауларды шешудің балама құралдарына жүгінуі мүмкін деп мәлімдеді.

Пікір қалдыру