Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Ұлттық портал - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Ұлттық портал

Халықаралық Сауда орталығы (ITC) іске асырып жатқан Ready4Trade Central Asia» жобасы шеңберінде сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Ұлттық портал қонцептінің таныстырылымы болып өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жұмада Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі А. Асқарұлының және Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р. Еңсебаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасында сауда рәсімдерін жеңілдетуге байланысты Ұлттық порталды әзірлеу бойынша онлайн-кеңес өтті.

Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Ұлттық порталды әзірлеу және іске қосу бойынша жоба Орталық Азияның бес елі – Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түрікменстанда және Өзбекстанда ішкі өңірлік және халықаралық сауданы дамыту қолдауға бағытталған «Ready4Trade Central Asia» жаһандық жобасын іске асырудың төрт құрамдауышының бірі болып табылады.

Өңірде жобаның операторы Халықаралық сауда орталығы (ITC) болып – Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) және Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) бірлескен агенттігі табылады, олардың миссиясы экспорттық әлеуетті дамыту, сауда мәмілелерін жүзеге асыруға шығыстарды төмендеу және сауданы жеңілдету бойынша өңірлік интеграцияны тереңдету арқылы жеке сектордың бәсекеге қабілеттелігін арттыруда тұжырымдалады.

«Ready4Trade Central Asia» жобасының өзі 4 жылға есептелген және ұлттық деңгейде Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымы – «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның көмегімен жүзеге асырылуда. Жобаны қаржылық қолдауды Еуропалық одақ көрсетуде.

Портал өзіне сауда операциялары (экспорт, импорт және транзит) жөніндегі кезең-кезеңмен нұсқаулықты, нормативтік құқықтық базаны, сыртқы сауда рәсімдерін түсіндіру үшін онлайн режимде ақпаратты тармақты және жоғары экспортты-импортты әлеуеті бар нарықтар бойынша сауда сатистикасын енгізетін болады.

Кеңесте төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграциялар вице-министрі А. Асқарұлы Қазақстанның жеке сектордағы бәсекеге қабілетті тұрғыда, сауда рәсімдерін жеңілдету саласындағы болашақтағы реформаларды жүргізуде, сондай-ақ ДСҰ сауда рәсімдерін жеңілдету туралы келісімін іске асырудағы Порталдың болашақтағы жұмыс істеуінің аса маңыздылығын атап өтті.

Кеңестің қорытындылары бойынша ақпараттың барлық қажетті стейкхолдерлермен порталды толықтыру бойынша жұмыстарды үйлестіруге бағытталған тиімді ведомствоаралық іс-қимыл жасасу, сондай-ақ оны заманауи және үздіксіз өзектелігі мақсатында Ұлттық порталды әзірлеу және сүйемелдеп жүру мәселелері жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Анықтама ретінде:

Халықаралық сауда орталығы (ITC) Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркіменстанда және Өзбекстанда сауданы дамытуды нысаналы қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азияда Ready4Trade төрт жылдық жобасын іске асыру фазасын бастады. 15 млн. еуро мөлшерінде Еуропалық одақ қаржыландырылатын жоба инвестицияны қолдау, бәсекеге қабілеттігі және сауда арқылы өңірдің орнықты және жан-жақты экономикалық дамуына ықпал етеді.

Пікір қалдыру