Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2020 жылғы 6 айыдағы өзара саудасы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2020 жылғы 6 айыдағы өзара саудасы

Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 8,7 млрд. АҚШ долл.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмен (9,8 млрд. АҚШ).

Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда көрсеткіштері

млрд.АҚШдолл. 2019 жылғы қаңтар-маусым2020 жылғы қаңтар-маусымӨсім  2020/2019
Тауар айналымы9,88,7-11%
Экспорт3,02,4-20,2%
Импорт6,86,3-7%
Сауда балансы-3,8-4,0нашарлады

                        Елдер бөлінісіндегі өзара сауда көрсеткіштері

Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорт 2020 жылдың қаңтар-маусымында 20,2%-ға төмендеп, 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

ЕАЭО елдеріне экспорттың қысқаруы мынадай тауарларды жеткізудің төмендеуімен негізделеді: қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай илектелгенн жазық илек – 48,3%-ға немесе 100,9 млн. АҚШ долл. (209,0-ден 108,1 млн. АҚШ доллары), қара металдар қалдықтары мен сынықтары – 66,8%-ға немесе 69,3 млн. АҚШ долл. (103,7-ден 34,4 млн. АҚШ долл.), табиғи газ – 34,4%-ға немесе 46,7 млн. АҚШ долл. (135,7-ден 89,0 млн. АҚШ долл.), өңделмеген мырыш – 57,7%-ға немесе 45 млн. АҚШ долл. (78,0-ден 33,0 млн. АҚШ доллары), мұнай өнімдері – 52,8%-ға немесе 44,2 млн. АҚШ долл. (83,7-ден 39,5 млн. АҚШ долл.).

Сонымен қатар, бағалы металдардың кендері мен концентраттары сияқты тауарларды жеткізудің 89,3%-ға немесе 102,8 млн. АҚШ долл. (115,1-ден 217,9 млн. АҚШ долл.), жылжымалы құрам бөліктері – 4,4 есе. немесе 51,5 млн. АҚШ долл. (15,3-тен 66,9 млн. АҚШ долл.), мырыш кендері мен концентраттары – 68,3%-ға немесе 20,9 млн. АҚШ долл. (30,6-дан 51,5 млн. АҚШ долл.), пластмасса қалдықтар, кесінділер мен қырындылар – 13,3 есе немесе 12,9 млн. АҚШ долл. (1,0-ден 13,9 млн. АҚШ долл.), титан және одан жасалған бұйымдар – 2,2 есе немесе 7,3 млн. АҚШ долл. (5,9-дан 13,2 млн. АҚШ долл.)

. Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: темір кендері мен концентраттары – 240,9 млн. АҚШ долл. (10,1% үлесімен), бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 217,9 млн. АҚШ долл. (9,1%), мыс кендері мен концентраттары – 154,3 млн. АҚШ долл. (6,5%), қоспаланбаған болаттан жасалған жазық илек – 120,7 млн. АҚШ долл. (5%), уран – 119,3 млн. АҚШ долл. (5%), тас көмір – 109,6 млн. АҚШ долл. (4,6%), қоспаланбаған болаттан жасалған ыстықтай басылған жазық илек – 108,1 млн. АҚШ долл. (4,5%), табиғи газ – 89 млн. АҚШ долл. (3,7%), қоспаланбаған болаттан жасалған суықтайбасылған жазық илек – 83,4 млн. АҚШ долл. (3,5%), жылжымалы құрам бөліктері – 66,9 млн. АҚШ долл.құрады (2,8%).

2020 жылғы қаңтар – маусым кезеңінде ЕАЭО елдеріне экспортталатын негізгі тауарлар бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат №1 кестеде көрсетілген.

2020 жылғы қаңтар-маусымда ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 7%-ға төмендеп, 6,3 млрд. АҚШ долл. құрады.

ЕАЭО елдерінен импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді: темір жол жүк немесе трамвай вагондары – 66,6%-ға немесе 73,1 млн. АҚШ долл. (109,7-ден 36,6 млн. АҚШ доллары), қара металдардан жасалған дәнекерленген құбырлар мен түтікшелер – 68,5%-ға немесе 61,7 млн. АҚШ долл. (90,1-ден 28,4 млн. АҚШ доллары), жүк автомобильдері – 81,5%-ға немесе 56,9 млн. АҚШ долл. (69,8-ден 12,9 млн. АҚШ доллары), жеңіл автомобильдер 26% – ға немесе 49,3 млн. АҚШ долл. (189,2-ден 139,9 млн. АҚШ долл.), тракторлар мен ершікті тартқыштар – 58,4% – ға немесе 41,1 млн. АҚШ долл. (70,5-тен 29,3 млн. АҚШ доллары), қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және бейіндер  – 30,5%-ға немесе 35,2 млн. АҚШ долл. (115,4-тен 80,3 млн.), өздігінен жүрмейтін темір жол немесе трамвай вагондары 99,6%-ға немесе 25 млн. АҚШ долл. (25,1-ден 0,1 млн. АҚШ).

Сонымен қатар, өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын (платинадан гальваникалық жабыны бар алтынды қоса алғанда) немесе ұнтақ түрінде – 56,4%-ға немесе 45,3 млн. АҚШ долл. (80,2-ден 125,5 млн. АҚШ доллары), қант – 78,1%-ға немесе 36,4 млн. АҚШ долл. (46,6-дан 82,9 млн. АҚШ доллары), автомобильдерге арналған шанақтар – 64,1%-ға немесе 33,9 млн. АҚШ долл.құрады (52,9-дан 86,9 млн. АҚШ доллары), темекі және оның алмастырғыштары, темекі сығындылары мен эссенциялары – 2,1 б.немесе 33,3 млн. АҚШ долл. (31,3-тен 64,6 млн. АҚШ долл.), рапс тұқымы – өсуі 14,3 есе немесе 28,1 млн. долл. АҚШ долл. (2,1-ден 30,2 млн. АҚШ долл.).

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: табиғи газ – 184,9 млн. АҚШ долл. (үлесі 2,9%), мұнай өнімдері – 174,1 млн. АҚШ долл. (2,7%), бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 167,8 млн. АҚШ долл. (2,6%), жеңіл автомобильдер – 139,9 млн. АҚШ долл. (2,2%), өңделмеген немесе жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан гальваникалық жабыны бар алтынды қоса алғанда) – 125,5 млн. АҚШ долл. (2%), шиналар – 105,5 млн. АҚШ долл. (1,7%), қоспаланған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар – 103 млн. АҚШ долл. (1,6%), кокс және жартылай кокс – 92,4 млн. АҚШ долл. (1,5%).

2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде ЕАЭО елдерінен импортталатын негізгі тауарлар бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат №2 кестеде көрсетілген.

№1 кесмте – КР-дан ЕАЭО елдеріне экспортталатын негізгі тауарлар

№2 кесте – ЕАЭО-дан ҚР-ға импортталатын негізгі тауарлар

Пікір қалдыру