QazTrade Бас директорының орынбасары Қазақстандағы электрондық коммерцияның дамуы туралы айтып берді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Бас директорының орынбасары Қазақстандағы электрондық коммерцияның дамуы туралы айтып берді

Үстіміздегі жылғы 23 маусымда QazTrade-нің Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров жетінші Алматы Бизнес-форумының жұмысына қатысты. Электрондық коммерцияны дамытуға арналған сессияда сөйлеген сөзінде Н.Құлбатыров е-комның әлемдік бөлшек саудадағы үлесі 2019 жылғы 16%-ға қарағанда, 2020 жылы 19%-ға дейін өскенін атап өтті. Қазақстан үшін негізгі міндет оң динамиканы сақтау және 2025 жылға қарай электрондық коммерция үлесін 15%-ға дейін арттыру болып табылады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында e-commerce арналары арқылы сатып алынатын өнімдерді тез жеткізу мәселелері, сондай-ақ жаңа логистикалық шешімдер талқыланды.
Сонымен қатар, Н.Құлбатыров отандық өнімді экспорттауда электрондық өткізу арналары рөлінің маңыздылығын атап өтті. Мәселен, кәсіпорындарды Alibaba.com электрондық сауда алаңына шығару шарасының арқасында қазақстандық кәсіпкерлер Оңтүстік-Шығыс Азия (тамақ өнімдері), Таяу Шығыс (бал, ет өнімдері), Орталық Азия және Шығыс Еуропа сияқты аймақтарға өз өнімдерінің экспортын шамамен 45 млн. АҚШ доллары сомасына өсірді.

Пікір қалдыру