QazTrade Ақтобе облысында Өңірлік экспорттық кеңес отырысын өткізді. - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Ақтобе облысында Өңірлік экспорттық кеңес отырысын өткізді.

4 маусымда онлайн-режимде Ақтөбе облысының өңірлік экспорттық кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуге экспортқа бағдарланған 30-дан астам компания қатысты. Кәсіпкерлердің сұрақтарына ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев, «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Асель Егембердиева және KazakhExport компаниясының өкілдері жауап берді.

Қайрат Төребаев өз сөзінде еліміздің экспорттық саясатының негізгі бағыттарын атап өтіп, экспортты ілгерілету бойынша қолданыстағы қолдау шаралары туралы айтты.

Асель Егембердиева бүгінгі таңда QazTrade компанияның диагностикасы мен оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап сапалы талдау мен консалтингтік қызметтер көрсетуге дейін отандық өнім өндірушілерді қаржылық емес қолдаудың барлық қажетті спектрін қалыптастырғанын атап өтті.

«Біз экспорттаушылармен тығыз байланыс орнатудамыз. Мысалдардың бірі Ақтөбе өңірінің Оптоград компаниясы болып табылады, ол ұсынылған қолдау шараларының арқасында БАӘ-ге өзінің экспортын 500 мың АҚШ доллары сомасына арттыра алды» – Асель Егембердиева хабарлады.

Былтыр QazTrade отандық компанияларға Alibaba Gold 50 шотын берген. Платформаға қатысушылар 45 миллион долларлық өнімді сата алғанын атап өткен жөн.

Осы жылы Qaztrade сонымен қатар АХҚО, «Kazakhinvest» және «Samruk Kazyna Invest» компанияларымен бірге экспортқа бағытталған жобаларға инвестицияларды тартуға көмектесуге дайын.

Өңірлік экспорттық кеңестің қорытындысы бойынша қазақстандық өнімді экспорттайтын облыстың өндірушілері мен трейдерлері QazTrade өкілдерімен экспорт кезінде кездесетін кедергілер мен проблемалық мәселелермен бөлісті, сондай-ақ өз ұсыныстарын айтты.

2020 жылдың соңында Ақтөбе облысының экспорт көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрады. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады. Экспорттың негізгі көлемі Қытай, Нидерланды, Италия, Финляндия және АҚШ сияқты алыс шетелдерге келеді.

Өткен жылы облыстың 4 экспорттаушы компаниясы 93 млн.теңгеге экспорттық шығындардың бір бөлігін өтеді. 2019-2020 жылдары аймақтың екі компаниясы («Оптоград» ЖШС, «Ақтөбе ет кластері» ЖШС) Alibaba платформасында Алтын шот алды.

Пікір қалдыру