Париж қаласында отандық тауарлардың презентациясы өтті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Париж қаласында отандық тауарлардың презентациясы өтті

6 мамырда «QazTrade» АҚ Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігі мен Advantage Групп ұйымдастырған Париж қаласындағы «Made in Kazakhstan» көрмесіне онлайн-қатысты.

Іс-шарада «SUN-BEE ALTAI» ЖШС және «Ордабасы құс» ЖШС кәсіпорындарының балдары мен күркетауықтары, «АГФ-Групп» үй тоқыма бұйымдары, «ZD Flex» – тен малға арналған биркалар және жануарлардан қан алу жүйелері ұсынылды. Қазақстандық өнімдердің көрмесі Француз Тарапының үлкен қызығушылығын тудырды. Көрмеге Францияның ірі ретейлерлері – Group Casino, Marché de Rungis, FranPrix, Sabil; Тамақ өнімдері мен тоқыма дистрибьютерлері – с-Design Home, Miel Factory ,сондай-ақ Францияның ауыл шаруашылығы министрлігі мен Insitut de l ‘ elevage IDELE өкілдері қатысты.

«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы QazTrade бірыңғай терезесі арқылы мемлекеттік қолдаудың қажетті қаржылық емес шараларының кең ауқымын алатын Қазақстанның экспорттаушыларының мүмкіндіктерін ұсынды. Францияның әлеуетті импорттаушыларының ерекше қызығушылығын тауарларды шетелге жылжытуға және тасымалдауға Қазақстан экспорттаушыларының 80% – ға дейінгі шығындарының бір бөлігін өтеу құралы тудырды. Осы көрмеде ұсынылған экспорттаушылар QazTrade қолдау шараларын белсенді қолданады – «SUN-BEE ALTAI» ЖШС және «Ордабасы құс» ЖШС шығындардың бір бөлігін өтеді, SUN-BEE ALTAI» ЖШС және АГФ групп Alibaba алтын аккаунты арқылы халықаралық электрондық сауда алаңына қол жеткізді. Аталған экспорттаушылардың сұратуы бойынша СЭҚ-қа қажетті талдамалық-консультациялық материалдар тұрақты түрде ұсынылады.

Сонымен қатар, Азамат Асқарұлы «QazTrade» ақ Қазақстан аумағында экспортқа бағдарланған жобаларға шетелдік инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтіп, Француз бизнесімен бірлесіп жобаларды іске асыруда ынтымақтастыққа дайын екенін айтты:

«Біздің тарап «market study», қызығушылық танытқан тауарлар бойынша нарықты талдауды, саланың әлеуеті мен даму болжамын, ынтымақтастықтың қызығушылық танытқан мәселелері бойынша әрекет етуші экспорттаушылардың байланыстарын дайындауға дайын».

Пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, елдер арасындағы өңделген өнімнің айналымы 2020 жылы 24% -ға өсіп, 1,2 млрд. АҚШ долларын құрағанын, Қазақстаннан Францияға өңделген тауарлардың экспорты 14% өскенін атап өткен жөн (254 млн. АҚШ доллары). Бұл қосымша құннан жоғары өнімдермен сауда жасауға тараптардың өзара қызығушылығын білдіреді.

Пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, елдер арасындағы өңделген өнімнің тауар айналымы 2020 жылы 24% – ға артып, 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады, Қазақстаннан Францияға өңделген тауарлар экспортының көрсеткіші 14% – ға артып 254 млн. АҚШ долл. құрады, бұл тараптардың неғұрлым жоғары бөліністегі өнім саудасына өзара мүдделілігін айғақтайды.

Пікір қалдыру