Жамбыл облысында Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Жамбыл облысында Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті

11 наурыз 2022 ж. «QazTrade» АҚ Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп экспортқа бағдарланған компаниялардың қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысын өткізді.

Отырысқа Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, «QazTrade» АҚ Жобаларды дамыту департаментінің директоры Айбек Сағынаев және «KazakhExport» ЭСК» АҚ Сақтандыру департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев.

Жамбыл облысы өнеркәсіптік, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өңірінің әлеуетіне ие, экономиканың барлық салалары бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Өнеркәсіптегі химия саласының үлес салмағы 20% – дан астамды құрайды. Облыстың химиялық секторының негізі-құрамында фосфор бар шикізатты өндіру және минералды тыңайтқыштарды қоса алғанда, құрамында фосфор бар өнімді өндіру.

Бұдан басқа, өңір республикада мақсары, бақша және көкөніс дақылдары, жүгері, арпа, ет, жүн және тері өндірісі бойынша көшбасшы орынға ие.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының өңделген өнімінің тауар айналымы 560,4 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 43,1% – ға артық. Өңірдің шикізаттық емес экспортының көлемі 21,2% – ға артып, 154,7 млн. АҚШ долл. құрады.

Экспорт құрылымында негізгі үлесті тыңайтқыштар, дистилляттар, ферросиликомарганец, натрий цианиді және цемент алады.

Айбек Сағынаев өңірдің экспорттаушы кәсіпорындарына экспорттаушылар үшін «бірыңғай терезе» мүмкіндігін ұсынды және экспортты қолдау бөлігінде мемлекет жоспарлаған шаралар туралы айтып берді.

Өңірдің бизнес-қоғамдастығына қолдау құралдары: экспортқа арналған шығындардың бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация, электрондық сауда алаңдарына шығару, сервистік қолдау шаралары және экспорттық қызметті оқыту ұсынылды.

Қазіргі уақытта «QazTrade» АҚ Экспорттық акселерация бағдарламасына және Alibaba электрондық сауда алаңына шығару үшін қатысуына өтінімдерді қабылдау жүргізілуде.

1) «Экспорттық акселерация-2022» – компанияны толық сүйемелдеуді (оқыту, диагностика, экспорттық стратегияны әзірлеу, маркетингтік ілгерілету, компанияның көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету), сондай-ақ сенімді сатып алушыны іздеуді және экспорттық келісімшарт жасасуды көздейтін практикаға бағытталған бағдарлама.

2022 жылы аталған бағдарламаға қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда 190 кәсіпорын, сондай-ақ қызмет көрсетушілер іріктелетін болады.

Бағдарлама шеңберінде қазақстандық өнімді нақты ілгерілетудің нысаналы нарықтары – РФ, Украина, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы және Өзбекстан Республикасы.

Бағдарлама 2020 жылы іске қосылған сәттен бастап компаниялар Ресей Федерациясының, Қытай мен Орталық Азия елдерінің нарықтарына шамамен 150 миллион АҚШ долларына жуық отандық өнімді жеткізуге ұзақ мерзімді экспорттық келісімшарттар жасасты.

Экспорттық акселерация бағдарламасына тіркелу үшін келесі сілтемелер бойынша сауалнаманы толтыру қажет:

тауар өндірушілерге арналған сауалнама –https://docs.google.com/forms/d/1CTIxOS1fB1tiEN1ztrRc71RXkXS3vqxmqmduAnTCS9k/edit?usp=sharing;

қызмет жеткізушілеріне арналған сауалнама – https://docs.google.com/forms/d/1x1s6xnLC6tEdKhazj0KVR7mzIJBpSFrGu-vH_s5DdZc/edit?usp=sharing.

2) Қазақстандық бизнесті Alibaba.com. халықаралық маркетплейске шығару.

2022 жылы шикізаттық емес өнімнің 70 қазақстандық экспорттаушысы Alibaba.com платформасына іріктелетін болады.

Ағымдағы сәтте Alibaba.com-да халықаралық серіктестер үшін 4 000 отандық тауар қолжетімді.

2019 жылдан бастап бағдарлама басталған сәттен бастап «алтын шоттардың» иелері 120 млн. АҚШ долл. экспорттық келісімшарттар жасасты.

Осы бағдарламаға қатысуға тіркелу үшін Alibaba.com халықаралық сауда онлайн-платформасында Gold Supplier («алтын жеткізуші») мәртебесін алуға үшін өтінімді келесі сілтеме бойынша толтыру қажет:

https://docs.google.com/forms/d/16CrCdDjnNGFyxMeFduNv_WoQRy2zv9gEbLm7eMLv82I/edit?usp=sharing

Бағдарламаларға қатысу тегін.

Бұдан басқа, экспорттық кеңес отырысында өңір экспорттаушыларының проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Пікір қалдыру