2022 жылғы 10 наурызда «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда конфигурациясындағы ынтымақтастық комитетінің 5-ші отырысына қатысты. - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

2022 жылғы 10 наурызда «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда конфигурациясындағы ынтымақтастық комитетінің 5-ші отырысына қатысты.

2022 жылғы 10 наурызда «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда конфигурациясындағы ынтымақтастық комитетінің 5-ші отырысына қатысты. ЕО астанасы Брюссель қаласында өткен отырыс аясында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде сауда-инвестициялық даму, мемлекеттік сатып алу, жасыл экономика, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, кәдеге жарату алымы және т.б. мәселелер талқыланды.

«QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары өз сөзінде Қазақстан Республикасындағы «Reade4Trade Central Asia» бағдарламасының жобаларын іске асырудың алдын ала нәтижелерін ұсынды. Бұл жобаны Халықаралық сауда орталығы (ITC) Институционалдық серіктес болып табылатын «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп іске асыруда.

Жобаның мақсаты іскерлік ортаны жақсарту, іскерлік топтардың мүмкіндіктерін кеңейту және трансшекаралық электрондық коммерция үшін жағдайлар жасау арқылы Орталық Азияда өңірішілік және халықаралық сауданы ілгерілету болып табылады. Жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қатысады

Пікір қалдыру