СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «QAZTRADE» АҚ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «QAZTRADE» АҚ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «QAZTRADE» АҚ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

2022 жылғы 26-27 мамырда Петропавл қаласына жұмыс сапары барысында «QazTrade» АҚ басқарушы директоры Айбек Сағынаев «Радуга» ЖШС, «Cool Infinity» ЖШС, «Северный фанерный комбинат» ЖШС, «Eurasian Milk» ЖШС және «Кирпич СК» ЖШС экспортқа бағдарланған кәсіпорындарын аралады.

Анықтама: «Raduga KDR» компаниясы – халық тұтынатын тауарлардың ірі қазақстандық өндірушілері мен дистрибьюторларының бірі. Қазіргі уақытта әртүрлі санаттағы өнімдердің 700-ге жуық атауы бар. Сондай-ақ, компания экспорттық жеткізілімдерді одан әрі ұлғайту мақсатында экспорттық акселерация бағдарламасына іріктелді. Сонымен қатар, «Raduga KDR» көлік шығыстарына арналған шығындарды өтеу тетігін қолданады.

«Cool Infinity» ЖШС тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған термос вагондар мен рефрижераторлық вагондар өндірумен айналысады. Кәсіпорын сондай-ақ экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушысы болып табылады.

«Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС 2021 жылдың басында ашылды, бірақ өзін белсенді экспорттаушы ретінде көрсетті. Кәсіпорынның ламинатталған фанераға таяу шет елдерден және Еуропадан (Польша, Литва, Германия және т.б.) сатып алушылары бар. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 18 мың текше метр дайын өнімді құрайды.

«Eurasian Milk» ЖШС «Eurasian Foods Corporation» холдингінің жақында ғана іске асырылған инвестициялық жобасы болып табылады. Сары май, қаймақ, түрлі ірімшіктер шығаруға бағдарланған жаңғыртылған сүт зауыты жылына 128 мың тоннаға дейін қайта өңделген сүт өнімдерін өндіруге қабілетті.

«Кірпіш СК» ЖШС – өз қызметін 2022 жылдың 2 тоқсанында бастаған кірпіш өндіру зауыты. Кәсіпорын жылына 45 млн.дейін кірпіш өндіруді жоспарлап отыр, бұл өңірдің құрылыс ресурсына деген қажеттілігінің шамамен 30% – ын жабады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған соңғы 3 өндірістік кәсіпорын өткізілген келіссөздерден кейін «QazTrade» АҚ экспортты қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларына қатысуға шешім қабылдады.

Сонымен қатар, 26 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында өңір экспорттаушыларының, облыс әкімдігінің қызметкерлері, «QazTrade» АҚ басқарушы директоры Айбек Сағынаев, «KazakhExport» директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев және «Qazindustry» АҚ директорының орынбасары Гүлнар Сәукенованың қатысуымен өңірлік экспорттық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Өңірлік экспорттық кеңес барысында Айбек Сағынаев Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ тарапынан экспорттаушыларды қолдаудың қолданыстағы құралдары (экспорт бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация бағдарламасы, халықаралық электрондық платформаларға шығару, сервистік қолдау шаралары) туралы түсініктемелер берді, сондай-ақ өңір кәсіпкерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

2022 жылғы қаңтар-наурызда Солтүстік Қазақстан облысының өңделген өнімінің тауар айналымы 150,5 млн. долл. АҚШ құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 31,4% – ға артық. Өңірдің шикізаттық емес экспортының көлемі 39,1 млн. долл. АҚШ. Экспорт құрылымында негізгі үлесті ұн, рапс майы, мал азығы, темір жол вагондары мен сүт өнімдері алады.

Өңір экспорттаушылары «QazTrade» АҚ-мен белсенді ынтымақтасып, қолдау шараларын қолдануда. 2020-2022 жылдар аралығында өңірдің он компаниясы («Тимирязев ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Фирма Диқаншы» ЖШС, Якорская птицефабрика, «Алматыдан нан-тоқаш комбинаты» ЖШС филиалы, «Изолит» ЖШС, «Cool Infinity» ЖШС, «Зернопродукт СК» ЖШС, «Hikmet LTD» ЖШС, «BIO Operations» ЖШС, «Радуга» ЖШС) экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушысы, 7 компания («С.М. Киров атындағы зауыты» ЖШС, «Диқаншы фирмасы» ЖШС, «Hikmet LTD» ЖШС, «SMBGROUP Family» ЖШС, «Молпродукт» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «BioOperations» ЖШС) Alibaba платформасында «Алтын аккаунт» алды.

2021 жылы өңірдің 17 экспорттаушы компаниясы экспорттық шығындардың бір бөлігін 702,9 млн.теңгеге өтетті.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері «QazTrade» АҚ сервистік қолдау шараларын белсенді қолдануда. 2021 жылы 4 компания («С.М. Киров атындағы зауыты» ЖШС, «Cool Infinity» ЖШС, «Радуга» ЖШС, «Фирма Диқаншы» ЖШС) шетелдік сауда-экономикалық миссияларға қатысты (Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран және БАӘ).

Сонымен қатар, кеңесте «QazTrade» АҚ Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңірлік өкілі – Асқар Манарбекұлы Бутабаев таныстырылды, оның құзыретіне өңірдің экспорттаушыларымен өзара іс-қимыл жасау және қолдау кіреді.

Өңірлік сараптамалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бизнес өкілдері экспортты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін қолдану жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 27 Мамырда «QazTrade» АҚ басқарушы директоры Айбек Сағынаев «Alageum Electric» компаниялар тобының «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС таныстырылымында сөз сөйледі.

Анықтама: «Alageum Electric» КТ – Қазақстанның ірі электр техникалық компаниясы, электр энергетикасы, электр машина жасау және құрылыс салу саласында әрекет ететін 30-дан астам ірі кәсіпорындар мен зауыттарды қамтиды.

Петропавл қаласында зауыт салу бойынша инвестициялық жобаның жалпы сомасы 10 млрд.теңгені құрады. Компания 350 жұмыс орнын ашты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 13 мың трансформаторды құрайды. Бұл ретте шығарылатын өнімнің 98% – ы ТМД елдеріне экспортталатын болады.

Іс-шара шеңберінде «QazTrade» АҚ өкілдері «Alageum Electric» КТ басшылығымен келіссөздер жүргізді, оның барысында бірлескен экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Пікір қалдыру