Жыл басынан бері Қазақстан 86 мың тоннадан астам пияз экспорттады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Жыл басынан бері Қазақстан 86 мың тоннадан астам пияз экспорттады

Үкіметтің бизнеске ішкі және сыртқы нарықтарда пиязды сатуға жәрдемдесу жөніндегі наурыз айындағы тапсырмасы аясында QazTrade Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістаннан әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізді. Қазақстандық кәсіпкерлер мен шетелдік сауда ұйымдарына коммерциялық ұсыныстар жолданды.

2023/2024 маркетингтік жылы Қазақстан мен көрші елдер пияз өндірісін ұлғайтты. Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресейде пияздың өнімі 11,2% – ға өсіп, 1,78 млн тоннаны құрады, Өзбекстанда – 30% – ға сәйкесінше 1,3 млн тонна болды.  Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,1 млн тоннаны құрады, бұл ішкі нарық қажеттілігінен 3,5 есеге артық, елдегі тұтыну көлемі 300-320 мың тонна.

Бұл ретте, қаңтар-ақпан айларында Қазақстан үшінші елдерге (ЕАЭО есебінсіз) 86 мың тоннадан астам пияз экспорттады.

Пияздың жарамдылық мерзімі жақындап қалғанын ескеру керек, сәуір айында пияздың тауарлық сапасы айтарлықтай нашарлайды, осыған байланысты отандық өнімді экспорттау мүмкіндігі де төмендейді. Тұтынушылар нарыққа Тәжікстан мен Өзбекстаннан пияздың жаңа өнімін  күтуде, оны жинау басталды. Тиісінше, қазақстандық пиязға сұраныс төмендеді, көкөніс ең төменгі бағамен саудалануда.

QazTrade өз тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, болашақта осындай жағдайлардың алдын алу тетігін пысықтауда, бұл болашақта көкөніс өнімдерін отандық өндірушілер үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Экспорттық оператор Вице-премьер Серік Жұманғариннің тапсырмасын орындау үшін дәстүрлі емес нарықтарға жеткізуді қоса алғанда, пиязды сатудың барлық мүмкін нұсқаларын қарастыруда.

Анықтама:

Соңғы 5 жылда пияз өнімінің +23,1% – ға немесе 211,8 мың тоннаға артты, бұл оның елде артық өндірілу дағдарысына әкелді.

Таблица 1. Қазақстандағы пияз өндірісі мен тұтыну динамикасы

 

Көрсеткіш 2019 2020 2021 2022 2023
Өндіріс көлемі, мың. тонна 916,2 993,5 1059,6 1114,0 1128,0
Тұтынудың физиологиялық нормалары бойынша тұтыну көлемі, мың тонна 294,3 298,1 302,1 312,1 316,3

2023 және 2024 жылдары пияздың жоғары өнімділігімен ұқсас жағдай Қазақстанмен көршілес елдерде де байқалады: Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан. Нәтижесінде, пияз бағасы 2023 жылдың мамырынан бастап барлық жерде төмендеп келеді.

Мысалы, Ресейде бөлшек сауда бағасы 413 тг/кг-нан 160 тг/кг-ға дейін, Өзбекстанда 300 тг/кг-нан 107 тг/кг-ға дейін төмендеді.

Таблица 2.  ҚР мен көрші елдердегі пияз бағасының динамикасы

2022 жылдың басынан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін пияз бағасының өзгеру кестесі Қазақстанда да, Ресейде де, Өзбекстанда да бағаның төмендеу үрдісін айқын көрсетеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында көкөністің рекордтық төмен бағасы байқалады, осыған ұқсас жағдай 2022 жылдың қаңтарында тіркелді. Бұл Қазақстан мен көрші елдердің нарықтарында 2023/2024 маусымның пияз өнімінің жоғары ұсынысының бар екендігін көрсетеді.

Бағаның төмендеуі және пияз қорының жинақталуы импорттаушылардың 2023/2024 маусымындағы сұраныстың төмендеуі аясында артық өндіріске байланысты болды. Сондай-ақ, Ресей аумағы арқылы Балтық жағалауы мен Грузияға жөнелтуді жоспарлаудағы логистикалық қиындықтар ықпал етті.

 

 

Пікір қалдыру