QazTrade өкілдері Абай облысының кәсіпкерлерімен кездесті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade өкілдері Абай облысының кәсіпкерлерімен кездесті

QazTrade өкілдері 21-22 маусымда Абай облысына барып, өңірдің іскер қауымдастығымен кездесті.

Жұмыс сапары аясында «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Айбек Сағынаев «Семей цемент зауыты» ӨК және «Qazaq Astyq Group» ЖШС өсімдік майын өңдеу зауытының өндірістік қызметімен танысты. Сондай-ақ, ол бизнесмендерге шикізаттық емес өнімдерді отандық экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары ұсынатын мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Айбек Сағынаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның қолдауымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешовтың төрағалығымен өткен «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері, сондай-ақ инвестицияларды тарту және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті қолдау» атты оқыту тренингіне қатысты.

Іс-шараға өңірдің бизнес-қоғамдастығы мен ұлттық даму институттарының («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «KazakhExport» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Атамекен» ҰКП) өкілдері қатысты.

Айбек Сағынаев өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін және «QazTrade» АҚ ұсынатын экспортты қолдау құралдарын таныстырды.

Өз кезегінде, өңірдің экспорттаушылары ұсыныстаы мен проблемалық мәселелерді айтты. Кездесуде QazTrade өкілі оларды шешу жолдарын белгілеп, экспорттаушыларға көлік шығындары мен өнімді жылжыту шығындарының бір бөлігін өтеу тетігін түсіндірді, экспорттық акселерация және электрондық сауда алаңдарына шығу бағдарламалары, сондай-ақ көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларға қатысу туралы айтты.

Анықтама: бүгінгі таңда Абай облысының 2 компаниясы Alibaba платформасында «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттарды алды («KondiZ Distribution» ЖШС, «Семей Агро Инвест» ЖШС), 4 компания («Семей Агро Инвест» ЖШС, «Адал АС Trade»  ЖШС), «Қазэлектромаш» ЖШС, «Kondiz Distribution» ЖШС) QazTrade Accelerator бағдарламасына қатысу түрінде қолдау алды. Сондай-ақ, өңірдің компаниялары логистикаға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеді (2022 жылы – 107,5 млн. теңге сомасына 15 өтінім.: «Семей құрылыс материалдары» ЖШС, «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» ЖШС, «AK NAN KZ» ЖШС, «АҚ БЕРЕКЕ» ЖШС, 2023 жылы 1 ВАК – 8,6 млн.теңге сомасына 8 өтінім: «AKNAN KZ» ЖШС, «KondiZ Distribution» ЖШС).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру