2020 жылдан бастап Халықаралық сауда орталығы (ITC) #Ready4Trade – Central Asia (R4TCA) жобасын іске асырады. Бұл Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азияның бес елінде де халықаралық сауданы дамытуға бағытталған 4 жылдық жоба. ITC-дің Қазақстандағы басты серіктесі – QazTrade, бірлесіп шетелге экспорттауды бастаған шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін экспортты басқару бойынша коучинг бастамасы жүзеге асырылуда.
Коучинг Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан «ADILI TEXTIL» ЖШС, «QazCake» ЖШС, «ASIANA PRODUCTION» ЖШС және т.б. компаниялар өтті. Барлық сессиялар тікелей кәсіпорындардың кеңселерінде өтеді.
Коучингтік бастама 2021 жыл барысында коучтар мен бизнестің белсенді диалогы түрінде болады.
Біліктілігі жоғары мамандар 5 күндік коучинг курсын өткізу үшін қатысушы кәсіпорындарға барады. Жүргізілген жұмыс барысында бар проблемалар анықталып, оларды шешуге ұсыныстар беріледі.
Жаттықтырушылардың импорт/экспорт, сертификаттау, экспедиторлық және логистика саласынды тәжірибесі мол. Барлық мамандар ITC коучинг әдістемесі бойынша оқудан өткен және экспортты басқарудың жаттықтырушылары болып табылады.
Барлығы 2021 жыл ішінде жоба аясында 40 отандық компания коучингтен өтеді.
Үміткерлерден өтінімдер https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdoWCmZOh7RIq2oMNGgtlWnOoOScwqveRpGTCHB07KTvYROtA/viewform?usp=sf_link сілтемесі бойынша қабылданады
#Ready4rade – Орталық Азия жобасын Еуропалық Одақ (EU) қаржыландырып, оны Халықаралық сауда орталығы (ITC) жүзеге асырады.