QazTrade-де бизнес өкілдерімен экспортқа кедергілер талқыланды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade-де бизнес өкілдерімен экспортқа кедергілер талқыланды

ҚР CИМ QazTrade сауда саясатын дамыту орталығында қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарда сату кезіндегі кедергілерді талқылау бойынша азық-түлік тауарларын өндірушілердің өкілдерімен онлайн режимде кеңес болып  өтті.

Кездесуге жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, «Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ, «Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары одағы» ЗТБ және «Курочка Ряба» ЖШС өкілдері қатысты.

Кеңесті ашқан QazTrade-нің Бас директоры Арман Абенов мұндай жұмыс кеңестері дайын өнімді экспорттау кезінде «ауырсыну нүктелерін» анықтауға және оларды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының атқарушы директоры Светлана Чаплинская қазақстандық жұмыртқа өндірушілерде биылғы жылы пандемия мен карантиндік тыйымдар аясында бірқатар елдерде экспорт 2019 жылдың деңгейіне қарағанда жартылай төмендегенін хабарлады. «Біз экспортқа шығаруға дайынбыз», – деді ол. – Біз ішкі нарықты толығымен қамтып отырмыз, артығы шетелге шығуға дайын. Бірақ бізде COVID-19-мен байланысты емес мәселелер бар».

Оның айтуынша, Өзбекстанның жұмыртқа транзитіне енгізген шектеулері Ауғанстанмен ұзақ мерзімді келісімшарттардың орындалуына кедергі келтіреді. Чаплинская QazTrade-ге және сауда министрлігіне Ташкентпен келіссөздерге көмек көрсету туралы өтініш жасады.

Жалпы, жұмыртқа өндірушілер қауымдастығында аталып өткеніндей, Қазақстандық компаниялар жаңа экспорттық нарықтарға шығуға дайын: Кувейт, Иран, БАӘ, Шығыс Еуропа елдеріне. «Келісімшарттар үшін көлемдер бар», – деп атап өтті қауымдастық.

QazTrade компаниясы өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуына ықпал етуге дайын екенін білдірді. Оның ішінде, экспорттық акселерация тетігі арқылы да. Кездесуге қатысушылар сүт өнімдерін міндетті таңбалауды енгізу, Қытай нарығына экспорттық өнімдер желісін кеңейту, сондай-ақ РФ шекаралас өңірлеріндегі  құс тұмауын және Солтүстік Қазақстанның бірқатар елді мекендерінде болған құстың өлімін ескере отырып, күзгі-қысқы маусымда жұмыртқаға баға белгілеу болжамын талқылады.

Пікір қалдыру