«QazTrade Accelerator»: экспорттың жаңа мүмкіндіктері - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

«QazTrade Accelerator»: экспорттың жаңа мүмкіндіктері

Мемлекет басшысы шикізаттық емес экспорттың дамуын қолдау мәселесіне ерекше назар аударады. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты халыққа Жолдауында «идеядан нәтижеге дейін мақсатты қолдау көрсету үшін»  өндіруші кәсіпорындарға арналған Экспорттык Акселерация бағдарламасын іске асыруға тапсырма берді.

22 қыркүйекте Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade Accelerator» Экспорттык Акселерация бағдарламасы аясында «Қытайдағы негізгі сату арналары» атты екінші оқыту вебинары өтті. Вебинар қытайлық серіктестермен жұмыс істеу тәжірибесі бар халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтті.

«Шілде айының соңынан бастап біз Акселерация бағдарламасымен белсенді жұмыс істей бастадық. Екі апталық жеке кездесулер аясында Қытай нарығына экспорттаушылардың проблемалары, қатысушылардың әрқайсысының бәсекелік артықшылықтары анықталды. Экспортты жеделдетудің екінші кезеңі басталды, ол кәсіпорындарды Қытайлық серіктестермен келісімшарттарға қол қоюға дайындауды көздейді», – «QazTrade» «Сауда саясатын дамыту орталығының» бас директоры Арман Абенов атап өтті.

Екінші оқыту вебинарында бағдарлама қатысушылары Қытайдағы негізгі сату арналары бойынша практикалық ұсыныстар алды, сондай-ақ осы арналарға кіру туралы келіссөздер жүргізудің қыр-сырын білді. Сонымен қатар экспорттаушылар жүгіне алатын қаржылық мемлекеттік қолдау шараларының жиынтығымен танысты.

PwC China Аға менеджері Ченни Фенг Қытай нарығында тауарларды жылжытудың негізгі каналдары туралы әңгімелеп берді, атап айтқанда, ол  электрондық коммерция нарығына өз бетімен шығу туралы шолу жасап, іскери серіктес немесе дистрибьюторларды табу және ірі көрмелерде серіктестер табу бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті. Сонымен қатар спикер қытайлық серіктестердің негізгі сұрақтарына – өнімнің құны мен үлгілерді алу мүмкіндігіне назар аударды.

Екінші спикер – Eurasia Development Ltd. компаниясының бас директоры Андрей Прохорович Қытай нарығына шығу туралы ұсыныстар беріп, сату арналарын таңдаудағы негізгі қателіктер туралы айтты. Спикер Қытайдың біртұтас нарық емес екендігіне назар аударды және қатысушыларға әр Қытай аймағын өзіндік ерекшеліктері бар бөлек нарықтар ретінде қарастыруға кеңес берді.

Чэнни Фенг пен Андрей Прохорович атап өткендей, бүгінде Қытай әлемдегі электрондық сауда алаңдарының саны бойынша көшбасшы болып табылады. Интернет-сатылым Қытайдағы тұтыну тауарларының бөлшек сатылымының жалпы көлемінің шамамен 30%-ын құрайды. Осыған байланысты сарапшылар экспорттаушыларға Қытай нарығында онлайн сату құралдарын зерттеуге ерекше назар аударуды  ұсынды.

KazakhExport Экспорттық сақтандыру компаниясының Сақтандыру департаментінің директоры Қуаныш Мұқажанов өз презентациясында шикізаттық емес тауарларды өндірушілерді және экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде сыртқы нарықтарда қызмет көрсетушілерді қолдаудың қаржылық құралдары туралы айтты. KazakhExport Қытайдағы серіктестермен жұмыс істеу үшін әр түрлі құралдарды пайдаланады (аванстық төлемдер, келісімшарт бойынша төлемдер, экспортқа дейінгі қаржыландыру, экспорттаушылардың несиелерін сақтандыру). Бұл құралдар сыртқы нарыққа шығу кезінде қазақстандық экспорттаушыларды жеңілдетілген қаржыландыруға көмектеседі.

Биыл күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстанның көптеген халықаралық көрмелерге қатыспайонлайн форматқа көшіруге тура келді. Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Шанхайдағы (5-10 қараша) 3-ші Импорттық Тауарлар мен қызметтердің қытайлық халықаралық көрмесіне онлайн форматта қатысуға шешім қабылдады. Виртуалды көрме аясында қазақстандық азық-түлік өндірушілерінің өнімдері Шанхайға Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен жіберіледі. Қатысушы компаниялардың өкілдері өздерінің экспонаттарын онлайн форматтатаныстырады.

Семинардың видеосы http://qaztrade.org.kz сілтемесінде, сондай-ақ компанияның әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Пікір қалдыру