Қазақстандық кәсіпкерлер Нанкинге шақырылады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстандық кәсіпкерлер Нанкинге шақырылады

Отандық тауар өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы 2024 жылғы 27-29 мамыр аралығында Қытайдың Цзяньсу провинциясының Нанкин қаласында өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушы – ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп QazTrade.

Іскерлік сапар аясында кәсіпкерлер Қытайдан келген импорттаушылармен, трейдерлермен және дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізуге, бизнес-байланыстарды жолға қоюға және өнім жеткізу туралы келісуге мүмкіндік алады.

Қазақстан полипропилен, күкірт, мақта талшығы, астық өнімдері, күнбағыс және мақсары майы сияқты тауарларды экспорттаудың айтарлықтай әлеуетіне ие.

Қытайдың сыйымды нарығы экспортқа бағдарланған отандық кәсіпорындар үшін басым елдер тізбесіне кіреді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 12,6%-ға өсіп, 14,7 млрд долларды құрады.

Цзянсу провинциясы тау-кен өндіру секторы, ауыл шаруашылығы, автоөнеркәсіп, электрондық сауда кәсіпорындарымен, сондай-ақ Қазақстанның қаржы институттарының өкілдерімен ынтымақтастыққа мүдделі.

Еске салайық, наурыздың соңында Нанкинде «Орталық Азия – Цзянсу» сауда орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Қазақстан «QazTrade» АҚ атынан «Орталық Азия – Цзянсу» кешенді алаңының жұмысын үйлестіретін болады, ол бизнес үшін ауқымды сервистік тұғырнамаға айналады және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге серпін береді, ОА елдері мен Қытай арасындағы мәдени алмасуды күшейтеді. Орталық жергілікті шарттарға сәйкес сауда, инвестициялық, қаржылық және мәдени қызметтер көрсететін болады.

Нанкин қаласындағы сауда миссиясы шеңберінде «QazTrade» АҚ қатысушылардың тұратын еліндегі трансфер шығындарын жабады.

Кәсіпорындардан өтінімдер 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады, тіркеу сағат 10.00-де жабылады: https://forms.gle/VH8zehyj8M9nSexGA
Барлық сұрақтар бойынша +7701-555-86-53, e-mail: zh.kashayeva@qaztrade.org.kz

 

 

 

Пікір қалдыру