Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін кәсіпкерлердің өтініштері іріктеу ұзартылады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін кәсіпкерлердің өтініштері іріктеу ұзартылады

Бизнес өкілдерінің көптеген өтініштері бойынша Экспорттық акселерация және Alibaba сауда платформасына шығару бағдарламаларына қатысу үшін кәсіпкерлерді іріктеу 2024 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылады.

Төрт жыл ішінде экспорттық акселерация қызметін 437-ден астам отандық кәсіпорын пайдаланды. Бұл негізінен азық-түлік өндіруші компаниялар және қызмет көрсетушілер. Экспорттаушылар акселераторға қатысу кезінде жасасқан келісімшарттардың жалпы көлемі 523 млн доллардан асты.

Бағдарлама сыртқы нарыққа шығуды жоспарлап отырған немесе экспорт географиясын кеңейтуге мүдделі шағын және орта кәсіпорындар үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Барлығы машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ қызмет көрсетушілер сияқты салалар бойынша 120 компанияны іріктеу жоспарланып отыр.

ШОБ өкілдері қандай қолдауға үміт арта алады?

– экспорттық әлеуетті диагностикалау

– шетелдік нарықтарға қол жеткізу бойынша сапалы талдау жүргізу

– халықаралық сарапшылармен ынтымақтастық

– жаңа бизнес байланыстарын алу

– В2В келіссөздеріне, халықаралық көрмелер мен сауда миссияларына қатысу

– экспортқа шығу, сертификаттау бойынша құжаттарды дайындауға жәрдемдесу

– тұрақты кері байланыс және сарапшылардың кеңестері.

Отандық тауар өндірушілерді сыртқы нарықтарға жылжытудың тағы бір тиімді құрал – Alibaba цифрлық сауда платформасы. Бұл бүкіл әлем бойынша тауарларды сатып алуға және сатуға арналған ең үлкен B2B маркетплейсі. Сауда алаңында күн сайын өз сұраныстарын қалдырып, мәмілелерді ресімдейтін 220 ел мен өңірлерден сатушылар мен сатып алушылар тіркелген.

Қазақстан Alibaba.com. ұлттық павильоны бар әлемнің 20 елінің қатарына кіреді. Мұнда отандық тауарлардың 5 мыңнан астам атауы ұсынылған.

Маркетплейстің әлемдік сатып алушыларының арасында «Азық-түлік, сусындар» және «Ауыл шаруашылығы» санатындағы өнімдер неғұрлым сұранысқа ие.

Платформаның ең танымал 10 тауарына сұлулық пен денсаулыққа арналған өнімдер, киім-кешек, электроника және т.б. кіреді.

Егер қазақстандық тауарлар туралы айтатын болсақ, онда сатып алушылар біздің азық-түлікке барынша қызығушылық танытады. Бұл бал, кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, шоколад, тоқыма өнімдері. Тағы бір өзекті тренд – эко-өнімдер.

Осы жылы 70 отандық компанияны маркетплейске орналастыру жоспарлануда. Қызмет экспортқа бағдарланған отандық тауар өндірушілерді қолдау шарасы ретінде мемлекет есебінен ұсынылады.

Бағдарламаға белгілі бір біліктілік талаптарына сәйкес келетін компаниялар таңдалады. Атап айтқанда, тауардың шығу сертификаты бар кәсіпорындарға артықшылық беріледі – мемлекеттің қолдауымен платформаға шығарылатын барлық өнім Қазақстанда өндірілуі тиіс.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелген күннен бастап іріктеуге қатысуға өтінім бергенге дейін кемінде 6 ай өтуі тиіс. Бұдан басқа, премиум мәртебесін алуға үміткердің салық берешегі болмауы және экспорттық қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті барлық ресурстары болуы тиіс.

Alibaba.com шығу бағдарламасына қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтінім беру қажет: https://forms.gle/9XGGUzKYZBhSRQHv6

«Экспорттық акселерация» бағдарламасына қатысу үшін сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет:

Тауар өндірушілерге: https://forms.gle/7asU5YSeSJXceP9z7

Қызмет көрсетушілерге: https://forms.gle/DoVYcnULtTW2QUGX9

Пікір қалдыру