QazTrade 2021 жылғы 23 қыркүйекте World Logistics Passport (WLP) бағдарламасының командасымен бірлесіп қазақстандық компаниялар үшін вебинар өткізді, WLP бағдарламасының тетігі және бизнес үшін пайдасы туралы айтып берді.
World Logistics Passport бастамасы дамушы нарықтар арасындағы сауда мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған және бизнеске бүкіл әлем бойынша бағдарлама серіктестері ұсынатын артықшылықтарға (жеңілдіктерге) қол жеткізуге мүмкіндік береді. WLP жүк қозғалысын жылдам қадағалау, трансшекаралық (экспорттық-импорттық) сауда кезінде әкімшілік шығыстарды және әкімшілік рәсімдерді өту уақытын қысқарту, көлік хабтарының логистикасы қызметтеріне жеңілдіктер және т. б. сияқты қаржылық және қаржылық емес пайдаларды ұсынады. Қазіргі уақытта WLP Бағдарламасының, Қазақстанда тіркелген серіктестерді қоса алғанда, 28 елде серіктестері бар.
Қазақстандағы WLP серіктестері «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (бастаманы енгізу жөніндегі үйлестіруші серіктес), «Қорғас ШЫХО» АҚ, QazTrade, KazLogistics, Networks Synergy LLP, Алматы қаласының МКД болып табылады. Алдағы уақытта Қазақстанда WLP бағдарламасын дамыту аясында логистика саласындағы барлық негізгі ойыншылар мен операторларды қосу жоспарлануда.
World Logistics Passport – сауданы дамытуға мүдделі барлық қатысушылар үшін инклюзивті және ашық бағдарлама.
Өткен вебинарда қазақстандық компаниялар WLP халықаралық бастамасы ұсынатын артықшылықтар, бонустар жүйесі және бағдарламаға қосылу мүмкіндіктері туралы білді.
Қазақстандық экспорттаушылар үшін World Logistics Passport (WLP) преференциялық жүйесі бойынша келесі оқыту вебинары қазан айының ортасына жоспарланған.
World Logistics Passport бағдарламасы туралы
World Logistics Passport (WLP) — логистика және жүк тасымалдары саласындағы әлемдегі алғашқы жаһандық адалдық бағдарлама, ол трейдерлер мен экспедиторларға WLP жаһандық желісі арқылы сауда көлемін ұлғайту және желі өскен сайын бүкіл әлем бойынша жаңа нарықтарға бәсекелі қол жеткізуді ұсынады. Авиакомпаниялардың жиі ұшатын бағдарламасы сияқты, бағдарламаға қатысушы неғұрлым көп сауда жасаса, WLP мүшелік деңгейіне байланысты соғұрлым көп пайда ала алады.2020 жылдың басында Давоста іске қосылған WLP бағдарламасы қазіргі уақытта әлемнің 28 елін қамтиды, 60-тан астам серіктес ұсынатын 100-ден астам пайдасы бар және барлық құрлықтар мен нарықтарда тез дамып келеді. Қосымша ақпараты www.worldlogisticspassport.com сайтынан немесе QazTrade компаниясынан табуға болады.