«QazTrade» АҚ Бас директоры ДСҰ-ныңпленарлық сессиясына қатысты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

«QazTrade» АҚ Бас директоры ДСҰ-ныңпленарлық сессиясына қатысты

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы Женевада (Швейцария) өткен Дүниежүзілік сауда ұйымының «Covid-19-дың шегінен тыс сауда: тұрақтылықты арттыру» қоғамдық форумының пленарлық сессиясына қатысты.

Қоғамдық форум – бұл ДСҰ-ның жыл сайынғы ең ірі ақпараттық іс-шарасы. Форум сауда және даму мәселелерінің кең ауқымын талқылау үшін мемлекет басшылары, парламентшілер, бизнес-қоғамдастық, ғалымдар мен азаматтық қоғам жиналатын бірегей платформа болып табылады. Жыл сайын форумға       1500-ден астам адам қатысады

Ағымдағы жылы қатысушылар әлемдік сауданы постковидтік кезеңде дамыту перспективаларын және ДСҰ мүшелерінің сауда тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын талқылады.

Жақында Асқарұлы халықаралық сауда орталығының (ITC) өкілдерімен кездесті.

Тараптар бизнестің экспорттық құзыреттерін арттыру бөлігінде Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын, сондай-ақ Ready4Trade Орталық Азия сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша ITC өңірлік жобасын іске асыру барысын талқылады. Жобаны Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландырады және халықаралық сауда орталығы (ХСО) іске асырады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ жобаның ұлттық серіктестері болып табылады.

Кездесуге қатысушылар, сондай-ақ, халықаралық сауда орталығының экономиканы карбонсыздандыру, «жасыл өсу» және «жасыл сауданы» дамыту мәселелеріндегі рөлін талқылады. Тараптар осы саладағы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Пікір қалдыру