Қазақстан ЕО-ның «көміртегі салығына» дайындалуда - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан ЕО-ның «көміртегі салығына» дайындалуда

QazTrade сарапшылары ЕО өкілдерімен ЕО-қа шекаралық түзетуші көміртегі тетігін (ШТКТ) енгізу мәселелерін талқылады.

Кездесуге мүдделі мемлекеттік органдар, ұйымдар, қауымдастықтар және бизнес қауымдастықтар қатысты.

«QazTrade» АҚ атынан Компания Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров және Субсидиялар және қорғау шаралары департаментінің директоры Айнұр Әмірбекова қатысты.

Қазақстан тарапы консультациялық кездесу шеңберінде шығарындылар деңгейін, сондай-ақ өнеркәсіп бөлінісінде ЕО компаниялары шығарындыларының ағымдағы деңгейін бағалайтын аккредиттелген компаниялар бойынша түсіндірулер сұрады.

– ЕО құжаттарында шығарындылардың деңгейін бағалау мүмкін болмаған жағдайда, олар ЕО-да жұмыс істейтін ең нашар қондырғыларды есептеу үшін алынады деп айтылды. Сондықтан біздің экспортқа бағдарланған бизнесімізге не тең келетінін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар, біз еуропалық әріптестерімізден өнеркәсіп бөлінісінде және шығарындылар деңгейіне байланысты ЕО-дағы экспорттаушы елдерді саралайтын құжат сұрадық, – деп түсіндірді Айнұр Әмірбекова.

QazTrade өкілдері сондай-ақ импортқа көміртегі салығын (шекаралық түзетуші бағалар тетігі) енгізу жоспарланып отырғаны туралы ДСҰ-на мүше мемлекеттерді хабардар ету мерзімдері туралы әлі күнге дейін айқындықтың жоқ екенін атап өтті.

Тараптар өндіріп алу, импорт, экспорт тетіктеріне және көміртегі салығына қатысты басқа да өзекті мәселелерге қатысты әдістемені әзірлеу қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Бұл өңделген тауарлардың қазақстандық экспорттаушыларын Еуропалық Одақ елдеріне дайындалып жатқан жаңа енгізілімдерге дайындауға мүмкіндік береді.

«QazTrade» АҚ сыртқы және ішкі сауда салаларында тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру бойынша жұмыс шеңберінде әлемдегі декарбонизациялау шараларының Қазақстан саудасына әсерін талдау, сезімтал салаларды анықтау, алдын алу шараларын әзірлеу және «жасыл қаржыландыруды» дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, «QazTrade» экспорттаушылар үшін ШТКТ әкелетін тәуекелдер мен ШТКТ енгізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, өткен жылдың қазан айында экспорттық қызметті жүргізу мәселелерінде отандық компаниялардың құзыретін арттыруға бағытталған «Ақылды экспорт» алғашқы бизнес-практикумы ұйымдастырылды. Бизнес-практикумға барлығы 400-ден астам экспорттаушы компаниялардан 900-ден астам қатысушы келді.

Практикум шеңберінде «Жасыл және төмен көміртекті экономикаға көшу» тақырыбында курс өткізілді, ол шекаралық көміртегі салығы, ЕО Тұжырымдамасы шеңберінде кедендік көміртегі түзету тетігі, сондай-ақ қазақстандық бизнесті құру үшін экологиялық шаралар мен декарбонизациялау бойынша перспективалық жобалар мәселелеріне арналды.

Пікір қалдыру