Alibaba.com платформада "Gold Supplier" мәртебесі бар аккаунт беруге іріктеуге қатысуға өтінімдер қабылдау 22 қазанға дейін ұзартылды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Alibaba.com платформада «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунт беруге іріктеуге қатысуға өтінімдер қабылдау 22 қазанға дейін ұзартылды

Анонс

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстандық компаниялардың көптеген өтініштері бойынша «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы»АҚ Alibaba.com платформада» Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттар ұсынылатын қазақстандық ұйымдарды (тауар өндірушілер мен сауда компанияларын) іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – іріктеу).

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген қазақстандық ұйымдардың өтінім беру мерзімі 2020 жылғы 22 қазанға дейін ұзартылады.

Іріктеуге қатысуға өтінімді export.gov.kz порталдағы сервистік ынталандыру шаралары бөлімінде беруге болады№

Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласыңыз +7 776 111 80 82 +7 778 995 98 62.

Пікір қалдыру