Қазақстан әлемнің 40 еліне астық экспорттауды жоспарлауда - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан әлемнің 40 еліне астық экспорттауды жоспарлауда

Ағымдағы маркетингтік жылы Қазақстан қанша астықты қандай елдерге экспорттауды жоспарлап отырғанын ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров ОКҚ брифингінде хабарлады.

«2020/2021 маркетингтік жылға арналған астық пен ұнның экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тоннаны құрайды», – деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар, вице-министр астықты қай елдерге экспорттау жоспарланып отырғанын айтты.

«Нарық туралы айтатын болсақ, бұл Орталық Азия елдері: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сондай-ақ Ауғанстан мен Иран. Жалпы, биыл әлемнің 40 еліне астық экспорттау жоспарлануда», – деді Айдарбек Сапаров.

Бұған дейін ол Қазақстанның биылғы жылы қандай астық жинайтынын хабарлаған болатын.

«Жедел мәліметтер бойынша, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына сақтауға 1,3 млн тонна түсті, бұл республикадағы тартылған астықтың 11%-ын ғана құрайды, оның ішінде бидай – 920,7 мың тонна, жұмсақ бидай – 897,6 млн тонна, қатты бидай – 23,1 млн тонна», – деп хабарлады Айдарбек Сапаров.

Астық өндірісінің болжамды көлемі – 18 млн.тонна екендігі атап өтілді.

Пікір қалдыру