Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын экспорттау мүмкіндіктері - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын экспорттау мүмкіндіктері

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІН ТАЛДАУ

2020 жылғы қаңтар-шілде айларындағы өндіріс көлемі 67,9 млрд. теңгені құрады, COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты өндірістің өсімі 2019 жылғы барабар кезеңіне қарағанда 38% (18,8 млрд. теңге) құрады. 2013 жылдан бастап тіркелген негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің динамикасы оң өсімді көрсетті, тек 2015 жылы 3%-ға төмендеу тіркелген. Жалпы алғанда, өндіріс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда, 2019 жылы 2,5 есе өсті.

ҚР өңірлері бөлінісінде өндірістік жалпы көлемінің 93% үлесіне ие негізгі өндірушілер төрт өңір болып табылады: Шымкент қаласы – 31%, Алматы облысы – 26%, Алматы қаласы 21% және Қарағанды облысы 14%. 2020 жылы 1 тамыздағы жағдай бойынша елде негізгі фармацевтикалық өнімдерді және фармацевтикалық препараттарды өндірумен айналысатын 170 әрекетті кәсіпорын тіркелген. Кәсіпорындар үш өңірде шоғырланған (72%): Алматы қаласы – 52%, Шымкент қаласы – 11% және Алматы облысы – 10%.

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2020 жылғы қаңтар-шілде айларындағы негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар құрылымы 93%-ға дәрілерді өндіруден және 7%-ға фармацевтикалық препараттарды өндіруден тұрады. 2019 жылғы барабар кезеңмен салыстырғанда өндіріс құрылымы айтарлықтай өзгермеген: 92% дәрілер өндірісі және 8% фармацевтикалық препараттар өндірісі құрады.

Фармацевтикалық өнеркәсіп өндірісінің құрылымы, %қаңтар-шілде 2020
Заттай көріністегі өзге де фармацевтикалық препараттар95,8%
Диагностикалық реагенттер және өзге де фармацевтикалық препараттар4,1%
Сарысулар мен вакциналар және өзге де фармацевтикалық препараттар0,2%
Дәрілер өндірісінің құрылымы, %қаңтар-шілде 2020
Құрамында алколоидтер бар дәрі-дәрмектер немесе олардың туындылары, бірақ гормондар немесе антибиотиктер емес42,6%
Басқа топтамаларға енгізілмеген, бөлшектеп сату үшін өлшеп оралған, құрамында таза немесе араласқан өнімдер бар дәрілер41,7%
Басқа топтамаларға енгізілмеген, бөлшектеп сату үшін өлшеп оралған, құрамында таза немесе араласқан өнімдер бар өзге де дәрілер11,8%
Құрамында пенициллин бар дәрілер немесе өзге де антибиотиктер1,4%
Өлшеп оралған, құрамында басқа антибиотиктер бар дәрілер1,0%
Емдеу және аурудың алдын алу мақсаттарында пайдалануға арналған, 21.20.13 сыныбына жататын, өлшеп оралмаған өзге де дәрілер0,7%
Емдеу және аурудың алдын алу мақсаттарында пайдалануға арналған, өлшеп оралмаған, құрамында пеницилиндер және пенициллин қышқылының құрылымынан тұратын олардың туындылары бар, немесе стрептомицидтер немесе олардың туындылары бар дәрілер0,4%
Өзге де дәрілер0,4%

2019 жылы дәрі жасау бойынша өндірістік қуаттар 34%-ға немесе шамамен 92 млрд. теңге сомасына жүктелді, ал саланың жалпы қуаттары 275,9 млрд. теңгені құрады – бұл қосымша 183,4 млрд. теңге шамасында өнім өндірісінің әлеуеті туралы мәлімдейді. Отандық фармацевтикалық салада қуаттарды толықтыра жүктеу кезінде ЕАЭО-ға және басқа елдерде жөнелтілетін экспорттық позицияларды кеңейту әлеуеті бар.

Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ САЛА КӘСІПОРЫНДАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ САЛА КӘСІПОРЫНДАРЫ

2020 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Қазақстаннан жеткізілетін фармацевтикалық сала экспорты 5,1%-ға төмендеді және 28,6 $млн құрады. 2020 жылғы қаңтар-маусым айларындағы жағдай бойынша қазақстандық фармацевтикалық тауарлардың негізгі тұтынушысы Ресей болып табылады – Қазақстан саласының барлық экспортының 78,1% немесе 22,3 $млн. Сонымен қатар ірі тұтынушылар бестігіне мына елдер кіреді: Қырғызстан – 7,6% (2,2 $млн.), Грузия – 3% (845,4 $мың), Өзбекстан – 2,9% (829,0 $мың.) және Словения – 2,7% (760,6 $мың). Жалпы алғанда соңғы үш жылдағы фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің экспорты тұрақты өсуді көрсетеді. 2019 жылы экспорт 64,4 $млн. құрады, бұл алдыңғы жылмен (2018ж. – 38,8 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 66%-ға артық.

Сонымен қатар 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта COVID-19 байланысты Қазақстанға жеткізілетін фармацевтикалық сала импорты айтарлықтай өсті (24,2%). Импорттың өсуі мынадай тауарлардың әкелінуінің артуымен негізделеді:  бөлшектеп сату үшін өлшеп оралған дәрілік заттар – 75,8 $млн-ға. (17,5%), вакциналар, қаннан алынған сарысулар, қан – 55,5 $млн.-ға (53,1%), бөлшектеп сату үшін өлшеп оралмаған, екі және одан астам компоненттен тұратын дәрілік заттар – 7,2 $млн.-ға (89,8%), өзге де фармацевтикалық өнімдер – 5,5 $млн.-ға (69,6%), антибиотиктер – 2,5 $млн.-ға (59,9%).

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ САЛА САУДАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2019 жылдағы ҚР өңірлері бойынша фармацевтикалық сала экспорты

Қазақстанның фармацевтикалық саласының негізгі экспортқа бейімделген өңірлері – бұл Алматы, Шымкент қалалары және Алматы облысы. 2019 жылы жиынтықта осы екі қаладан  60,7 $ млн-ға (94,3%) өнімдер экспортталды.Төрт өңірде экспорт тіркелген жоқ.

САЛАҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2014 жылы саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар бойынша максималды көрсеткіштерге қол жеткізілді – 16 млрд. теңге. Бұл фармацевтикалық салаға әрекетті қуаттардың уақымды жаңғыртылуын жүргізуге, сонымен қатар отандық өндірушілермен жаңа құзыреттіліктерді меңгеріп, салада жаңа білімдер алуға мүмкіндік берді. Кейінгі жылдары салаға тартылған инвестициялар көлемі 52%-ға (2014 жылмен салыстырғанда) 2018 жыл қорытындылары бойынша 7,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді. 2020 жылғы алғашқы 7 айда фармацевтикалық өнімдер өндірісіне тартылған инвестициялар 3,67 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы барабар кезеңнен бар-жоғы 5%-ға кем. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін ағымдағы артқан зейінге байланысты салаға тартылған инвестициялар көлемінің артуы күтілуде.

Фармацевтиканың ИИДМБ шегіндегі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалуы арқасында отандық фармацевтикалық өндірушілерді қолдаудың әрекетті шаралары қолданысқа енгізілді, бұл салаға елеулі шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді – Қазақстанда Pfizer, Sanofi, Polpharma, Nobel, Pharmstandard, Kelun сияқты және т.б. ірі өндірушілер өздерінің жұмысын бастады. 1 кв. 2020 жылғы 1 тоқсандағы 3,2 $млн. тең ТШИ шағын көрсеткішіне қарамастан, орта мерзімді перспективада көрсеткіштердің 2018 және 2019 жылдар деңгейіне дейін артуы күтілуде.

Дереккөз: ҚР ҰБ

ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРҒА ҚАТЫСТЫ ӘЛЕМДІК СҰРАНЫС

Регрессиялық модель: R-квадрат – детерминация коэффициенті. Біздің жағдайда – 0,9992, немесе 99,93%. Бұл мынаны білдіреді: модельдің есептік параметрлері 99,93%-ға зерттелетін параметрлер арасындағы тәуелділікті түсіндіреді. Детерминация коэффициенті қаншалықты жоғары болса, модель сапасы соншалықты жоғарырақ. 1991,12 коэффициенті қарастырылатын модельдегі барлық айнымалылар 0 тең болған жағдайда Y қандай болатынын көрсетеді. Яғни, талданатын параметрге модельде сипатталмаған басқа факторлар да әсер етеді. 5,44 коэффициенті Y қарағанда Х айнымалысының басымдығын көрсетеді. Яғни, осы модель шегіндегі сұраныс өндіріс көлемі мен экспортқа 5,44 үлесімен (бұл шағын әсер дәрежесі) әсер етеді.

ӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДАҒДАРЫСЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІГІ РЕТІНДЕ

2025 жылға әлемдегі туберкулезбен ауыратындар саны 6 млн. адамнан астам шамаға артады. Туберкулезден болатын өлім шамамен 1,5 млн адамға жетуі мүмкін. Сонымен қатар қазіргі уақытта бронхтық демікпемен әлемде шамамен 300 млн. адам ауырады. Бұл – балалар арасында барынша көп тараған созылмалы ауру. 2025 жылға демікпемен ауыратындар саны 100 млн.-ға артады. Ғасырдың екінші жартысында әр екінші бала демікпемен ауыратын болады.

Бүгінгі күні әлемде 425 миллион адам диабетпен ауырады, бұл Жердің барлық халқына шаққанда 5 пайыздан астам шаманы құрайды. Диабетпен ауратын барлық адамдардың 67% – бұл Азия елдеріндегі емделушілер.2030 жылға диабет дүние жүзіндегі  7-ші өлім себебіне айналады.

Экспортты өрістетудің жоғары әлеуеті бар ҚР фармацевтикалық өнімі

ӘЛЕМДІК САХНАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ӘЛЕМДІК БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР НАРЫҒЫ

COVID-19 инфекциясының таралуы салаға жаңа инвестицияларды тартты. 15 $ млрд. қаражатын ҚХР емдеуге, медициналық қызметкерлерге арналған субсидияларға, медициналық жабдықтар мен қорғаныс құралдарына бөлді. 8,3 $ млрд. қаражатын АҚШ Конгрессі COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы күреске және вакциналарды әзірлеуге бөлді. 25 $ млрд. қаражатын Оңтүстік Корея Covid19 вирусына қарсы соғысқа бөлді.50 $ млрд. қаражатын ДВҚ COVID-19 инфекциясымен күресте зардап шеккен елдер мен осал экономикалар үшін бөлді .

БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНІМДЕРІНІҢ САУДАСЫ

Үлкен мүмкіндіктер мен өнімнің жоғары қосылған құнын ескергенде, СЭҚ ТН 3002 кіріс тобының кодтары бойынша биотехнологиялар өнімдерінің МИР-ғы Қазақстан экспорты өте мардымсыз

ҚАЗАҚСТАНДА БИОТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ

Биотехнологиялар нарығының үлкен сыйымдылығын биофармацевтиканың құрайтынына қарамастан, Қазақстанда агробиотехнологияларға қарай бейімделу бар. Өз саласында биотехнологиялармен айналысатын бірқатар жеке компаниялар мен зертханалар бар.

Іс жүзінде, практикалық биофармацевтика мәселелерімен тығыз айналысатын жалғыз орталық Ұлттық Биотехнологиялар Орталығы болып табылады.

ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес биотехнология – экономиканың дамуының басым облысы.

ҮИИДМБ 2010-2014 шегінде сала индустрияландыруды ғылыми қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылды.

ИИДМБ 2014-2019 шегінде Nazarbayev University негізінде биомедициналық кластерді құру қарастырылды.

ИИДМБ 2020-2025  шегінде биотехнологиялар мен биофармацевтиканы дамыту мәселелері жоқ.

Ұсынылатын шаралар:

ҚР Премьер-Министрінің Фармацевтика саласын дамыту бағдарламасын қалыптастыру туралы тапсырмасы шегінде биотехнологиялар мен биомедицинаны дамыту бойынша жеке блокты қарастыру.

Пікір қалдыру