2024 жылдың 17-18 сәуірінде Астана қаласында ОАӨЭЫ-ның 2-ші Цифрлық сауда форумы және ОАӨЭЫ-ның 6-шы Аймақтық сауда тобының отырысы өтті.
Форум жұмысына ОАӨЭЫ-ға мүше елдердің өкілдері, үкімет, бизнес және әлемдік көшбасшылар, өңірде сауданы цифрландыру және цифрлық экожүйені дамытудың түрлі аспектілері бойынша жұмыс істейтін даму институттары қатысты.
2022 жылдың қарашасында іске қосылған ОАӨЭЫ цифрлық сауда форумы – бұл білім алмасу платформасы, оның мақсаты цифрлық шешімдерді қолдануды ынталандыру және 2030 жылға дейін ОАӨЭЫ-нің кеңірек Интеграцияланған сауда бағдарламасы аясында жеткізу тізбектерінің байланыстылығын жақсарту және сауданы кеңейту үшін аймақтық ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Бұл саясаткерлер, реттеуші органдар, сауданы ынталандыру агенттіктері, жеке сектор, даму серіктестері, аналитикалық орталықтар және басқа да негізгі мүдделі тараптар арасында тиімді саясат және цифрлық сауданы қолданудың тәжірибесін алмасу үшін кросс-оқыту желісі ретінде қызмет етеді.
Бірінші күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің вице-министрі Қайрат Балықбаев пен Орталық және Батыс Азиядағы Азия даму банкінің Аймақтық ынтымақтастық пен интеграция департаментінің аймақтық басшысы Лязиза Сабырованың сәлемдеме сөзінен кейін, форум қатысушылары аймақтық механизмдер мен жүйелерді, деректердің шекарааралық ағындарын, цифрлық сауда үшін инфрақұрылымды, сондай-ақ жаңа технологияларды қолдану және цифрлық қоғамдық инфрақұрылым мәселелерін талқылады.
«QazTrade» компаниясы бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров Сауданы цифрландыру бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген сауданы жеңілдету жұмыстарының қорытындысы таныстырылды.
18 сәуірде өткен ОАӨЭЫ аймақтық сауда тобының 6-шы отырысын Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің вице-министрі Қайрат Төребаев және Орталық және Батыс Азиядағы Азия даму банкінің Аймақтық ынтымақтастық пен интеграция департаментінің аймақтық басшысы Лязиза Сабырова ашты.
Кездесу барысында қатысушылар ОАӨЭЫ-2030 кешенді сауда бағдарламасының іске асырылу барысын қарап, ОАӨЭЫ-2030 стратегиясын орта мерзімді шолуды және климаттың өзгеруі жөніндегі негізгі іс-қимылдарды және ОААЭЫ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік базаны ОАӨЭЫ сауда секторының жұмысына енгізу мәселелерін талқылады, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған ауыспалы стратегиялық іс-қимыл жоспарын мақұлдады.