Қазақстан Ауғанстанға экспорт номенклатурасын кеңейтуге дайын - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан Ауғанстанға экспорт номенклатурасын кеңейтуге дайын

Кабулда Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы мен атаулы көрмеде 35 отандық компания өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды. 25-26 сәуір аралығында QazTrade ұлттық экспорттық операторы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлер үшін Кабул қаласында сауда миссиясын өткізді.

Қазақстанның іскерлік делегациясының құрамында Кабул қаласына QarMet компанияларының, Doscar Group дилерлік орталығының (KIA, Chevrolet брендтері), Кентау трансформатор зауытының, Kaspy Group компаниялар тобының (металл конструкцияларын дайындау, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру) өкілдері, зертханалық сынақтарды, медициналық дәрі-дәрмек, май өнімдері, кондитерлік өнімдер, тоқыма өндіруші кәсіпкерлер келді.

Бизнес-форумның ашылуында вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, ауған делегациясының Астанаға өткен жылғы сапарының қорытындысы бойынша тараптар жақын арада өзара тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу міндетін қойды. 2023 жылы біздің елдеріміз арасындағы сауда көлемі төмендеп, $636,5 млн. Құрады. Сонымен қатар, Қазақстан ауған нарығына тауарлардың экспорттық номенклатурасын кеңейту бойынша айтарлықтай әлеуетке ие.

Біз химия өнеркәсібіндегі, тау-кен металлургия кешеніндегі өндірісті бірлесіп дамытуды, Ауғанстан аумағында қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, ИТ-технологияр саласында, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан тарапы Ауғанстанда автокөліктерге қызмет көрсететін дилерлік орталықтардың орналасу орнын кейіннен анықтай отырып, отандық өндірістің автомобильдерін жеткізуге мүдделі», — деді Серік Жұманғарин.

Форум аясында Ауғанстанның іскер топтарына отандық IT-қызметтердің әлеуеті таныстырылды. Ауған тарапы қазақстандық цифрлық өнімдерді жоғары бағалап, оларды өз елінде қолдануға бейімдеуге дайын екенін атап өтті.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Ауғанстан сауда, білім және мәдени байланыстарды қоса алғанда, түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту үшін жұмыс істейді. ерат қаласында Қазақстан сауда үйі ресми түрде ашылып, өз жұмысын бастады, сондай-ақ ол Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жандануына ықпал ететін болады.

Бизнес-форум қорытындысы бойынша $12 млн-нан астам сомаға күнбағыс майы, дәнді дақылдар мен ұн жіберу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Ауған компаниялары мотор майына үлкен қызығушылық танытып, отандық жеткізушілермен аталған тауарды жеткізуге алғашқы келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

 

Анықтама:

Ауғанстанға қазақстандық экспорттың негізін бидай немесе қара бидай ұны, суықтай иректелген легирленген болаттан жасалған жазық илек, плакирленген легирленбеген болаттан жасалған жазық илек, күнбағыс майы, кептірілген бұршақ көкөністері, қант, зығыр тұқымы және басқалары құрайды.

Ауғанстаннан Қазақстан нарығына минералды және газдалған, жүзімді, жаңа піскен немесе кептірілген, парфюмерияда немесе фармацияда пайдаланылатын өсімдіктерді, пияз, сарымсақ, ерлердің тоқыма киімін және басқаларды қоса алғанда, су жеткізу жүзеге асырылады.

Пікір қалдыру