Күнбағыс майының экспорттық мүмкіндіктері - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Күнбағыс майының экспорттық мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасында азық-түлікті өндіру

2020 жылғы қаңтар – мамырда Қазақстанда сомасы 743,3 млн. теңге азық-түлік өндірілді – бұл былтырғы жылдан 18,8%  артық. Инфляцияны ескере отырып, шынайы өсім 2,3% құрады.

Азық-түліктің барлығын өндірудің жартысынан көбі құнды мәнде үш сегменке тиесілі болды. Бесінші бөлігі (20%) — ұн-жарма өнімдерін, крахмал және крахмалды өнімдерді шығаруға: 148,3 млн. теңге. Біршама аз 17,4% — етті қайта өңдеуге және консервілеуге және ет өнімдерін өндіруге: 129 млн. теңге. Сүт өнімдерін өндіру барлық өндіруден 17,1% немесе 126,8 млн. теңгені құрады. 11% және 10%-данөсімдік майын, сондай-ақ 87,5 және тиісінше 102,5 млн. теңгеден өзге де азық түлікті өндіруге тиесілі болды.

Кең перспективалар нарығы

Әлем халқының  2100 жылға дейін өсуі

БҰҰ болжамдарының деректеріне сәйкес келесі 30 жыл ішінде планета халқы 2050 жылға 9,7 миллиард адамға жете отырып, екі миллиардқа ұлғаяды, ал 2100 жылға – 11 миллиард адамды құрайды. Бұл сөзсіз азық-түлік өнімдерін тұтынудың өсуі туралы айтады. Өсімдік майын 97-98% отбасы пайдаланады, олардың абсолютті көпшілігі күнбағыс майын артық көреді, олар оны қуыру, салаттарға араластыру және үй майонезін немесе консервілерді дайындау үшін пайдаланады. Бұдан басқа, ЕЭК болжамдарына сәйкес 2021 жылы ЕО-да күнбағыс майын тұтыну көлемі 4 093  мың тонна ны, ҚХР-да – 1 541 мың тоннаны, Үндістанда – 2 724  мың тоннаны құрайтын болады.

Нарықтың ағымдағы жай-күйі

Күнбағыс майының экспорты және өндіру

Күнбағыс майының тұқымдарын өндіру

Май тұқымдарын өндірудің тұрақты ұлғаюы байқалды

Май дақылдарын егу көлемі өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың, Қазақстан Республикасының Аграөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау көлемінің ұлғаюы және қолайлы нарық конъюктурасы арқасында кеңейді.

Егіс көлемдерінің шығымдылығы шығарылатын күнбағыс майының көлемдері мен сапасына байланысты, осыған байланысты, ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру кезінде климатты өзгерту мәселесін ескеру маңызды.

Отандық нарықтың негізгі проблемалары

Күнбағыс майының өсіп келе жатқан экспортына қарамастан, шикізаттың жетіспеушілігінен шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында өңдеуші кәсіпорындар елге күнбағыс тұқымын импорттауға мәжбүр. Нарықтың қажеттіліктері (негізінен РФ-дан) 83,3 мың тонна импорт есебінен жабылады. Ресейлік шикізат баға жағынан ҚР кейбір фермерлерінің тұқымдарымен бәсекеге қабілетті. Қазақстандық күнбағыстың негізгі импорттаушылары Өзбекстан (48%) және Қытай (47%) болып табылады. Аталған бағыттар бойынша қазақстандық шикізат ресейлік күнбағысқа қарағанда арзан сатылады.

Статистикаға сәйкес ҚР-да күнбағыс тұқымдарының жалпы жинағының 64%  экспортқа жіберіледі, бұл ретте кейбір жағдайларда өнімді экспорттау жергілікті нарыққа шикізат жеткізуден гөрі тиімдірек болады. Осындай баға жағдайларында COVID-19 пандемиясына байланысты сыртқы нарық тарапынан жоғары сұраныс қайта өңдеу үшін шикізат тапшылығының кейіннен пайда болуымен экспорттың күрт өсуіне әкелуі мүмкін, бұл ішкі нарықтың қамтамасыз етілуіне қауіп төндіреді.

Өңдеуші кәсіпорындардың шикізатпен қамтамасыз етілуі бойынша шаралар*

o Карантинді аймақтарда өсірілген шикізатты қайта өңдеу мүмкіндігін пайдалану

o Егіс көлемінің 1 га бастап шығымдылығының артуы

o Белгілі бір сәттерде (егінді жинау маусымы) шикізатты сатып алу үшін айналым құралын толтыру үшін жеңілдікпен несиелеу

o Май дақылдарын сақтау үшін заманауи инфрақұрылым құрылысы

o Жергілікті май өндірушілеріне қайта өңдеуге шикізатты сату бойынша шаруа қожалықтарын ынталандыру

* Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан 2020 жылғы 31 тамызға дейін күнбағыс тұқымдарын шығарудың рұқсат беру тәртібі белгіленді.

Күнбағыс тұқымының шығымдылығының болжамы

Қазіргі уақытта өнімділік Ресей мен Украинаның көрсеткіштерінен төмен

o Қазіргі уақытта өнімділік Ресей мен Украинаның көрсеткіштерінен төмен

o Неғұрлым тиімді себу, дұрыс ауыспалы егіс, сондай-ақ техниканың сапалы препараттарын пайдалану есебінен өнімділікті арттыру әлеуеті бар

2050 жылға қарай климаттың өзгеру үрдісіне байланысты майлы дақылдар өнімділігінің өсуі болжануда. Болжамдық есептеулер климаттың өзгеру сценарийіне сәйкес 2030 және 2050 жылдардағы климаттық жағдайларға сәйкес жүргізілді. Есептеулер 2030 жылғы күтіліп отырған климат жағдайларында күнбағыс тұқымдарының шығымдылығы облыстар бойынша орташа алғанда олардың қазіргі деңгейінің 102-109%, ал 2050 жылдар жағдайында 100-105% құрайтынын көрсетті. Бұл қазіргі кезеңде белгіленген егін мәдениетінің деңгейін сақтай отырып, 2050 жылға дейін күнбағыс тұқымдарының шығымдылығын төмендету күтілмейді дегенді білдіреді. Керісінше, жылу режимін оңтайландыру есебінен күнбағыс тұқымдарының шығымдылығын қазіргі нормаларға қатысты 2030 жылға қарай 2-9% – ға, 2050 жылға қарай 5% – ға дейін ұлғайтуға болады. Бұл Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында жылу сүйгіш дақылдарды кеңейту қажеттігін көрсетеді.

Осы нарықтың ойыншылары үшін: қазір өзекті!

Күнбағыстың экспортына тыйым салу сыртқы нарықта қазақстандық майды қысқартады

Үшінші ай қатарынан майлы дақылдар экспортының төмендеуі байқалады. Бұл көбінесе бірінші шілдеде ресми түрде жойылған (рұқсат беру тәртібі енгізілген) ЕАЭО шеңберінде жұмыс істейтін күнбағыс экспортына тыйым салуға байланысты.

Кедендік деректерге сәйкес, өткен аймен салыстырғанда май тұқымдарын жөнелту маусым айында 41% төмендеп, 28,3 мың тоннаны (мамырда – 48 мың тонна) құраған.

Қазақстанда күнбағыстың экспортына қорытынды беру тәртібі бекітілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 240 бұйрығымен Күнбағыс тұқымдарын республика аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру қағидалары бекітілді.

Қағидаларға сәйкес қорытындыны ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері береді.

Рұқсат беру құжатын алу үшін мыналарды ұсыну қажет:

– ҚР аумағынан үшінші елдерге күнбағыс тұқымын шығаруға қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру туралы өтініш;

күнбағыс тұқымына инвойс немесе тауар-көлік жүкқұжатының көшірмесін;

– жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).

Пікір қалдыру