Жыл басынан бастап экспорттаушыларға 2,3 млрд. теңгеден астам шығындар өтелді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Жыл басынан бастап экспорттаушыларға 2,3 млрд. теңгеден астам шығындар өтелді

Жыл басынан бастап «QazTrade» АҚ-на 307 компаниядан өңделген тауарларды экспорттаушы субъектілер шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдер келіп түсті.

Келіп түскен өтінімдер саны бойынша Қостанай облысы көшбасшы болып табылады (118 өтінім), екінші орында Алматы қаласы (83 өтінім) және үшінші орында – Қарағанды облысы (65 өтінім). Келіп түскен өтінімдердің ең аз саны Маңғыстау облысына тиесілі (5 өтінім).

Бизнес санаттары бойынша келіп түскен өтінімдердің 21%-ы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, 22%-ы орта және 57%-ы шағын кәсіпкерлікке тиесілі.

Келіп түскен өтінімдердің жалпы санынан тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша (тауарларды темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігімен жеткізуге және тасымалдауды ұйымдастыруға байланысты шығындар). Сонымен қоса тауарларды ілгерілету бойынша шығындар түсті (отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, оларға қазақстандық тауарларды шетелде жарнамалауға және жылжытуға арналған шығындар; қоймаларды ұстауға арналған шығындар жатады; шетелдік нарықтарда тауар белгілерін тіркеуге және техрегламенттерге сәйкестік рәсімдерінің өтуіне байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар және т.б. бар).

ВАК 11 отырысының қорытындысы бойынша 307 компаниядан 2 356 млн. теңге сомасына 132 өтінім өтеуге мақұлданды, оның ішінде: тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша 2 328 млн. теңге; тауарларды ілгерілетуге арналған шығындар бойынша 28,455 млн. теңге. (2021 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша шығын сомасы 1,4 млрд. теңге құрады).

2019 жылы мемлекеттік қолдау алған компаниялар өндіріс көлемін 9%-ға ұлғайта алды, экспорттық түсім көлемін – 30%-ға, салық аударымдар көлемі 45%-ға өсті, 755 жаңа жұмыс орындар құрылды.

2019 жылы отандық тауарлар әлемнің 29 еліне экспортталды, соның ішінде Кувейт, Оман, Сауд Арабиясы, АҚШ және Оңтүстік Корея сияқты экспорттың жаңа елдері пайда болды.

   2020 жылы мемлекеттік қолдау алған компанияларда:

– экспорт көлемі 90%-ға өсті;

– салық аударымдар көлемі 83%-ға ұлғайды;

– шикізат емес экспорт шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау алған экспорттаушылар 3 034 жаңа жұмыс орындар құрды.

АҚШ, Мексика, Тайвань, Израиль, Франция, Эстония, Канада сияқты экспорттың жаңа елдері пайда болды.

Мемлекет «QazTrade» АҚ арқылы аналитикалық кеңес беру қолдауын көрсетеді.

Пікір қалдыру