СИМ экспорт кредиттері бойынша процент ставкаларын субсидиялауға бастама етеді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

СИМ экспорт кредиттері бойынша процент ставкаларын субсидиялауға бастама етеді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында ведомство экспорттық қаржыландыру бойынша процент ставкаларын субсидиялау – қолдаудың жаңа тетігіне бастама етіп отырғанын хабарлады. «Бұл жоғары технологиялық өнімді жеткізу бойынша келісімшарттарды қолдайды», деді Сұлтанов. Оның айтуынша, «Осы қолдау нысанын күтіп отырған және 300 млрд. теңгеден астам сомаға мұндай өнімді жыл сайын экспорттауға дайын кәсіпорындардың нақты тізбесі бар».

Қазіргі уақытта Қазақстан шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдаудың белсенді саясатын жүргізуде.

Осылайша, өткен жылы Министрліктің көмегімен 300-ден астам қазақстандық компания 50 шетелдік көрмелерге қатысып, 114 млрд.теңгеге 63 экспорттық келісімшарт жасасты.

Өңделген өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау 2 жыл ішінде 277 экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың көлік шығыстарын 6,8 млрд. теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді. Ал босатылған қаражатты олар өндіріс көлемін ұлғайтуға инвестиция ретінде салды. Нәтижесінде, олардың  салық аударымдары 45%-ке өсті.

Экспорттаушылар, сондай-ақ, жеңілдетілген кредиттер мен келісімшарттарға сақтандыру қолдауын да алады. Мысалы, өткен жылы «ҚазақЭкспорт» 82 экспорттаушының 97,1 млрд. теңге сақтандыру міндеттемелерін қабылдады, осы жылы – 31,1 млрд. теңге сомасына 50-ден астам.

Біз қолдаудың тағы бір құралы – экспорттық қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау туралы бастама көтереміз. Бұл 300 млрд. теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық өнім жеткізу жөніндегі келісімшарттарға қолдау көрсетеді.

Біз мемлекеттік қолдаудың жаңа жүйесін – экспорттаушыларды жеделдетуді іске қостық. Бұл жылы акселератор тамақ өніркәсібіне шоғарланған. Тамақ өнеркәсібінде Қытай нарығына шығарылатын 40-қа жуық компания іріктеліп алынды.

Министрдің айтуынша, 2025 жылға қарай экспорттық акселерацияны қолдау «сенімді экспорттаушылар қатарын тағы алты жүз қазақстандық кәсіпорынға толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл экспорттық жеткізілімдердің $ 410,2 млн. – ға ұлғаюын және қосымша салық аударымдарының 34,5 млрд. теңге түсуін қамтамасыз етеді».

Пікір қалдыру