Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлағандай, өкімет қазақстандық цифрлық сауда алаңдарын ынтыландырудың жаңа шараларын пысықтауда.
«Қосымша КТС пен ЖТС төлеуден босату мәселесі пысықталуда,» – деп мәлімдеді Сұлтанов, электрондық коммерцияны дамыту жоспары туралы әңгімелегенде.
Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп «төлем жүйесі арқылы электрондық коммерцияны дамытуды ынталандыру мәселесі» пысықталып жатқанын хабарлады.
СИМ-нің болжамы бойынша, осы жылдың соңына дейін 900 млрд. теңге, ал 2022 жылға қарай онлайн сатып алу көлемі елдегі барлық бөлшек сауданың 2 триллионына немесе 13%-ына жетуі мүмкін.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2025 жылға қарай электрондық коммерция үлесі нарықтың 15% – ына жетеді.