«QazTrade» АҚ халықаралық сауда орталығы/International Trade Centerмен (ITC) бірлесіп, экспорттық менеджмент саласында оқыту (коучинг) жөніндегі бастаманы іске асыруға кірісті. Бағдарлама кәсіпорындардың иелеріне олардың экспорттық операцияларын басқару кезінде туындайтын күнделікті мәселелерді шешуге көмектесуге арналған.
Ready4Trade – Орталық Азияны Еуропалық Одақ (ЕО) тарапынан қаржыландырады және Халықаралық сауда орталығы (МСО) тарапынан жүзеге асырылады.
Бұл бастама трансшекаралық талаптардың ашықтығын арттыру, нормативтік және рәсімдік кедергілерді жою, сауда формальдылықтары мен стандарттарын сақтау үшін бизнес-мүмкіндіктерді күшейту, шағын және орта кәсіпорындардың трансшекаралық талаптарды сақтау мүмкіндіктерін жақсарту, сондай-ақ трансшекаралық электрондық коммерцияны жақсарту жолымен Орталық Азия елдерінде өңірішілік және халықаралық сауданы ілгерілетуге бағытталған Ready4Trade-Central Asia үлкен жобасының бір бөлігі болып табылады.
Жобаның Қазақстандағы стратегиялық серіктесі – QazTrade компаниясы.
Экспортты басқару саласындағы коучинг бағдарламасына өзінің экспорттық қызметін дамытуға мүдделі отандық шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындары қатыса алады.
Оқытуды импорт/экспорт, сертификаттау, жүктерді экспедициялау және логистика саласында мол практикалық тәжірибесі бар жергілікті мамандар жүргізетін болады. Барлық мамандар ITC коучинг әдістемесі бойынша оқытылды және экспортты басқару бойынша коуч болып табылады.
Оқыту бағдарламасы 5 күндік жеке консалтингтен тұрады. Коучинг тақырыбы ШОБ үшін әдетте қиындық тудыратын 5 (бес) негізгі бағытты қамтиды: тауарды буып-түю және таңбалау, сертификаттау, кедендік рәсімдер, халықаралық тасымалдау, сондай-ақ экспортты жоспарлау және шоттарды ұсыну.
Барлық оқыту бенефициар – ШОБ кеңсесінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта QazTrade және ITC коучинг бағдарламасына қатысу үшін компанияларды іріктеуді жүргізуде.
Коучинг жобасы шеңберінде барлығы 40 отандық компания іріктеліп алынады, оларға 2021 жыл ішінде кәсіби коучинг қызметі ұсынылады.
Коучинг миссиялары аяқталғаннан кейін кәсіпорындар үшін коучинг қызметтерінің тиімділігі мен пайдасын бағалау мақсатында компанияларға сауалнама жүргізілетін болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлерді іріктеу кезінде әйел кәсіпкерлер басқаратын шағын және орта бизнеске басымдық беріледі.
Үміткерлерден өтініштер 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін қабылданады.
Үміткерлерді іріктеу төменедегі сілтеме бойынша онлайн сауалнама негізінде жүргізіледі:
Ready4Trade-Central Asia жобасы туралы қосымша ақпаратты intracen.org/Ready4Trade сайтынан алуға болады.
@internationaltradecentre
@EUinKZ
Ready4Trade – Орталық Азия жобасын Еуропалық Одақ (EU) қаржыландырады және халықаралық сауда орталығы (ITC) жүзеге асырады.