Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Асқарұлы «QazTrade «Сауда саясатын дамыту орталығы»АҚ Бас директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен А.Асқарұлы Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.
Азамат Асқарұлы – Талдықорған қаласының тумасы, 1984 жылы туған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Самұрық-Қазына-Инвест» ЖШС-да бастады және келесі қызметтерді атқарды:
– Қаржы департаментінің бас менеджері (2009-2010 жж.);
– Халықаралық қатынастар және мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен жұмыс департаментінің директоры (2010-2012 жж.);
– Халықаралық қатынастар департаментінің директоры (2012-2014 жж.).
Сонымен бірге «Қазақстан темір жолы Экспресс» АҚ Әуетасымалдары департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді (2016-2019 ж.ж.).
Сонымен қатар, еңбек өмірбаяны шетелде жұмыс істеуді қамтиды. 2014-2016 жылдар аралығында «KTZ Express Hong Kong» ЖШҚ (Гонконг қ., ҚХР) басқарды.
Ол:
-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Халықаралық қатынастар» біліктілігімен, 2006 жыл;
– Гарвард университетін (Кеннеди атындағы мектеп) «Мемлекеттік саясат» біліктілігімен, 2009 жыл;
– Гонконг ғылым және технология университетін, «Іскерлік әкімшілік магистрі» біліктілігімен, 2016 жыл бітірді.
Осы тағайындауға дейін 2019 жылғы 9 шілдеден бастап Азамат Асқарұлы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.