QazTrade Катардың бизнес өкілдері үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Катардың бизнес өкілдері үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынды

«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы Astana Finance Days аясында Қазақстан-Катар дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шараға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ және Қазақстандық инвестициялық даму қорының басшылығы қатысты.

Кездесу барысында Азамат Асқарұлы Қазақстан мен Парсы шығанағы елдері арасындағы өзара сауда дамуының оң динамикасын атап өтті.

«Катар Қазақстан үшін Парсы шығанағы елдері арасындағы маңызды сауда серіктестерінің бірі бола алады. Соңғы жылдары Қазақстан мен өңір елдері арасындағы өзара сауданың ұлғаюы байқалуда. Мәселен, Қазақстан мен Парсы шығанағы елдері арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 728,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы көрсеткіштен 49,2% – ға жоғары (488,0 млн. АҚШ). Экспорт 648,2 млн. АҚШ долларын құрап, 261,4 млн. АҚШ доллары немесе 2020 жылғы көрсеткіштен 67,6% артық.»

QazTrade бас директоры Катарға қазақстандық өнімнің экспортын арттыру әлеуетін таныстырды.

«Қазақстан мен Катар арасындағы өзара сауда көлемі де артып, 13,5 млн. АҚШ доллар құрады. Қазақстаннан экспорттың өсуінің оң серпінін ескере отырып, алдын ала есептеулер бойынша Катарға экспорттық әлеует шамамен 235 млн. АҚШ доллар құрайды. Қазақстан Катарға металлургия, машина жасау, мұнай-химия салаларының және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін жеткізе алады және әзір.

Қысқа мерзімде Катарда азық-түлік сатылымы тұрақты өсуді жалғастыруда. Қазақстандық азық-түлік өнімдерінің дәмдік сапасымен, экологиялығымен, қолайлы бағасымен ерекшеленетінін, сондай-ақ Халал сертификациясы бар екенін атап өткен жөн.»

Қазіргі уақытта QazTrade қолдауымен отандық кәсіпкерлер Катарға шұжық өнімдері мен қой етін экспорттауда. Жақын арада жаңа қазақстандық компаниялардан ет, бал және кондитерлік өнімдердің экспорттық жеткізілімдері күтілуде.

Катарлық тарапты Қазақстаннан жеткізілімдерді арттыруға арналған QazTrade ұсынған логистикалық бағыттар ерекше қызықтырды. Кездесу барысында экспортқа бағдарланған бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Astana Finance Days «Тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік, өсу» тақырыбына арналған халықаралық конференциясы. Бұл финтех, өнеркәсіп, құқық және білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң. Іс-шарада әлемдік экономикалық қоғамдастықтың сарапшылары тәжірибе алмасады. 2018 жылы құрылғаннан бері AFD әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жинады.

Пікір қалдыру