QazTrade Accelerator қатысушыларына ҚХР ірі кәсіпкері кеңес береді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Accelerator қатысушыларына ҚХР ірі кәсіпкері кеңес береді

2020 жылғы 22 қазанда QazTrade экспорттық акселерациясы шеңберінде ұн және кондитерлік өнімдерді өндірушілер үшін топтық онлайн коучинг сессиясы өтті. Сессияны Қытайдың осы индустриясының ірі сарапшысы – Qidong Kangmin азық-түлік фабрикасының бас директоры Цзянь Чжан өткізді. Qidong Kangmin компаниясы екі негізгі өткізу арнасымен – делдал дистрибьюторлармен және супермаркеттермен (RT-Mart, Auchan, Metro, Walmart, Tesco, Suguo және China Resources қоса алғанда) жұмыс істейді.Коучинг сессиясы аясында қытайлық сарапшы қазақстандық кәсіпкерлердің практикалық сұрақтарына жауап берді: дистрибуция процесі, Төлем шарттары, тапсырыс пен жеткізу арасындағы қажетті уақыт, жеткізушілерді іздеу кезіндегі импорттың біліктілігі, сондай-ақ негізгі өткізу арналары (дистрибьютерлер-делдалдар мен супермаркеттер).Әңгіме барысында Чжан мырза Қазақстан ұнын сатып алу үшін ҚР өндірушілерімен ұзақ мерзімді ірі келісімшарт жасасуға мүдделілігін білдірді.


QazTrade Accelerator экспорттық акселерация бағдарламасы аясында отандық тауар өндірушілердің ҚХР әлеуетті серіктестерімен осындай бірқатар кездесулері жоспарланған.

Пікір қалдыру