Қазақстанның Қырғызстанмен 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара саудасы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстанның Қырғызстанмен 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара саудасы

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 418,1 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,9% – ға төмен (509,1 млн. АҚШ).

Өзара сауда көрсеткіштері

млн. АҚШ долл.2019 жылғы қаңтаршілде2020 жылғы қаңтаршілдеӨсім 2020/2019
Тауар айналымы509,1418,1-17,9%
Экспорт345,1288,6-16,4%
Импорт164,0129,5-21%
Сауда балансы181,0159,0ухудшился

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 16,4%-ға төмендеп, 288,6 млн. АҚШ долл. құрады.

Қырғызстанға экспорттың қысқаруы мынадай тауарларды жеткізудің төмендеуімен негізделеді:  бидай – 66,9%-ға немесе 11,8 млн. АҚШ долл. (17,6-дан 5,8 млн. АҚШ доллары), мұнай өнімдері – 25,6%-ға немесе 8,6 млн. АҚШ долл. (33,6-дан 25,0 млн. АҚШ долл.), өзге де темір жол локомотивтері – 100%-ға немесе 7,6 млн. АҚШ долл. (7,6-дан 0,0 млн. АҚШ доллары), темекі өнімдері – 24,4%-ға немесе 6,4 млн. АҚШ долл. (26,4-тен 20,0 млн. АҚШ доллары), кокс және мұнай битумы – 99,9%-ға немесе 4,6 млн. АҚШ долл. (4,6-дан 0,0 млн. АҚШ).

Сонымен қатар мынадай тауарларды жеткізудің ұлғайғаны байқалады: бидай ұны – 96,6%  а немесе 6,2 млн. АҚШ долл. (6,4-тен 12,6 млн. АҚШ долл.), тас көмір – 86,6%-ға немесе 4,9 млн. АҚШ долл. (5,6-дан 10,5 млн. АҚШ долл.), жүк автомобильдері – 3,6 есе немесе 2,4 млн. АҚШ долл. (0,9-дан 3,3 млн. АҚШ доллары), пульттер, панельдер, электр аппаратурасына арналған үстелдер – 10,5  есе немесе 2,3 млн. АҚШ долл. (0,2-ден 2,6 млн. АҚШ доллары), цемент-21,1%-ға немесе 2 млн. АҚШ долл. (9,5-тен 11,5 млн. АҚШ).

Қазақстаннан Қырғызстанға экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: табиғи газ – 25,2 млн. АҚШ долл. (8,7% үлесімен), мұнай өнімдері – 25 млн. АҚШ долл. (8,7%), темекі өнімдері – 20 млн. АҚШ долл. (6,9%), бидай ұны – 12,6 млн. АҚШ долларын (4,4%), минералды және газдалған суларды қоса алғанда, қант қосылған сулар – 12,2 млн. АҚШ долл. (4,2%), цемент – 11,5 млн. АҚШ долл. (4%), тас көмір – 10,5 млн. АҚШ долларын (3,6%), әйелдер мен балаларға арналған гигиена заттары – 9,9 млн. АҚШ долл. (3,4%), легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек – 6,4 млн. АҚШ долл. (2,2%), бидай-5,8 млн. АҚШ доллары (2%). 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде Қырғызстанға экспортталатын негізгі тауарлар бойынша толығырақ ақпарат №1 кестеде көрсетілген.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 21% – ға төмендеп, 129,5 млн. АҚШ долл. құрады.

Қырғызстаннан импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді: кендер мен өзге де концентраттар – 100%-ға немесе 8,5 млн. АҚШ долл. (8,5-тен 0,0 млн. АҚШ доллары), үсті табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім – 100% немесе 7 млн. АҚШ долл. (7,0-ден 0,0 млн. АҚШ доллары), жылжымалы құрам бөліктері – 86,2%-ға немесе 5,2 млн. АҚШ долл. (6,1-ден 0,8 млн. АҚШ доллары), жылтыратылмаған керамикалық плитка – 68,2%-ға немесе 2,6 млн. АҚШ долл. (3,9-дан 1,2 млн. АҚШ доллары), жылтыратылған шыны – 28,9%-ға немесе 2,6 млн. АҚШ долл. (9,1-ден 6,4 млн. АҚШ доллары), мұнай өнімдері – 68,6%-ға немесе 1,9 млн. АҚШ долл. (2,8-ден 0,9 млн. АҚШ доллары), ерлерге арналған тоқыма жейделер – 100%-ға немесе 1,6 млн. АҚШ долл. (1,6-дан 0,0 млн. АҚ долл.).

Сонымен қатар, мынадай тауарлар импортының өскені байқалады: бағалы металдардың кендері мен концентраттары 4,8%-ға немесе 2,7 млн. АҚШ долл. (56,5-тен 59,2 млн. АҚШ доллары), ірімшіктер мен сүзбе – 3,8 есе немесе 2 млн. АҚШ долл. (0,7-ден 2,8 млн. АҚШ доллары), қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей – өсім 4,2 есе немесе 2 млн. АҚШ долл. (0,6-дан 2,6 млн. АҚШ долл.), шиналар – 14,1 есе немесе 1,6 млн. АҚШ долл. (0,1-ден 1,8 млн. АҚШ доллары), қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер – 94,1%-ға немесе 1,2 млн. АҚШ долл. (1,3-тен 2,4 млн. АҚШ долл.).

Қырғызстаннан Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 59,2 млн. АҚШ долл.құрады (45,7% үлесімен), нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 6,8 млн. АҚШ доллары (5,2%), жылтыратылған шыны – 6,4 млн. АҚШ долл. (5%), пластмасса ыдыс – 6,2 млн. АҚШ долл. (4,8%), ірімшік және сүзбе – 2,8 млн. АҚШ долл. (2,1%), қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей – 2,6 млн. АҚШ долл. (2%), қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер – 2,4 млн. АҚШ долл. (1,9%), жарықтандыру жабдықтары – 2,4 млн. АҚШ долл.құрады (1,9%). Қырғызстаннан 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде импортталатын негізгі тауарлар бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат №2 кестеде көрсетілген.

Пікір қалдыру