Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара сауда - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара сауда

Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 10,4 млрд. АҚШ долл.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға төмен (11,7 млрд. АҚШ долл.).

Өзара сауда көрсеткіштері

млн. АҚШ долл.2019 жылғы қаңтаршілде2020 жылғы қаңтаршілдеӨсім 2020/2019
Тауар айналымы11,710,4-11,1%
Экспорт3,52,8-19,4%
Импорт8,27,6-7,5%
Сауда балансы-4,6-4,7ухудшился

Елдер бөлінісіндегі өзара сауда көрсеткіштері (млн. АҚШ долл.)

ЕлдерТАЭкспортИмпортҮлесі
ТАЭкспортИмпорт
 Жалпы қорытынды10 401,22 847,47 553,8100,0%100,0%100,0%
1Ресей9 606,82 517,47 089,492,4%88,4%93,9%
2Қырғызстан418,1288,6129,54,0%10,1%1,7%
3Беларусь368,637,1331,43,5%1,3%4,4%
4Армения7,74,33,40,07%0,15%0,04%

Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорт 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 19,4% – ға төмендеп, 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

ЕАЭО елдеріне экспорттың қысқаруы мынадай тауарларды жеткізудің төмендеуімен негізделеді: қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай илектелген жазық илек-45,4%-ға немесе 114,8 млн. АҚШ долл. (252,5-тен 137,7 млн. АҚШ доллары), қара металдардың қалдықтары мен сынықтары – 71,8%-ға немесе 91,7 млн. АҚШ долл. (127,8-ден 36,1 млн. АҚШ долл.), темір кендері мен концентраттары – 16%-ға немесе 54,3 млн. АҚШ долл. (339,2-ден 284,9 млн. АҚШ долл.), табиғи газ – 33,7%-ға немесе 53,1 млн. АҚШ долл. (157,8-ден 104,7 млн. АҚШ долл.), өңделмеген мырыш – 56%-ға немесе 50,8 млн. АҚШ долл (90,6-дан 39,8 млн. АҚШ долл.).

Сонымен қатар, мынадай тауарларды жеткізудің өскені байқалады: Бағалы металдардың кендері мен концентраттары 94,1%-ға немесе 126 млн. АҚШ долл. (133,9-дан 259,8 млн. АҚШ долл.), жылжымалы құрам бөліктері – 4 есе  немесе 55 млн. АҚШ долл. (18,1-ден 73,1 млн. АҚШ долл.), мырыш кендері мен концентраттары – 60,1%-ға немесе 20,7 млн. АҚШ долл. (34,5-тен 55,3 млн. АҚШ доллары), Пластмассадан жасалған қалдықтар, кесінділер мен сынықтар – 12,4 есе немесе 12,8 млн. АҚШ долл. (1,1-ден 13,9 млн. АҚШ долл.), цианидтер – 4,5есе немесе 6,6 млн. АҚШ долл. (1,9-дан 8,5 млн. АҚШ долл.).

Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: кендер мен темір концентраттары – 284,9 млн. АҚШ долл. (10% үлесімен), бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 259,8 млн. АҚШ долл. (9,1%), мыс кендері мен концентраттары – 169,9 млн. АҚШ долл. (6%), уран – 161,6 млн. АҚШ долл. (5,7%), легирленбеген болаттан жасалған жазық илек – 144,2 млн. АҚШ долл. (5,1%), қоспаланбаған болаттан жасалған ыстықтай илектелген жазық илек – 137,7 млн. АҚШ долл. (4,8%), тас көмір – 125,5 млн. АҚШ долл. (4,4%), табиғи газ – 104,7 млн. АҚШ долл. (3,7%), қоспаланбаған болаттан жасалған суықтай илектелген жазық илек – 102,3 млн. АҚШ долл. (3,6%), жылжымалы құрам бөліктері – 73,1 млн. АҚШ долл. (2,6%). 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде ЕАЭО елдеріне экспортталатын негізгі тауарлар бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат №1 кестеде көрсетілген.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 7,5% – ға төмендеп, 7,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

ЕАЭО елдерінен импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді: қара металдардан жасалған дәнекерленген құбырлар мен түтіктер – 69,6%-ға немесе 80,9 млн. АҚШ долл. (116,3-тен 35,4 млн. АҚШ долл.), жүк вагондары немесе трамвай вагондары – 60,8%-ға немесе 76 млн. АҚШ долл. (125,0-ден 49,0 млн. АҚШ долл.), жүк автомобильдері – 74,7%-ға немесе 55,3 млн. АҚШ долл. (74,0-ден 18,8 млн. АҚШ долл.), жеңіл автомобильдер – 23,1%-ға немесе 52,6 млн. АҚШ долл. (227,7-ден 175,1 млн. АҚШ долл.), тракторлар мен ершікті тартқыштар – 49,5%-ға немесе 38,5 млн. АҚШ долл. (77,8-ден 39,3 млн. АҚШ доллары), қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер – 29,7%-ға немесе 38,1 млн. АҚШ долл. (128,3-тен 90,2 млн. АҚШ доллары), ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен тетіктер – 37,3%-ға немесе 29,5 млн. АҚШ долл. (79,0-ден 49,5 млн. АҚШ долл.).

Сонымен қатар, мынадай тауарлар импортының өскені байқалады: өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын (платинадан гальваникалық жабыны бар алтынды қоса алғанда) немесе ұнтақ түрінде – 54,6%-ға немесе 56 млн. АҚШ долл. (102,5-тен 158,5 млн. АҚШ доллары), автомобильдерге арналған қораптар  – 77,5%-ға немесе 47,3 млн. АҚШ долл. (61,0-ден 108,2 млн. АҚШ доллары), қант – 60,9%-ға немесе 36 млн. АҚШ долл. (59,1-ден 95,0 млн. АҚШ долл.), рапс тұқымы – 14 есе немесе 28,2 млн. АҚШ долл. (2,2-ден 30,4 млн. АҚШ долл.), бидай – 4,7 есе немесе 28,2 млн. АҚШ долл. (7,6-дан 35,8 млн. АҚШ долл.).ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: табиғи газ-199,6 млн. АҚШ долл. (үлесі 2,6%), мұнай өнімдері – 198,5 млн. АҚШ долл. (2,6%), бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 193,5 млн. АҚШ долл. (2,6%), жеңіл автомобильдер – 175,1 млн. АҚШ долл. (2,3%), өңделмеген немесе жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан гальваникалық жабыны бар алтынды қоса алғанда) – 158,5 млн. АҚШ долл. (2,1%), шиналар – 128,6 млн. АҚШ долл. (1,7%), қоспаланған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар – 117,6 млн. АҚШ долл. (1,6%), автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтар-112,3 млн. АҚШ долл. (1,5%). 2020 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы ЕАЭО елдерінен импортталатын негізгі тауарлар бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат №2 кестеде көрсетілген.

Пікір қалдыру