Қазақстанның Беларусьпен 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара саудасы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстанның Беларусьпен 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара саудасы

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 368,6 млн. АҚШ долл.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға төмен (437,4 млн. АҚШ).

Өзара сауда көрсеткіштері

млн. АҚШ долл.2019 жылғы қаңтаршілде2020 жылғы қаңтаршілдеӨсім 2020/2019
Тауар айналымы437,4368,6-15,7%
Экспорт64,837,1-42,7%
Импорт372,6331,4-11,1%
Сауда балансы-307,8-294,3улучшился

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстаннан Беларусь Республикасына экспорт 42,7% – ға төмендеп, 37,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Беларуське экспорттың қысқаруы мынадай тауарларды жеткізудің төмендеуімен негізделеді: мұнай өнімдері – 76,5%-ға немесе 18,5 млн. АҚШ долл. (24,2-ден 5,7 млн. АҚШ долл.), табиғи газ – 83,2%-ға немесе 8,1 млн. АҚШ долл. (9,7-ден 1,6 млн. АҚШ долл.), өңделмеген алюминий – 94,9%-ға немесе 2,5 млн. АҚШ долл. (2,7-ден 0,1 млн. АҚШ доллары), зығыр тұқымдары 100%-ға немесе 1,7 млн. АҚШ долл. (1,7-ден 0,0 млн. АҚШ долл.), легирленбеген болаттан жасалған жазық илек – 85,2%-ға немесе 1,2 млн. АҚШ долл. (1,4-тен 0,2 млн. АҚШ долл.).

Сонымен қатар, мынадай тауарларды жеткізудің өскені байқалады: тас көмірі 39,6% – ға немесе 2,5 млн. АҚШ долл. (6,4-тен 8,9 млн. АҚШ долл.), рельстер – 2,8 р. немесе 1,9 млн. АҚШ долл. (1,1-ден 3,0 млн. АҚШ доллары), таралмаған мақта талшығы – 76,6%-ға немесе 1,8 млн. АҚШ долл. (2,4-тен 4,2 млн. АҚШ долл.), шойын 1,1 млн. АҚШ долл. (0-ден 1,1 млн. АҚШ долл.), ферроқорытпалар – 2,7 есе немесе 674,9 мың. АҚШ долл. (402,3тен 1 077,2 мың АҚШ долл).

Қазақстаннан Беларуське экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: тас көмір – 8,9 млн. АҚШ долл. (үлесі 24%), мұнай өнімдері – 5,7 млн. АҚШ доллары (15,3%), таралмаған мақта талшығы – 4,2 млн. АҚШ долл. (11,4%), рельстер – 3 млн. АҚШ долл. (8,2%), өңделмеген мырыш – 2,5 млн. АҚШ долл. (6,7%), суықтай илектелген легирленбеген болаттан жасалған жазық илек – 2,1 млн. АҚШ долл. (5,5%), табиғи газ – 1,6 млн. АҚШ долл. (4,4%), шойын – 1,1 млн. АҚШ долл. (3%), ферроқорытпалар – 1,1 млн. АҚШ долл. (2,9%), есептеу машиналары – 639,7 мың. АҚШ долл.құрады (1,7%). Беларуське 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде экспортталатын негізгі тауарлар бойынша толығырақ ақпарат №1 кестеде көрсетілген.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Беларусь Республикасынан Қазақстанға импорт 11,1% – ға төмендеп, 331,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Беларусьтен импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді: тракторлар мен ершікті тартқыштар – 60,7%-ға немесе 28 млн. АҚШ долл.құрады (46,1-ден 18,1 млн. АҚШ долл.), жүк автомобильдері – 87,5%-ға немесе 13,1 млн. АҚШ долл. (15,0-ден 1,9 млн. АҚШ доллары), ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен тетіктер – 29,4%-ға немесе 7,7 млн. АҚШ долл. (26,1-ден 18,4 млн. АҚШ долл.), түсқағаздар және ұқсас қабырға жабындары – 82,4%-ға немесе 7,3 млн. АҚШ долл. (8,9-дан 1,6 млн. АҚШ доллары), өзге жиһаз және оның бөліктері – 24,6%-ға немесе 3,8 млн. АҚШ долл. (15,3-тен 11,5 млн. долл. АҚШ доллары), мұнай өнімдері – 82,7%-ға немесе 2,9 млн. АҚШ долл. (3,5-тен 0,6 млн. (АҚШ долл.), теміржол моторлы немесе трамвай вагондары – 100%-ға немесе 2,7 млн. АҚШ долл. (2,7-ден 0,0 млн. АҚШ долл.).

Сонымен қатар, мынадай тауарлар импортының өскені байқалады: жас немесе тоңазытылған сиыр еті – 2,8 есе немесе 15,9 млн. АҚШ долл. (9,0-ден 24,9 млн. АҚШ доллары), қант – 2,1 есе немесе 11,1 млн. АҚШ долл. (9,9-дан 21,0 млн. АҚШ долл.), қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей – 34,5%-ға немесе 6,2 млн. АҚШ долл. (17,9-дан 24,1 млн. АҚШ доллары), бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар – 35,6%-ға немесе 2,9 млн. АҚШ долл. (8,0-ден 10,9 млн. АҚШ долл.), майлысу, йогурт, айран – өсім 7 есе немесе 2,8 млн. АҚШ долл. (0,5-тен 3,3 млн. АҚШ долл.). Қазақстанға Беларусьтен импорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: жас немесе тоңазытылған сиыр еті – 24,9 млн. АҚШ долл. (7,5% үлесімен), қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей – 24,1 млн. АҚШ долл. (7,3%), қант – 21 млн. АҚШ долларын (6,4%), ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен тетіктер – 18,4 млн. АҚШ долл. (5,6%), тракторлар мен ершікті тартқыштар – 18,1 млн. АҚШ доллары (5,5%), өзге де жиһаз және оның бөліктері – 11,5 млн. АҚШ долларын (3,5%), бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар – 10,9 млн. АҚШ долл. (3,3%), ірімшік және сүзбе – 10,1 млн. АҚШ доллары (3%). 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі Беларусьтен импортталатын негізгі тауарлар бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат №2 кестеде көрсетілген.

Пікір қалдыру