Қазақстандық кәсіпкерлерді Миланға шақырады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстандық кәсіпкерлерді Миланға шақырады

 

Өңделген өнімдердің экспортын ілгерілету мақсатында «QazTrade» АҚ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 6-8 қазан аралығында Италияның Милан қаласында қазақстандық өндірушілер үшін сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.

Іскерлік сапар аясында экспорттаушыларға бизнес-серіктестермен тікелей байланыс орнатуға және әлеуетті сатып алушылармен сауда ынтымақтастығы туралы уағдаласуға, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізуге мүмкіндік беріледі.

Сауда миссиясы Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту, екі елдің кәсіпкерлері арасында тәжірибе алмасу алаңына айналады.

Милан қаласындағы сауда миссиясы аясында «QazTrade» АҚ өңделген дайын өнімді өндіруші-қатысушылардың келесі шығындарын өтейді:

  • Қатысушылар үшін тұру (бір компаниядан бір адамнан артық емес);
  • Қабылдаушы елде трансфер.

Кәсіпорындардан өтінімдер 2024 жылдың 12 тамызына дейін қабылданады, тіркеу сағат 15.00-де жабылады.

Сілтеме бойынша тіркелу: https://forms.gle/sYQmTXMPE86cNfpx9

Барлық сұрақтар бойынша: +7 702 702 9797; +7 700 373 7708; +7 775 230 0982, e-mail: a.zhalmukhambetova@qaztrade.org.kz, g.baigubessova@qaztrade.org.kz, a.baibolova@qaztrade.org.kz