Өңделген өнімдердің экспортын ілгерілету мақсатында «QazTrade» АҚ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 6-8 қазан аралығында Италияның Милан қаласында қазақстандық өндірушілер үшін сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.
Іскерлік сапар аясында экспорттаушыларға бизнес-серіктестермен тікелей байланыс орнатуға және әлеуетті сатып алушылармен сауда ынтымақтастығы туралы уағдаласуға, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізуге мүмкіндік беріледі.
Сауда миссиясы Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту, екі елдің кәсіпкерлері арасында тәжірибе алмасу алаңына айналады.
Милан қаласындағы сауда миссиясы аясында «QazTrade» АҚ өңделген дайын өнімді өндіруші-қатысушылардың келесі шығындарын өтейді:
- Қатысушылар үшін тұру (бір компаниядан бір адамнан артық емес);
- Қабылдаушы елде трансфер.
Кәсіпорындардан өтінімдер 2024 жылдың 12 тамызына дейін қабылданады, тіркеу сағат 15.00-де жабылады.
Сілтеме бойынша тіркелу: https://forms.gle/sYQmTXMPE86cNfpx9
Барлық сұрақтар бойынша: +7 702 702 9797; +7 700 373 7708; +7 775 230 0982, e-mail: a.zhalmukhambetova@qaztrade.org.kz, g.baigubessova@qaztrade.org.kz, a.baibolova@qaztrade.org.kz