Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың Душанбеге ресми сапары қарсаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Тәжікстанға сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырды.
Тәжік нарығына өз өнімдерін машина жасау, тамақ өнеркәсібі, телекоммуникация, су бұру, медициналық бұйымдар өндірісі және т. б. салаларда жұмыс істейтін 16 қазақстандық компания ұсынды.
Бүгін Душанбеде Қазақстан-Тәжік бизнес форумы басталды. Оның жұмысына Тәжікстанның бизнес-қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Республиканың Сауда-Өнеркәсіп палатасының, Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Tajinvest компаниясының және басқалардың басшылығы қатысты.
Қазақстандық делегацияны QazTrade компаниясының Бас директоры Азамат Асқарұлы басқарды.
Асқарұлы коронакризиске байланысты халықаралық саудадағы құлдырауға қарамастан, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы оң серпінге ие екенін атап өтті: «Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2020 жылы $791,4 млн құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3,7%-ға жоғары ($762,9 млн.). Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 2020 жылы 6,1%-ға өсіп, $693,0 млн құрады».
«Тәжікстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел бола отырып, Қазақстанмен мұнай-химия саласында, тамақ өнеркәсібінде, машина жасауда, химия және фармацевтика саласында ынтымақтастықты дамытудың үлкен перспективаларына ие», – деп атап өтті Асқарұлы.
Тәжікстан нарығына QazTrade жүргізген талдауға сәйкес, тек сауда-экономикалық миссия шеңберінде ұсынылған компаниялар Тәжікстанға жеткізу көлемін шамамен $90-100 млн. (үшінші елдерден ТР-ға импортты алмастыру шеңберінде) өсіре алады.
Бизнес форум аясында қазақстандық және тәжік кәсіпкерлері арасында көптеген B2B кездесулер өтті.
Келіссөздер нәтижесінде 5 құжатқа қол қойылды: қазақстандық өнімді жеткізу үшін 3 шарт және жалпы сомасы $100 млн дейінгі Ынтымақтастық туралы 2 меморандум.
Сонымен, QazTrade компаниясы экспортты қолдау және ілгерілету жөніндегі ҚР негізгі операторы ретінде Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тағы бір Меморандум – «ЭлтексАлатау» ЖШС мен Тәжік «Тамос» арасында – Тараптар телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну туралы уағдаласты. Сондай-ақ Тәжікстанға жеткізілімдерге келісімшарт жасалды: «Spirit Қазақстан» компаниясының суға арналған ПЭТ-преформы мен қақпақтары, «Alageum Group» ЖШС күштік трансформаторлары және «Локомотив Құрастыру Зауыты» АҚ тепловоздары.
Миссия аясында QazTrade компаниясы басшылығының Тәжікстан Республикасының мемлекеттік құрылымдары мен бизнес өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулері күтілуде.
ТР-дағы сауда-экономикалық миссия 21 мамырға дейін жалғасады.
Қазақстанның Тәжікстанмен өзара саудасы соңғы жылдары айтарлықтай жеделдеді. Елдер арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-наурызда $240,3 млн құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға жоғары ($209,1 млн) және 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға жоғары ($185,6 млн) болды.
Ынтымақтастықты арттыру әлеуеті өте жоғары к қалуда.
ТР-дағы сауда-экономикалық миссияға қатысатын Қазақстан Республикасы компанияларының тізімі
№ | Компаияның атауы | Қызмет түрі |
1 | «ЛКЗ» АҚ | Локомотив өндірушісі |
2 | «Alageum Group» ЖШС | Электротехникалық жабдықтарды өндіруші |
3 | «Spirit Казахстан» ЖШС | ПЭТ преформ өндірісі |
4 | «BILLION FILTERS» ЖК | Су тазарту, сүзгілер өндірісі |
5 | «ФАИЗ» ЖШС | Медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру |
6 | «ЭлтексАлатау» ЖШС | Телекоммуникация |
7 | «Жас Канат 2006» ЖШС | Құс етін, жұмыртқа, өңделген ет өнімдерін өндіру |
8 | «Shift Systems» ЖШС | Жедел-іздестіру іс-шаралары жүйесі |
9 | «ДАМУ ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС | Цифрлық денсаулық сақтау |
10 | «COOL INFINITY» ЖШС | Машина жасау, вагон жасау ұйымы |
11 | «Essential Technologies LLC» ЖШС | IT технологиялар |
12 | «Көркем Телеком» ЖШС | Телекоммуникация, телефония және бизнес үшін жүйелік интеграция саласы |
13 | «Алматы өнімі» ЖШС | Кондитерлік өнімдерді өндірушілер |
14 | «Баян Сұлу» АҚ | Кондитерлік өнімдерді өндірушілер |
15 | «Маревен Фут Тянь-Шань» ЖШС | Тамақ өнімдерін өндірушілер |
16 | «Astana Motors» ЖШС | Машина жасау |