Қазақстандық бизнес Екатеринбургтегі «Иннопром 2021» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстандық бизнес Екатеринбургтегі «Иннопром 2021» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

«Иннопром 2021» халықаралық өнеркәсіптік көрме алаңында Қазақстан Республикасы мен Свердлов облысы компанияларының өкілдері арасында В2В форматында келіссөздер өтті.

Бизнес-форум қазақстандық тауар өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы аясында өтті. Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ және Орал сауда-өнеркәсіп палатасы.

Сауда миссиясына азық-түлік, химия, машина жасау және құрылыс салаларының 10 қазақстандық өндірушісі, сондай-ақ ұлттық стендке машина жасау, құрылыс, металлургия, химия және басқа да салалардың 20 компаниясы қатысты.

Ресей тарапынан келіссөздерге 40-тан астам компания қатысты.

Форум барысында «KazakhExport» АҚ-ның қаржы құралдарының таныстырылымы өтті.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Орал СӨП мен «QazTrade» АҚ арасында Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша 250 млн.рубльден астам сомаға сүт өнімдерін, тамақ және техникалық тұзды, макарон өнімдерін жеткізуге арналған шарттарға қол қойылды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін ет өнімдерін, ет деликатестерін, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия өнімдерін экспорттауға шарттар жасасу жоспарлануда.

Бизнес-форумға қатысушылардың пікірінше, Екатеринбург және қазақстандық компаниялар кәсіпкерлерінің кездесуі өзара түсіністік пен серіктестіктің дәстүрлі жоғары деңгейін көрсетті.

Екатеринбургтегі Сауда-экономикалық миссиясына қатысқан компаниялардыңтізімі

Компанияның атауыСалаӨнімӨңір
1«Концерн Bakarassov» ЖШСҚұрылысяЛак-бояу өнімдерін өндіруАлматы қаласы
2«SONA lab» ЖШС  ХимияДезинфекциялау және кәсіби жуу құралдарын өндіруАлматы  қаласы
3PASTA&NOODLES ЖШСТамақМакарон өнімдерін өндіруШҚО
4 «Аралтуз» АҚТамақТұз өндірісіҚызылорда обл.
5«Сантехпром» ЖШС  ҚұрылысСанитарлық-техникалық бұйымдар өндірісіҚарағанды  қаласы
6«Microhim» ЖШС  ХимияДезинфекциялық, антисептикалық құралдар мен тұрмыстық химия өндірісіАлматы  қаласы
7«Ордабасы Құс» ЖШС  ТамақКүрке тауық еті мен шұжық өнімдерін өндіру. Түркістан обл.Түркістан обл.
8«Султан-Маркетинг» ЖШС  ТамақМакарон өнімдерін өндіруАлматы қаласы
9Т ДЕП ЖШС  ТамақСүт өнімдерін өндіруҚостанай  қаласы
10«Павлодар соль» ЖШСТамақТұз өндірісі 

Пікір қалдыру