Дайджест мазмұны
- Инвестициялық қолдау туралы келісім бойынша ресми келіссөздердегі айтарлықтай прогресс
- Аз дамыған елдер COVID-19 пандемиясынан туындаған сауда-саттықтың құлдырауынан қатты зардап шекті
- Бас директордың орынбасары Алан Вульф медициналық керек-жарақтар мен жабдықтарға тарифтерді төмендету бойынша жаңа бастамаларға шақырады
- Тайланд қызметтерді ішкі реттеу бойынша келіссөздерге қосылды
- Халықаралық Инвестициялық Келісім реформаларының акселераторы
Инвестициялық қолдау туралы келісім бойынша ресми келіссөздердегі айтарлықтай прогресс [1]
9-10 қарашада өткен екі күндік кездесу барысында қатысушы делегациялар – қазіргі уақытта 106 – келесі жылы жоспарланған ДСҰ-ның 12-ші министрлер конференциясына (MК12) нақты нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өте сындарлы пікірталас өткізді.
Келіссөздер барысында делегациялар жаңа ұсыныстар беріп, болашақ келісімнің белгілі ережелері үшін нақты тұжырымдамаға назар аударды. Олар әкімшілік процедураларды оңтайландыруға және жеделдетуге, байланыс/координациялық орталықтарға арналған механизм түрлеріне және ішкі үйлестіру мен трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту механизмдеріне қатысты болды. Сонымен қатар олар инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға уақытша кіру және инвестициялық мақсаттар үшін кәсіпкерлердің қозғалысын жеңілдету, беру және суброграциялар мәселелері, сондай-ақ бизнесті жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары сияқты сектор аралық мәселелерді талқылады.
Үйлестіруші, Чили елшісі болып тағайындалған Матиас Франк қатысушыларға 29 қазанда өткен ашық құрамды өнімді сессияаралық жиналыс туралы хабардар етті, онда делегациялар II бөлімнің (инвестициялық шаралардың ашықтығы) және III бөлімнің әртүрлі ережелері (оңтайландыру және әкімшілік рәсімдер мен талаптарды жеделдету) бойынша жалпы позицияны көрсету үшін және осы уақытқа дейін талқыланған жиынтық мәтінді реттеу үшін ұсынылған тұжырымдаманы қайта қарады.
7-8 желтоқсандағы кезекті ресми раундтан кейін және 23 және 27 қарашаға жоспарланған бейресми ашық құрамды сессияаралық отырыстан кейін, үйлестіруші «біз ұжыммен нақты нәтижелер көрсету үшін» бұл процесс жалғасады, ал қайта қаралған және реттелген жиынтық мәтіннің желтоқсан айының соңында таратылды деп мәлімдеді. Үйлестіруші делегацияларды келіссөздерді ілгерілету және позицияны жақындатуды қолдау мақсатында екі жақты немесе топтық жұмысты жалғастыруға шақырды.
Аз дамыған елдер COVID-19 пандемиясынан туындаған сауда-саттықтың құлдырауынан қатты зардап шекті[2]
Ең аз дамыған елдер (бұдан әрі – ЕДЕ) бойынша кіші комитеттің 11 қарашадағы отырысында ДСҰ мүшелеріне 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта ЕДЕ тауар экспорты 16% төмендегенін атап, әлемдік саудадағы COVID-19 пандемиясынан туындаған құлдыраудан ЕАЕ қатты зардап шеккені туралы хабардар етті.
ДСҰ Хатшылығы ЕДЕ тауарлары экспорты құнының төмендеуі осы жылдың алғашқы алты айында тіркелген әлемдік экспорттағы орташа 13 пайыздық құлдырауға қарағанда анағұрлым әсерлі болды деп хабарлады. ЕДЕ-гі қызметтер секторы да зардап шегіп, алдын-ала бағалау бойынша 2020 жылдың алғашқы алты айында 40 пайызға төмендеді. ЕДЕ-де 2019 жылы сауданың нашар көрсеткіштері байқалды (тауарлар мен қызметтер бойынша жиынтық) және олардың әлемдік экспорттағы үлесі өзгеріссіз қалды, шамамен 0,96%.
Пандемияның ЕДЕ саудасына әсері Хатшылықтың ЕДЕ-ге экспорттық қызығушылық тудыратын тауарлар мен қызметтер үшін нарыққа қол жеткізу туралы соңғы жылдық есебінде ерекше көрсетілген, онымен мына сілтемеден танысуға болады:
https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/SS/directdoc.aspx?filename=q:/WT/COMTD/LDCW68.pdf&Open=True
Бас директордың орынбасары Алан Вульф медициналық керек-жарақтар мен жабдықтарға тарифтерді төмендету бойынша жаңа бастамаларға шақырады [3]
12 қарашада Дүниежүзілік экономикалық форумның COVID-19 пандемиясының денсаулық сақтау саласына әсеріне арналған виртуалды кездесуінде сөз сөйлеген Бас директордың орынбасары Алан Вульф ДСҰ мүшелерге негізді шешім қабылдауға және сауданы шектеу шараларынан бас тартуға көмектескен ақпарат бергенін атап өтті. Алайда, бұл бағыт қосымша күш-жігерді, соның ішінде фармацевтика, медициналық мақсаттағы препараттар мен медициналық жабдықтарға тарифтерді алып тастау бойынша жаңа бастамаларды, сондай-ақ экспорттық бақылауды қолдану бойынша ғаламдық әдеп кодексін талап етеді.
ДСҰ бас директорының орынбасары Алан Вульфтың пікірлері:
Пандемия басталғаннан бастап, ДСҰ ұлттық үкіметтерге неғұрлым негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпарат берді. Мысалы, бұл азық-түлік тауарларына экспорттық бақылауды енгізуден бас тарту факторы болды.
Алайда келесі қосымша бастамаларға қажеттілік бар:
- фармацевтикалық препараттар мен медициналық мақсаттағы заттардың тарифтері жойылуы керек;
- медициналық жабдыққа бажсыз режимді көздейтін ақпараттық технологиялар туралы келісім кіруі тиіс;
- экспорттық бақылау жаһандық әдеп кодексінде келісілген ережелермен реттелуі керек;
- ДСҰ Хатшылығына бақылауды толығырақ ету үшін ресурстар мен өкілеттіктер ұсыну қажет;
- Пандемия кезінде трансшекаралық телемедицина / электрондық денсаулық сақтауды дамыту қажет.
Инновациялар және сауда туралы:
- жаңа идеялар мен технологиялардың пайда болуын қолдау мақсатында идеялар, ресурстар және қаржыландырумен ерікн трансшекаралық алмасуды қолдау қажет.
Тайланд қызметтерді ішкі реттеу бойынша келіссөздерге қосылды [4]
11 қарашада ДСҰ-дағы кездесу кезінде Таиланд 63-ші қатысушы ретінде қызмет көрсету саласын ішкі реттеу бойынша келіссөздерге қосылған Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) алғашқы мүше мемлекеті болды. Тайланд ішкі реттеу нормалары қызметтер саудасын жеңілдететінін, сондай-ақ ашықтық пен болжамдылықты арттыратындығын баса айтып, қызметтердің жалпы ішкі өнімнің 60% -ын құрайтындығын атап өтті. Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы соңғы рейтингінде Таиланд қызметтерді реттеу саласындағы жетекші реформаторлардың бірі және қолайлы бизнес жағдайы соңғы рейтингінде 21-орынға ие.
Қатысушылар[5] ұсынылған ережелерден тұратын анықтамалық құжат жобасы бойынша талқылауды жалғастырды және келесі жылы өтетін ДСҰ-ның 12-ші министрлер конференциясына дейін осы келіссөздерді аяқтау мақсаттары жөнінде қайта мәлімдеді. Бұл ережелер лицензиялау мен біліктілік талаптарына, сондай-ақ қызмет көрсету саудасының рәсімдері мен техникалық стандарттарына қолданылады. Мақсаты қызмет көрсетуге рұқсат беру процедураларының кез-келген күтілмеген шектеулі сауда салдарын жеңілдететін нормативтік реттеудің тиісті тәжірибесін құру болып табылады.
Коста-Рика президенті Хайме Коги Ариас «мәтінді келісу ДСҰ мүшелеріне және одан тысқары жерлерге оң сигнал береді және келіссөздердің келесі процедуралық қадамдарға және осы келіссөздердің аяқталуына министрлерді қалайша жақсы тұрғыда тартуға мүмкіндік беретінін» баса айтты”.
Бұл ережелер ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің әр түрлі реттеу жүйелерімен және тәсілдерімен үйлесімді етіп жасалған. Олар үкіметтерге бұл шараларды ұлттық деңгейде жүзеге асыруға көмектесу үшін белгілі бір дәрежеде икемділіктің болуын көздейді.
Қатысушы мүшелер осы ережелер Қызметтер саудасы бойынша бас келісім (ГАТС) шеңберінде өздерінің тиісті міндеттемелеріне қалай енетіндігін көрсететін ерекше міндеттемелер тізімдерінің жобаларын (бұдан әрі – тізімдер) ұсынады. Бүгінгі күні барлығы 30 жобалық тізім ұсынылды (ДСҰ-ның 57 мүшесін білдіретін). Тайланд пен Қазақстан жақын арада тиісті тізім жобаларын ұсынуға ниетті екендіктерін мәлімдеді.
Төраға өткен жиналыс барысында қол жеткізілген «елеулі ілгерілеушілікті» атап өтті, онда бұрын шешілмеген редакциялық сипаттағы мәселелердің көпшілігі шешілді. Ол делегацияларды «алдағы күндер мен апталарда 2020 жылдың аяғына дейін анықтамалық құжатты аяқтау сатысында ұсыну мақсатында бірнеше шешілмеген мәселелерді шешуге бірлесіп жұмыс істеуге» шақырды.»
Халықаралық Инвестициялық Келісім реформаларының акселераторы[6]
Жақында жарияланған ЮНКТАД құжаты (IIA Reform Accelerator) қазіргі қолданыстағы 2500 ескі буынның халықаралық инвестициялық келісімдерін (бұдан әрі – ХИК) модернизациялауды жеделдетуге бағытталған. Ескі буын келісімдерін реформалаудың маңыздылығы әлемдегі COVID-19 пандемиясы сияқты дағдарыстар кезінде айқын көрінеді.
Акселератор сегіз негізгі баптарындағы тұжырымдамалардың, соның ішінде әділетті және тең режимі туралы ережені және жанама экспроприация туралы тұжырымдардың реформасына бағытталған таңдауға назар аударып, ХИК режимінің негізгі аспектілерін өзгерту қажеттілігіне әсер етеді. Ол жақындағы ХИК және типтік екіжақты инвестициялық келісімдер (ЕИК) мысалдарымен бірге пайдалануға дайын редакцияларды анықтайды.
ЮНКТАД инвестициялық саясатының негізін қолдана отырып, акселератор бірнеше елдер арасындағы реформалар саласындағы бірлескен әрекеттерді үйлестіру, бағытталған талқылау және консенсусқа қол жеткізу құралы ретінде қызмет етеді. Оны ескі келісімшарттық тармақтарды бірлесіп түсіндіру, өзгерту немесе ауыстыру үшін қолдануға болады.
[1] https://www.wto.org/english/news_e/news20_e/infac_09nov20_e.htm
[2] https://www.wto.org/english/news_e/news20_e/devel_11nov20_e.htm
[3] https://www.wto.org/english/news_e/news20_e/ddgaw_12nov20_e.htm
[4] https://www.wto.org/english/news_e/news20_e/jssdr_11nov20_e.htm
[5] Австралия, Австрия, Албания, Аргентина, Бельгия, Болгария, Бразилия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Колумбия, Коста-Рика, Кипр, Корея, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Маврикий, Мальта, Мексика, Молдова, Республика, Нигерия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Солтүстік Македония, Норвегия, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сауд Арабиясы, Финляндия, Франция, Хорватия, Чех Республикасы, Чили, Эстония, Жапония, Словак республикасы, Словения, Испания, Швеция, Швейцария, Тайваннің жеке кедендік аймағы, Пэнху, Кинмэнь және Мацу, Таиланд, Турция, Украина, Біріккен Корольдік, Уругвай.
[6] ЮНКТАД (2020), https://unctad.org/webflyer/international-investment-agreements-reform-accelerator