ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ АПТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ АПТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дайджест мазмұны

  • COVID-19 дағдарысынан кейін әлемдік сауданың қалпына келуі рекордтық деңгейге жетті
  • Электрондық коммерция келіссөздері деректер ағынына қатысты сұрақтарға тереңірек үңіле отырып, алға жылжуда
  • Бас директор Оконжо-Ивеала ДСҰ мүшелерін вакциналар теңсіздігімен күресуге шақырады
  • Вебинар сауда артықшылықтарын пайдалану мәселелері мен мүмкіндіктерін зерттейді
  • Медициналық технологиялар мен вакциналарды соңғы межелі жерге жеткізу мәселелері жөніндегі вебинар

COVID-19 дағдарысынан кейін әлемдік сауданың қалпына келуі рекордтық деңгейге жетті

COVID-19-дың дағдарысынан кейін әлемдік сауданың қалпына келуі 2021 жылдың бірінші тоқсанында рекордтық деңгейге жетті, ол ЮНКТАД-тың 19 мамырда жарияланған жаһандық сауда туралы жаңартылған есебіне сәйкес, https://unctad.org/system/files/official-document/ditcinf2021d2_en.pdf, жылдық есеп бойынша 10%-ға және тоқсандық есептеу бойынша 4%-ға ұлғайд.

Есепке сәйкес, 2021 жылдың 1-ші тоқсанындағы әсерлі өсуі Шығыс Азия елдерінің әлі күнге дейін жоғары экспорттық көрсеткіштеріне байланысты болуда, олардың пандемиядан кейінгі алғашқы жетістіктері олардың тезірек қалпына келулеріне және COVID-19 байланысты өнімдерге өсіп келе жатқан жаһандық сұраныстың пайдасын көруге мүмкіндік берді.

«Әлемдік саудада пандемиядан туындаған рецессиядан кейінгі алдыңғы екі сауда рецессиясына қарағанда тезірек қалпына келтіру тіркелді», – деді есеп бойынша жұмыс істеген ЮНКТАД экономисі Алессандро Никита.

Ол пандемиядан туындаған рецессия басталғаннан кейін төрт тоқсан өткен соң, әлемдік сауда дағдарысқа дейінгі деңгейге көтерілгенін атап өтті. Бесінші тоқсанға – 2021 жылғы 1 тоқсанға қарай әлемдік сауда дағдарысқа дейінгі деңгейден асып, 2019 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда шамамен            3%-ға ұлғайды.

Салыстыру үшін, Шығыс Азия экономикаларындағы құрылымдық өзгерістер мен тауар бағасының төмендеуінен туындаған 2015 жылғы рецессиядан әлемдік сауданың қалпына келуі үшін 13 тоқсан және жаһандық қаржылық дағдарыстың салдарынан 2009 жылғы рецессиядан кейін қалпына келуі үшін тоғыз тоқсан қажет болды.

Есепте 2021 жылдың 1 тоқсанында тауар саудасының көлемі пандемияға қарағанда жоғары болды, бірақ қызмет көрсету саудасы орташа деңгейден едәуір төмен болды. «COVID -19»-бен байланысты өнімдердің жаһандық саудасы тоқсан ішінде жоғары деңгейде болды», – делінген хабарламада.

Электрондық коммерция келіссөздері деректер ағынына қатысты сұрақтарға тереңірек үңіле отырып, алға жылжуда

20 мамырда электрондық сауда келіссөздері аясында бастаманың тең ұйымдастырушысы елші Джордж Мина (Австралия) ДСҰ мүшелерін шағын топтардың жұмысын «күшті және қарқынды жақындасу» кезеңіне ауыстыруға шақырды. Ол, егер мүшелер осы жылдың желтоқсанына дейін елеулі прогреске қол жеткізу үшін бірлескен амбицияларын жүзеге асырғысы келсе, 12-ші министрлік конференциясына дейін қалған уақыт «өте маңызды» екенін атап өтті.

Шағын топтардағы пікірталастарға қатысты жаңартылған ақпарат

Шағын топтардағы пікірталас үйлестірушілері Интернетке ашық қол жеткізу, Үкіметтің ашық деректері, тұтынушыларды онлайн қорғау және қағазсыз сауда сияқты салалардағы келіспеушіліктерді жою жұмысында қол жеткізілген прогресс туралы жаңартылған ақпаратпен бөлісті.

Тең ұйымдастырушылар – Австралия, Жапония және Сингапур аталған төрт мәселе бойынша «таза» мәтін жазғы үзіліске дейінгі кезеңде келісілуі мүмкін деп санайды.

Бүгінгі таңда осы бастама аясында спам деп аталатын сұралмаған хабарламалар, сондай-ақ электрондық қолтаңбалар мен аутентификациялау бойынша екі келіссөз мәтіні аяқталды. Электрондық транзакциялар негіздері бойынша жаңа шағын топ құрылды, ол қатысушылар ұсынған ұсыныстар негізінде жұмысты бастайды.

Деректер ағындары

Қатысушылар өз пікірталастарын 2019 жылдың қазан айында өткен жалпы отырыста соңғы рет талқыланған деректер ағынына қатысты мәселеге шоғырландырды. Олар трансшекаралық деректер ағындары және ақпаратты сақтау және өңдеу үшін пайдаланылатын есептеу серверлерінің локализациясы туралы мәтіндік ұсыныстарды қайта қарады. Сондай-ақ, олар іскерлік белсенділік пен цифрлық саудаға ықпал ететін фактор ретінде шекара арқылы деректердің еркін ағынының маңыздылығын атап өтті.

Деректер ағынына қатысты мәселені талқылау қарсаңында бастаманың тең ұйымдастырушысы Елші Хунг Сенг Тан (Сингапур) цифрлық инновацияларды ынталандыру, бизнесті жүргізу кезінде айқындылықты қамтамасыз ету және пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіруді қолдау үшін осы салада нақты қағидалардың болу қажеттілігін атап өтті.

Мәселелерді тереңірек түсіну мақсатында қатысушыларға ДСҰ хатшылығының, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Брукингс институтының және Сингапурдағы инфокоммуникацияны дамыту басқармасының тұсаукесерлері ұсынылды.

Бастаманың тең ұйымдастырушысы, Елші Казуюки Ямадзаки (Жапония) өзінің қорытынды сөзінде деректер ағынын ілгерілетуге ықпал ететін ережелер келіссөздердің жоғары стандарттары мен коммерциялық маңызды нәтижелерін қамтамасыз етуде маңызды болып табылатынын атап өтті. Ол, сондай-ақ, бастама қатысушылардың әртүрлі жағдайларын ескере отырып, маневр жасау үшін тиісті кеңістікті қамтамасыз етуі керек деп қосты.

Бас директор Оконжо-Ивеала ДСҰ мүшелерін вакциналар теңсіздігімен күресуге шақырады

21 мамырда G20 көшбасшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының алдында сөйлеген сөзінде Нгози Оконджо-Ивеала ДСҰ мүшелері жеткізу тізбегіндегі кедергілерді азайту, қолданыстағы өндірістік қуаттарды толық пайдалану және зияткерлік меншікке, қол жетімділік пен инновацияларға қатысты мәселелерді шешу арқылы COVID-19 вакциналарын жаһандық үлестіруде әділеттілікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қоса алатынын атап өтті.

COVID-19 вакциналарына, диагностикалық құралдарға және терапияға әділ қол жетімділікті «біздің заманымыздың моральдық және экономикалық проблемасы» деп сипаттаған Бас директор Оконжо-Ивеала денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Жаһандық саммитінде пандемия дегеніміз «директивалық органдардың бір-бірімен байланысты пакет ретінде дайындық, жауап беру және тұрақтылық туралы ойлаулары керек» деп нақты атап көрсетті.

Оның айтуынша, халықаралық сауда ынтымақтастығы пандемиямен күресте «жасампаз күш» бола отырып және қажетті дәрі-дәрмектерге қол жеткізуге мүмкіндік бере келе, осы пакеттің барлық үш элементі үшін өте маңызды. Ол өткен жылы әлемдік тауар саудасының көлемі 7%-дан астамға қысқарғанына қарамастан, дәрі-дәрмек саудасы 16%-ға, ал жеке қорғаныс құралдары – 50%-ға артқанын атап өтті.

Дүниежүзілік вакциналардың тапшылығы мәселесін шешудегі ДСҰ рөліне келетін болсақ, Бас директор Оконджо-Ивеала оның мүшелері үш бағытта әрекет ете алатындығын атап өтті.

«Біріншіден, экспорттық шектеулер мен шамадан тыс кедендік бюрократиядан бастап шикізатқа қол жеткізу немесе білікті жұмысшыларды жалдау проблемаларына дейін вакциналар өндірісін тежейтін жеткізілім тізбегінің мәселелерін шешу арқылы ДСҰ жеткізу тізбегінің мониторингі мен ашықтығына көмектесе алады.

Екіншіден, өндірушілерге «жеткізілімдердің ашық желілерін қолдау және жеткіліксіз пайдаланылатын қуаттарды қанағаттандырылмаған қажеттіліктермен келістіру» есебінен кеңеюлеріне көмектесу, бұл Бас директор Оконжо-Ивеалдың айтуынша «өмірді сақтау үшін қажет».

Соңында, Бас директор Оконжо-Ивеала ДСҰ мүшелері «технологияларды, ноу-хауды және зияткерлік меншікті беруге байланысты мәселелерді шешуі керек, оның ішінде вакциналар мен пандемияға байланысты басқа өнімдерге қатысты ДСҰ-ның зияткерлік меншік ережелерінен уақытша бас тартуы керек» деп атап өтті.

«Мен шілде айына қарай мәтін бойынша ілгерілеуге қол жеткіземіз және желтоқсан айында 12-ші министрлік конференциясына қарай ДСҰ мүшелері дамушы елдерге зерттеулер мен инновациялар үшін ынталандыруды сақтай отырып, денсаулық сақтау технологияларына автоматты түрде қол жеткізуді қамтамасыз ететін практикалық негізді келісе алады деп үміттенемін» деді.

Вебинар сауда артықшылықтарын пайдалану мәселелері мен мүмкіндіктерін зерттейді

ДСҰ мүшелері мемлекеттік және жеке секторлардың сарапшыларымен сауда преференцияларын пайдалану кезінде бизнестің бетпе-бет келіп отырған проблемалары мен мүмкіндіктері туралы, тауарлардың шығу тегіне қойылатын талаптарға ерекше назар аудара отырып, пікір алмасты. Талқылау 19 мамырда ДСҰ Хатшылығы ұйымдастырған «Сауда артықшылықтарын пайдалануға не түрткі болады?» деген вебинардың шеңберіінде болып өтті.

ДСҰ-ның преференциялық сауда келісімдері туралы дерекқорына сәйкес ДСҰ-ның 24 мүшесінің дамушы және аз дамыған елдердің (АДЕ) тауарларына нарыққа өзара преференциялық емес қолжетімділікті қамтамасыз ететін 36 қолданыстағы схемасы бар. Бұдан басқа, 300-ден астам екіжақты өңірлік сауда келісімдері (ӨСК) жұмыс істейді. Преференциялық сауда туралы келісімдер санының өсуіне қарай осы келісімдерге сәйкес тауарлардың шығу тегіне қойылатын талаптар да артып, күрделене түседі. Соңғы көптеген келісімдерде шығу тегінің нақты және қатаң ережелері бар, бұл сауда шығындарын арттырады және бизнес үшін сауда преференцияларының тартымдылығын төмендетеді.

Преференциялдық щығу қағиадалары – бұл әр тауар үшін бір шығу елін анықтауға қажетті талаптар жиынтығы. Олар сауда преференцияларын іске асырудың негізгі шарты болып табылады.

Соңғы бірнеше жылда шығу тегіне қойылатын талаптар мен преференцияларды пайдалану арасындағы өзара байланыс мәселесі ДСҰ-ның Шығу қағидалары комитетінің басты назарында болғанына қарамастан, вебинарда сауда преференцияларын пайдалануға ықпал ететін басқа да факторлар зерттелді: преференциялық тарифтік мөлшерлемелер мен неғұрлым қолайлы режим ставкалары (НҚР) арасындағы айырмашылық, бизнестің хабардар болуы және сақтау шығындары.

Вебинарға 600-ге жуық қатысушы қатысты, олардың ішінде Дүниежүзілік банк, БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Америкааралық даму банкі және Еуропалық комиссия өкілдері, сондай-ақ Оңтүстік Африка, Жапония, Швейцария және Бельгияның ұлттық сарапшылары болды.

20 мамырда өткен отырыс барысында шығу ережелері жөніндегі комитет төрағасы Хан-Мин Хуанг (Қытай Тайбэй) преференциялық сауда келісімдерінің санын ұлғайта отырып, шығу тегіне қойылатын талаптарға қатысты ақпаратқа, деректерге және озық тәжірибеге нақты сұраныс бар екенін айтты.

Бұдан әрі отырыс барысында АДЕ қажеттіліктері мен проблемаларына назар аударылды.

Осылайша, ДСҰ мүшелері АДЕ үшін преференциялық шығу ережелеріне қатысты соңғы өзгерістерді, сондай-ақ ДСҰ мүшелерінің АДЕ үшін преференциялық шығу ережелері туралы 2015 жылғы Найроби шешімін орындау үшін жасаған күш-жігерін қарастырды. 2015 жылғы шешімде ДСҰ мүшелері ұсынатын нарыққа преференциялық қолжетімділікке құқығы бар, АДЕ-ден экспортты жүзеге асыруды жеңілдету үшін көпжақты негізде келісілген басшылық қағидаттары баяндалған.

Танзания ДСҰ-дағы АДЕ тобының атынан сөйлеген кезде, Топ осы жылдың соңында 12-ші министрлік конференциясында ұсыныс жасайтынын хабарлады, онда Комитеттің аясында АДЕ үшін транспарентті шығу ережелері бойынша жұмысты жалғастыруға шақырады.

Басқа мәселелер бойынша мүшелер неғұрлым қолайлылық режимінҚР) және преференциалдық емес сауда саясатының басқа құралдарын, сондайақ преференциалдық емес мақсаттарда шығу тегін сертификаттауға қатысты кез келген басқа практикаларды қолдану кезінде пайдаланылатын шығу тегі қағидалары туралы нотификациялауға арналған шаблонды бекітуге бағытталған шығу тегінің преференциалдық емес қағидаларының транспаренттілігін арттыру жөніндегі бірлескен ұсынысты тағы да талқылады.

Комитет төрағасы мүшелердің жоғарыда аталған ұсыныс бойынша ортақ түсіністікке алып келетін күннің алыс емес екенін атап өтті және үш жылға жуық Комитеттің күн тәртібінде тұрған бастаманы келісу мақсатында консультациялардың тағы бір раундын өткізуді ұсынды.

Шығу ережелері жөніндегі комитеттің келесі отырысы 14 қазанда өтеді.

Медициналық технологиялар мен вакциналарды соңғы межелі жерге жеткізу мәселелері жөніндегі вебинар

2021 жылғы 26 мамырда сарапшылар тобы медициналық технологиялар мен вакциналардың соңғы межелі жерге сәтті жеткізілуін анықтайтын факторларды зерттейді. Вебинар зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімнің (ТРИПС келісімі) 25 жылдығына арналған іс-шаралар сериясының бөлігі болып табылады.

Вебинар мынадай кең ауқымды мәселелерге арналады: пандемия кезіндегі денсаулыққа байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саудасы; ДСҰ мүшелері қабылдайтын шаралар және ДСҰ органдарындағы жұмыс; проблемалар мен ықтимал шешімдерді қоса алғанда, жедел жеткізу тәжірибесі; саланың өнімді түпкілікті межелі жерге сәтті жеткізу жөніндегі перспективалары.

Вебинар «COVID-19 пандемиясына ерекше назар аударатын виртуалды сауда және денсаулық сақтау курсының» ажырамас бөлігі болып табылады және көпшілік үшін ашық. Ол 2021 жылдың 26 мамырында сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін (CET) өтеді.

Вебинарға мына сілтеме бойынша тіркелуге болады:

https://worldtradeorganization.zoom.us/webinar/register/WN_8Pg9L1lZTL6VMJM4pOYViw

2020 жылғы 24 қарашада ТРИПС келісімінің 25 жылдығына орай ДСҰ Хатшылығы естелік іс-шараны ұйымдастырды, содан кейін 2021 жылы жалғасатын вебинарлар сериясы өтті. Олар мүдделі тараптарға зияткерлік меншікті қорғау және сақтау туралы неғұрлым жан-жақты ауқымды шарттың өткені, бүгіні және болашағы туралы ойлауға мүмкіндік берді.

ТРИПС келісімінің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың толық сериясын мына жерден табуға болады:

https://www.wto.org/english/tratop_e/trips_e/trips_at25_e.htm


Пікір қалдыру