Халықаралық сауда орталығының сарапшысы Қазақстанға келді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Халықаралық сауда орталығының сарапшысы Қазақстанға келді

2021 жылғы 21-23 шілдеде Ready4Trade Central Asia жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының (ХСО) өкілі Пьер Бонтононың мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірқатар кездесулері өтті.

Ready4Trade Central Asia – Орталық Азияның бес елінде (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан) халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесуге арналған 4 жылдық жоба. Жоба Еуропалық Одақпен қаржыландырылады.

Қазақстандағы ХСО-ның негізгі серіктесі «QazTrade» АҚ болып табылады.

ХТО миссиясы барысында «QazTrade» АҚ, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК, «KazATO» ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы және «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік қызметкерлері одағының өкілдерімен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында ОА-дағы сауда рәсімдерін одан әрі жеңілдету, шекаралардағы кезектерді қысқарту, сәйкестік сертификаттарын тану үшін қажетті қадамдар бойынша талқылаулар жүргізілді. ХСО осы салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша ұсыныстар ұсынды. ХСО тарапынан техникалық қолдау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Өңірлік саудаға тартылған қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі жеке көтерілді. Тараптар сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.

R4TCA жобасы ОА елдерінің шекараларында саудадағы талаптардың ашықтығын жақсартуға, процедуралық кедергілерді жоюға және трансшекаралық электрондық коммерцияны дамытуға мүмкіндік береді деп күтілуде.