ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫНА COVID-19 ӘСЕР ЕТУІ
АҚШ
2020 жылғы 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін компаниялардың жабылуына байланысты 10 млн. астам американдық жұмыстарынан айырылды. 5 сәуірге жұмыссыздық көрсеткіші 3,5%-тен 4,4% дейін өсті.
2020 жылғы 1 наурыздан бастап Құрама Штаттарында 1,5 млн. жұмыс орны қысқарды және шамамен 800 мың шағын фирма жабылды. Негізінде қысқару туризм, шағын қонақ үй бизнесі, ойын-сауық қызметтері саласын қозғады.
Испания
Covid-19 сауда саласына теріс әсер етті. Бөлшек сауданың НКИ ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап мамыр айына дейін айтарлықтай қысқарды. Бірақ сонымен қатар Covid-19 онлайн-бөлшек сауданы дамыту үшін катализатор ретінде болды, онлайн-сатылымдардың проценті артты.
Ұлыбритания
Ұлыбританияның Шағын бизнес федерациясының ақпаратына сәйкес, коронавирус пандемиясы салдарынан шағын кәсіпорындардың жартысынан көбісі (53,9%) 2020 жылғы бірінші тоқсанда пайданың азаюы туралы хабарлады, бұл ретте компаниялардың 84,1% келесі тоқсанда сатылымдардың одан әрі азаюын күтеді, кәсіпкерлердің 31% штатты қысқартуды жоспарлайды. 2020 жылғы бірінші тоқсанда өнер, ойын-сауық және демалыс, сондай-ақ орналастыру мен тамақтану бойынша қызметтер ең көп зардап шеккен салалар болып табылады, мұнда бизнесті мәжбүрлі жабу және әлеуметтік дистанциялау көз жетерлік келешекте кірістерге кедергі келтіреді.
Ресей
2020 жылғы бес ай ішінде федералдық бюджет 2019 жылғы ұқсас кезең ішінде 1283,3 млрд. рубль мөлшеріндегі профицитпен салыстырғанда, 406,6 млрд. рубль тапшылықты көрсетті.
2020 жылғы мамырда жұмыссыздық деңгейі бір жыл бұрынғы4,5%-пен салыстырғанда 6,1%-ке артты. Бұл өсім жұмыссыздық санының шамамен 1,1 млн. адамға көбеюіне сәйкес келеді.
Сәуірде және мамырда Ресейдегі бөлшек сауда айналымы түсіп, сәйкесінше, өткен жылдың ұқсас кезеңіне 23,4% және 19,2% құрады.
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ
2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңі ішінде ел экономикасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1% төмендеді. Экономиканың ең көп зардап шеккен салалары: сауда (НКИ – 89,4%), сондай-ақ көлік және қаттап сақтау (85,4%).
Болат саудасы көлемдері төмендеуінің негізгі факторлары:
- бүкіл ел бойынша карантинді шараларды жүргізу және сауда объектілерінің, қоғамдық тамақтану объектілерінің және т.б. қызметін шектеу
- ұлттық валютаның халықтың сатып алу қабілетін төмендеткен девальвациясы
Көлік және қаттап сақтау саласының жаппай шығарылымы төмендеуінің негізгі факторлары:
- қалааралық автобус тасымладарын тоқтата тұру;
- қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу/шектеу;
- жолаушылар авиатасымалдарына тыйым салу/шектеу
Салалар бойынша НКИ, өткен жылдың тиісті кезеңіне % | ||||||
2020 ж. қаңтар | 2020 ж. қаңтар-ақпан | 2020 ж. қаңтар-наурыз | 2020 ж. қаңтар-сәуір | 2020 ж. қаңтар-мамыр | 2020 ж. қаңтар-маусым | |
Өнеркәсіп | 104,1 | 105,8 | 105,8 | 105,9 | 104,8 | 103,1 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 102,6 | 102,2 | 102,5 | 102,2 | 102,2 | 102,4 |
Құрылыс | 112,5 | 111,9 | 111,7 | 105,5 | 105,9 | 111,2 |
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу | 105,2 | 103,6 | 101,0 | 91,1 | 87,7 | 89,4 |
Көлік және қаттап сақтау | 103,6 | 100,5 | 98,7 | 89,0 | 85,9 | 85,4 |
Ақпарат және байланыс | 109,8 | 110,7 | 110,5 | 109,6 | 109,2 | 109,0 |
ҚР экономикасының НКИ* | 104,4 | 104,9 | 104,3 | 101,2 | 99,5 | 99,0 |
*- қысқа мерзімді экономикалық индикатор (базалық салалар бойынша индекстерді өзгертуге негізделеді: ЖІӨ-ден 60%-тен астам құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс. Көрсеткіш бақыланбайтын экономикаға қосымша санаусыз және басқа макроэкономикалық түзетулерлі қолданусыз қалыптастырылады).
2020 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМ ІШІНДЕ САУДА НКИ ДИНАМИКАСЫ
Жылдың басынан бастап маусым айына дейін таралуы Қытайда басталған және нәтижесінде Қазақстанның сауда саласына әсер еткен коронавирустық инфекцияның таралуы салдарынан сауданың НКИ теріс динамикасы байқалады. Сауда НКИ-ның максималды төмендеуі 2020 жылғы сәуір айында тіркелген.
Бұл ретте мамыр мен маусымда карантинді шектеулердің жеңілдетуіне сәйкес, сауданың бірте-бірте қалпына келуі байқалады. Көптеген кәсіпорындар жаңа шынайылыққа кезең-кезеңмен бейімделеді және де жұмыс істеудің жаңа әдістерін қолданады, бірінші кезекте электрондық сауда форматына ауысу, мейрамханалар үстелдерін далаға шығарып қызмет көрсету және т.б.
Бөлшек сауданың НКИ 18% азайды, ал көтерме сауданың НКИ 15,9%. 2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңі ішінде бөлшек сауданың НКИ барлық өңірлер бойынша теріс динамиканы көрсетті, өз кезегінде көтерме сауданың НКИ Қызылорда облысында оң динамиканы көрсетті.
БӨЛШЕК САУДАДА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ЕМЕС ТАУАРЛАР БОЙЫНША ҚЫСҚАРУ БАЙҚАЛАДЫ
2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңі ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда азық-түлік тауарларын сауда көлемінің 139,6 млрд. теңгеге немесе 8,7%-ке өсімі байқалады, ал сол арада азық-түліктік емес тауарлар саудасының көлемі 470,7 млрд. теңгеге төмендеді, ал бұл 14,1% құрады. Бұл бүкіл ел бойынша карантинді шараларды енгізумен және сауда объектілерінің қызметін шектеумен байланысты халықта азық-түлік тауарларға сұраныс көбейіп, сол кезде азық-түліктік емес тауарларды өткізетін дүкендердің көбісі жабылғанымен, осының азық түліктік емес тауарлар саудасы көлемдерінің айтарлықтай төмендеуіне әсер етуімен шартталды.
КӨТЕРМЕ САУДА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ЖӘНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ЕМЕС ТАУАРЛАР БОЙЫНША ТӨМЕНДЕУ КӨРСЕТТІ
Көтерме саудада азық-түлік тауарлар саудасы көлемінің 447,7 млрд. теңге немесе 18%-ке төмендеуі байқалады, ал сол арада азық-түліктік емес тауарлардың саудасы 106,7 млрд. теңгеге төмендеп, 1,3% құрады. Азық-түлік тауарлар саудасы көлемінің ең көп төмендеуі Алматы қаласында байқалады – 445,9 млрд. теңгеге.
ШАҒЫН БИЗНЕС ЕҢ КӨП ЗАРДАП ШЕКТІ, АЛ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДА САУДАНЫҢ ӨСІМІ БАЙҚАЛАДЫ
Кәсіпорындар арасында тауар айналымы үлесінің көп бөлігін құрайтын шағын кәсіпорындардың бөлшек саудадағы айналымы 394,6 млрд. теңгеге немесе 11,1%-ке төмендеді. Өз кезеңінде орта және ірі кәсіпорындардың айналымы сәйкесінше, 26,9 және 36,5 млрд. теңгеге өсті, ал бұл 6,4% және 3,8% құрады.
Кәсіпорындар арасында шағын кәсіпорындардың көтерме саудадағы айналымы 673,5 млрд. теңгеге немесе 7,7%-ке төмендеді. Ірі кәсіпорындардың айналымы 37,6 млрд. теңгеге төмендеп, 8,7% құрады. Өз кезеңінде орта кәсіпорындардың айналымы 156,7 млрд. теңгеге немесе 10,4%-ке өсті.
САУДА САЛАСЫНДАҒЫ ШОК САНЫНА ПАНДЕМИЯНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ
Жыл басынан сауда саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың 4,55%-ке өсімі байқалады, ал бұл барлық салалар бойынша орташа көрсеткішке сәйкес келеді. Алайда, жылдың басынан бастап дәл сауда саласында таратылған заңды тұлғалардың ең көп үлесі байқалады – 56%.
Жеке кәсіпкерлер коронавирустан айтарлықтай соққы алды. Жылдың басынан сауда саласында, сондай-ақ көлік және қаттап сақтау саласында жұмыс істейтін ЖК санының 2%-ке азаюы, ал басқа салаларда өсімі байқалады.
САУДА СЕКТОРЫНЫҢ ҚЫСҚАРУЫ ЖАППАЙ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ӘКЕП СОҚТЫРАДЫ, СЕБЕБІ САУДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА БАСТЫ ОРЫН АЛАДЫ
Сауда саласында жұмыспен қамту бойынша өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ке біршама өсім байқалады. Көрсеткіштердің тоқсандық деректерді көрсетуін, сондай-ақ жұмыс істейтін ЖК санының азаюын есепке алып, алдағы кезеңде сауда саласында жұмыспен қамтудың төмендеуі күтіледі.
Негізгі капиталға инвестициялар, млн тг. | |||
2019 ж. қаңтар-маусым | 2020 ж. қаңтар-маусым | Өзгеріс | |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 191 304 | 231 831 | 21% |
Өнеркәсіп | 3 397 075 | 3 143 199 | -7% |
Құрылыс | 52 855 | 27 663 | -48% |
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу | 117 401 | 61 065 | -48% |
Көлік және қаттап сақтау | 401 202 | 384 852 | -4% |
Ақпарат және байланыс | 31 097 | 39 494 | 27% |
2020 жылғы қаңтар-маусым ішінде 2019 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда сауда саласында инвестициялардың 56 336 млрд. теңгеге немесе 48%-ке, сондай-ақ құрылыста – 25 193 млн. теңгеге немесе 48%-ке ең көп төмендеуі байқалады.
2020 жылғы қаңтар-маусым ішінде 2019 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда саудаға инвестициялар НКИ-ның 75,8%.-ке төмендеуі байқалады. Қарағанды облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Шығыс-Қазақстан, Атырау және Қызылорда облысында инвестициялардың НКИ көбеюі байқалады.
«QAZTRADE» САУДА САЯСАТЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ-ның САУДА САЛАСЫНА COVID-19 ӘСЕР ЕТУІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМАСЫ
Коронавирус пандемиясының шағын және орта бизнеске әсер етуін бағалау үшін «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары (бұдан әрі – «QazTrade» ССДО» АҚ) ағымдағы жылғы 2 маусымнан 21 маусымға дейін кәсіпкерлердің сауалнамасын жүргізді (термесауалды жүргізуге арналған сауалнама 1-қосымшада келтірілген).
Термесауалға сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда базарларының, сауда үйлерінің, мейрамханалардың, дәмханалардың, үй маңындағы дүкендердің, гүл дүкендерінің, супермаркеттердің, минимаркеттердің, көтерме қоймалардың иелері қатысты. Бұл ретте респонденттер арасында 60,3% – жеке кәсіпкерлер, 36,5% – жауапкершілігі шектеулі серіктестер.
«Сіздің кәсіпорыныңыз ТЖ кезеңінде (2020 жылғы 16 наурыз-11 мамыр) жұмыс істеді ме?» деген сұраққа респонденттердің жартысы (50,8%) жұмыс істемеді деп, 38,1% – ішінара жұмыс істеді деп (50/50) және тек 11,1% – толық көлемде жұмыс істеді деген жауап берді. Бұл ретте төтенше жағдай режимі тоқтатылған соң респонденттердің 54% толық көлемде қайта жұмыс істей бастады.
Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша әрбір үшінші кәсіпкер COVID-19 салдарынан жұмыскерлерді жұмыстан босату жоспарлары жайлы мәлімдеді (респонденттердің 33% «Сіз COVID-19 салдарынан жұмыскерлерді жұмыстан босатуды жоспарлайсыз ба?» деген сұраққа «ия» деп жауап берді).
САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛГЕН БАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДЕ КОРОНАДАҒДАРЫСПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР БАЙҚАЛАДЫ
Соңғы үш ай ішінде сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің 74,6%-нде айналымдар қысқарды және 65,1% – борыштар көбейді. Әрбір төртінші кәсіпкер қызметкерлердің еңбек ақысына арналған өз шығыстарын қысқартты (25,4%). Сауалнама жүргізілгендердің 69,8%-нде аталған кезең ішінде клиенттік базасы қысқарды (7-сурет). Бұл ретте респонденттердің 71,4% өз бизнесінің қаржылық жағдайын қазіргі таңда тұрақсыз деп бағалады.
Сауалнама жүргізілген кәсіпорындар арасында жартысына жуық (49,2%) мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға ниет білдірді, 14,3% – бизнесті жабуды жоспарлайды (8-сурет). Бұл ретте сауалнама жүргізілгендердің 16% компанияның қызметтің бұрынғы жүрісіне қайта оралу үшін, карантин алынған соң бір жылдан астам уақыт, 30,2% – карантин алынған соң 3-6 ай уақыт қажет етіледі деп мәлімдеді.
Сауалнама жүргізілгендердің 60% COVID-19 пандемиясы салдарынан Үкіметпен бизнесті қолдау үшін қолданылатын шаралар туралы бейхабар.
РЕСПОНДЕНТТЕР КӘСІПОРЫНДАР COVID-19 САЛДАРЫНАН ТАП БОЛҒАН НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ АРАСЫНДА МЫНАЛАРДЫ КӨРСЕТТІ:
- сатып алушылар санының азаюы;
- ағымдағы штатты сақтау және бизнесті жүргізу үшін қаржылық қаражаттың жетіспеушілігі;
- борыштардың көбеюі;
- тауарларды өңір боййынша және/немесе басқа өңірлерге жеткізу үшін тосқаулыдардың пайда болуы;
- сатып алынатын өнімнің қымбаттауы.
РЕСПОНДЕНТТЕР ҮКІМЕТКЕ САУДА САЛАЛАРЫН ҚОЛДАУ ҮШІН ҚОЛДАНУҒА ҚАЖЕТТІ НЕГІЗГІ ШАРАЛАР РЕТІНДЕ МЫНАЛАРДЫ КӨРСЕТТІ:
- атаулы қаржылық көмек;
- шағын кәсіпорындарға арналған гранттарды және төмен проценттік мөлшерлемелермен несиелерді ұсыну;
- отандық өндірушілер үшін сауда-ойын-сауық орталықтарында жеңілдікті шарттар бойынша алаңдарды ұсыну (отандық жеңіл өнеркәсіпң өндірушілері кемінде 40% алаңдарды алуы тиіс);
- өнімді өткізудің қосымша арналары ретінде жәрмеңкелер өткізулерін активтендіру;
- отандық өндірушілердің мемлекеттік қолдауын күшейту;
- халықтың сатып алу қабілетін қалпына келтіру бойынша қосымша шараларды қолдану (халыққа бір жолғы төлемдерді, өтемақыларды жүзеге асыру);
- коммуналдық қызметтерді төмендету.
ШЕТ ЕЛДЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ МЫСАЛДАРЫ
Нью-Йорк, Флорида, Массачусетс және Сакраменто шағын бизнеске көмек үшін нөл процентпен қарыз ұсынады.
Нью-Йорк 5 адамнан кем шағын кәсіпорындарға қызметкерлерді сақтауға көмектесу үшін, екі ай бойы жалақыға 40% шығысты жабуға арналған грант ұсынады. Сан-Франциско жалақыны төлеу үшін 10 000 доллар ұсынады.
Ұлыбритания:
Шағын кәсіпорындар ағымдағы шығыстарды өтеу үшін, 3000 стерлингтер фунты мөлшерінде біржолғы грант алуы мүмкін.
10 000 бастап 25 000 стерлингтер фунты дейінгі мөлшерде біржолғы ақшалай гранттар сауда саласындағы бизнес үшін қолжетімді.
Оңтүстік Корея:
Жылдың бірінші жартысында жалға алушыларға табыс салығына 50 проценттік жеңілдікті, шағын және орта кәсіпорындарға арналған кредиттер бойынша 5,5 триллион вон кепілгерліктер және ұсақ саудагерлерге 3 триллион вон сомасына кредиттер бойынша 100 процент кепілдікті ұсыну жолымен, коммерциялық жалгерлік төлемнің азаюына жәрдемдесу.